Жексенбі, 24 Қараша 2024
Бір сауал 1417 2 пікір 13 Ақпан, 2024 сағат 17:57

Депутат пен блогердің айырмасы қандай?

Біздің кейінгі кездері жауынан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен неше түрлі блогерлер мен вайнерлердің хайп жинау үшін қандай жалған ақпарат таратындығына көзіміз әбден үйреніп кеткен.

Тіпті көңіл аударуды қойдық. Жарайды, маңдай терлетпей табыс табуға құныққан бұлардан не үміт, не қайыр? Алайда өзіміз «халық қалаулысы» деп айдар таққан, өздерін сол халық сайлады деп ұғынып, депутаттық төс бөлгіні жарқыратып тағып жүргендердің ішінен де осындайлар шыққанда не деріңді білмейді екенсің...

Мәселен, былтырғы жылдың аяғында аты-жөні дүйім жұртқа белгіздеу, оны тек аз ғана Қостанай халқы ғана білетін, осыған дейін ешкімге де танымал емес, аяқ астынан пайда болған «Республика» деген партиядан сайланған Айдарбек Қожаназаров деген Мәжіліс депутат сол Мәжілістің былтырғы жылдың аяғындағы жаллы отырысында: «Барлық деңгейдегі әкімдіктер, орталық мемлекеттік органдар жалған мәлімет беруді әбден үйреніп алды» деп, айды аспанға бір-ақ шығарды.

Сондағы айтқаны не дейсіздер ғой? Бұл кісі қазақтардың картопты аз жейтініне қатты қиналатын көрінеді. «Статистикаға қарасақ, әрбір қазақстандыққа, оның ішінде нәресте балаларды есепке алғанда, әр күн сайын жарты киллограм картоп тұтынып отырғанын білесіз бе? Ал бұл салыстырмалы түрде картоптың отаны Беларусь елінен бірнеше есе көп деген сөз», - дейді Ол.

Ал енді «Factcheck.kz» сайтының журналисі Думан Терлікбаев бұл сөздердің ешбір шындыққа жанаспайтындығын айтып, мүлдем жоққа шығарады. Олар депутаттың бұл деректі қайдан алғаны белгісіз екендігін айтып, өз деректерін келтіреді.

«Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сай, қазақстандықтар бір жылда жан басына шаққанда орта есеппен (2022 жылғы дерек) 44,975 кг картоп жейді. Демек, қарапайым математикамен есептесек, бір күнде әрбір қазақстандық 123 грамм картоп тұтынады.

2023 жылдың III тоқсанының көрсеткіші де осыған ұқсас - бір тоқсанда қазақстандықтар 11,320 кг картоп жеген. Бұл күніне - 130 грамм.

Беларусьтің Ұлттық статистикалық комитетінің дерегіне сай, 2022 жылы елде 57 кг картоп тұтынған, демек күніне - 156 грамм. Мұны қазақстандықтар «әр күн сайын жарты кг картоп тұтынады» деген мәлімдемемен тексерсек, әлбетте беларусьтердің көрсеткіші бірнеше есе аз болып шығады. Алайда, шындығында, 2022 жылғы көрсеткішке сәйкес, Қазақстан халқы картопты 30 граммдай ғана аз жеген», - дейді Олар.

Депутатымыз мұнымен де тынбайды. «Cтатистикаға бекер сүйеніп отырған жоқпын, ашығын айтсақ, біздің еліміз картопты 2 есе аз өндіреді», - дейді Депутат.

Енді мұнысы да шылғи өтірік. Енді сайт журналисінің сөзіне жүгінелік.

«Қазақстанның статистика бюросының және Беларусьтің статистика комитетінің деректерін салыстырсақ: 2022 жылы Қазақстанда 4 080,5 мың тонна картоп жиналса, сол жылы Беларусьте 3 857,3 мың тонна картоп жинаған. Яғни, еліміз Беларусь мемлекетімен салыстырғанда әлдеқайда көбірек картоп өндірген», - дейді.

Жә, сонымен не түсіндік? Дап-дардай депутаттың аты-жөні белгісіз, аса күмәнді статистикаға жүгініп, бүкіл халық алдында ешбір тексерусіз жалған мәліметтерді таратқанда нені көксегені? Шындығында өзі Қостанайдағы аса ірі «Аго-Олжа» деп аталатын ауыл шаруалышылық серіктестігінн басқарған, осы саланың маманы дейтін  адамның бұлай сөйлеуіне жөн болсын? Мұнысы сонда жұртшылыққа жақсы атты көрінем деп, халықты алдауы ма? Депутаттың негізгі мақсаты жатпай-тұрмай, маңдай терлетіп, халыққа аса қажетті заң шығару емес пе? Ал жалған бедел жинау қандай абырой әпермек? Сонда депутат пен блогердің айырмашылығы қандай?

Жайберген Болатов

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5628