Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
2251 2 пікір 16 Ақпан, 2024 сағат 15:47

ҰБТ деректерін көшіргендер сотталды

Сурет: ҰҚК

Ұлттық бірыңғай тестілеудің заңмен қорғалатын ақпаратын көшіріп алған адамдарға үкім шықты. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі жария етті, деп хабарлайды Abai.kz.

«С», «Ж» және «Н» есімді азаматтар 2023 жылы ғылым және жоғары білім министрлігінің үлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізіп, көшіріп алған. Олардың ұлттық бірыңғай тестілеудің, педагогтар мен магистранттардың білімін бағалаудың өткізілуіне қол сұққаны дәлелденген.

Айыпталушылар қылмыстық кодекстің 205-бабы 2-бөлімімен және 208-бабы 2-бөлігімен қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылған. «С», «Ж» және «Н» қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты мен Өскемен қаласы № 2 сотының үкімдері заңды күшіне енген.

– Олардың әрбіреуіне 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы белгіленді, сондай-ақ ақпараттық технология және телекоммуникация желілері саласында лауазымды қызметке тұру құқықтарынан 3 жыл мерзімге айырылды, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1331
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2905
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 987
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 917