Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2425 0 пікір 20 Қараша, 2013 сағат 04:43

Жарасбай Сүлейменов. Осы бізде намыс бар ма?

Бір нәрсеге миым жетпей-ақ қойды. Еліміздегі баз біреулер Григорий күнтізбесі бойынша жаңа жыл туысымен келесі жаңа жылды (Наурызды емес) тағатсыздана күтетін сияқты. Бұл ретте, әсіресе, Астана алдына ешкімді салар емес. Өткен жылы желтоқсан туар-тумаста жаңа жыл қарбаласына кірісіп кетсе, биыл Еуропаңды да, Америкаңды да, тағы кімің бар, бәрін артқа тастап, қарашаның бел ортасында, қар қылауламай жатып, жасыл шырша тіге бастады. Қазір қаланың қай бұрышына барсаң да абыр-сабыр, әлем-жәлем. Жұрт бір нәрседен құр қалатындай жанталасып жатыр. Япырмау, бұл не? Біздегілер уақытты ауыстырып алғаннан сау ма өзі?! Әлде жаңа жылға дайындықты екі ай бұрын бастау біржола салтымызға сіңіп, дәстүрімізге еніп кеткені ме?
Жарайды, ол күн жыл санаудағы айтулы белес-ақ болсын. Бірақ сол үшін басқа жұмыстың бәрін сырып тастап, жұрттың алдына түсіп далбалақтаудың не қажеті бар? Алда шын мәнінде ұлық мерекеміз, ұлы мерекеміз – Тәуелсіздік күні келе жатыр. Неге қасиетті мерекеміз даңғаза шаралардың көлеңкесінде қалып, ұлттық құндылықтарымыз тапталып, асыл дәстүрлеріміз аяқасты бола береді?! Алдымен сол тойды өз дәрежесінде өткізуді ойласақ, сосын да уақыт жетіп жатыр ғой. Әлде, бізге Тәуелсіздіктен жаңа жыл қымбат па? Осыдан біраз жыл бұрын Парламентте жүргенде Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, мәселені дәл осылай төтесінен қойған едік. Бірақ құлақтарына ілгендері байқалмайды.

Мерекені ұйымдастыруға жауапты адамдар неге жүрісінен жаңыла береді? Сонда бұл не, ауру қалса да әдет қалмайдының кері ме? Түсінбеймін. Жаңа жылға жабысып қалатындай не көрінді бізге?! Ұят қайда?! Намыс қайда?! Қашанғы жұртқа мазақ бола береміз?!.
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407