Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2399 0 пікір 20 Қараша, 2013 сағат 05:07

Еркектер жайлаған елдегі реформа

Күншығыстағы көршіміз тағы бір дүбірлі реформаны бастап кетті. Бұл туралы Қытай коммунистік партиясының 18-кезекті орталық комитетінің 3-жалпы мәжілісінде айтылды. 9-12 қараша аралығында өткен жиналыс халықтың сөніп бара жатан үмітін желпігендей болды.
Соңғы жылдардан бері қытай халқының билікке қатысты наразылығы күшейіп кеткен. Онсызда басшылықты жайлаған жемқорлық пен ождансыздық мемлекеттің басына қара бұлт үйргенін біреу білсе, біреу білмейді.
Экономикалық қысым, саяси қысым, соғыстан қорқу мен ымырашылдық, рухани тоқырау – бұлар қытайды иектеген жаулар.
Бұл туралы АҚШ-тың мемлекет хатшысы Хилари Клинтон жақында Гарвард университетінде оқыған дәрісінде, Қытай болашағы жөнінен болжам жасап, 20 жылдан кейін Қытай дүниедегі ең кедей мемлекетке айналады деген кесім жасап, оған жоғарыдағы бірнеше дәлелдерді қоса келтірген болатын.

«Қытай қоғамының моральдік тоқырауы –ұлтық қауіпсіздікке төнген қауіп»


Күншығыстағы көршіміз тағы бір дүбірлі реформаны бастап кетті. Бұл туралы Қытай коммунистік партиясының 18-кезекті орталық комитетінің 3-жалпы мәжілісінде айтылды. 9-12 қараша аралығында өткен жиналыс халықтың сөніп бара жатан үмітін желпігендей болды.
Соңғы жылдардан бері қытай халқының билікке қатысты наразылығы күшейіп кеткен. Онсызда басшылықты жайлаған жемқорлық пен ождансыздық мемлекеттің басына қара бұлт үйргенін біреу білсе, біреу білмейді.
Экономикалық қысым, саяси қысым, соғыстан қорқу мен ымырашылдық, рухани тоқырау – бұлар қытайды иектеген жаулар.
Бұл туралы АҚШ-тың мемлекет хатшысы Хилари Клинтон жақында Гарвард университетінде оқыған дәрісінде, Қытай болашағы жөнінен болжам жасап, 20 жылдан кейін Қытай дүниедегі ең кедей мемлекетке айналады деген кесім жасап, оған жоғарыдағы бірнеше дәлелдерді қоса келтірген болатын.

«Қытай қоғамының моральдік тоқырауы –ұлтық қауіпсіздікке төнген қауіп»

Міне, бұл сөзді қытай зиялылары жиі айтып жүр. Қалай болмасын идеологияның шектен тыс әлсіреуі мен дінсіздік елді рухани сенім жағынан тығырыққа алып келді. Адами қорқыныштан гөрі пайда мен мүддені көздеген материалдық қорқыныш қоғам ауыруына айналды. Байлық үшін ештеңені де аямайтын жаңа ұрпақ жанталаса еңбектенді. Экологияны бұзды, ұлттық сананы сансыратты. Жылына 2 миллионнан астам сәбидің жоғалып, миллиондаған адамның басыбайлы құлға айналғанын көре тұра үкіметтің амалы таусылған. Қоғамдық қауіпсіздікке салған ақшаны қанша көбейтседе, рухани тіректен айырылып, әтейстік бағыттқа бет алған қытай қоғамы түрлі сұмдықтардың куәгеріне айналды. Мысалы тышқанның етін қой еті етіп, шошқа етін сыир еті етіп сатқан алыпауыт компаниялар пайда болды. Қоғам үшін атақ пен байлық басты құндылыққа айналды. Бұл әрине, іргесі сөгілген идеологияның көрнісі. Сонымен байлығы мен билігі бар қытайлар болашақтарын шет елдерден іздей бастады. Рухани тірегінен айырылған елдің болашағы қашанда бұлыңғыр.

«Қытай билігі шірктесуідің шыңына шығып барады»

Мүмкін сіз, бұған келісе бермессіз. Деседе бұл шындыққа айналды. Халық санының көптігі мен бәсекенің көптігі қытай қоғамында ақша мен атақты мұрат тұтатын топ қалыптастырды. Олар мемлекет билігі мен қоса байлығын шексіз түрде талан-таржыға салды. Тіпті тапқан ақашаларын да шет ел банктеріне тығып, мемлекетті ауыр қаржылық шығынға ұшыратты. Міне, сол топтың кей өкілдері билік басында да отырғанын қытай сайттары жарыса жазды. Жапонмен арал таласында АҚШ тарапынан айтылған ескерту де қытайлардың зәресін ұшырғанын айта кеткен жөн. Себебі, АҚШ Ши Жинпиң мырзаның миллиардтаған ақшасы бар екенін жайып салды, тіпті миллиондаған қытайлықтардың АҚШ, Канада қатарлы Батыс елдеріндегі шоттарын заңсыз санайтындарын да ескертіп, сес көрсетті. Егер қытай әлде бір елге шапқыншылық жасауға ниеттенсе, АҚШ бастаған Батыс елдері шет елдегі қытай азаматтарының қаржыларын «құлыптау» арқылы да соққы бере алатынын көруге болады. Міне, бұл қаржылық монополия мен билікті монополиялаған топтың ең жанды жері болатын.
Қытайдың тағы бір жанды жері ретінде АҚШ пен Батыс елдеріндегі құнды қағаздар нарығындағы қытай салымдары болмақ. Қазақстанның да құнды қағаздар нарығының қақпанына түскенін ескерсек, қытай тіптен алдыңғы шепте жүр. Ал мұның қытайға жау көзбен қарайтындар үшін пайдалы қару бола алатынын түсіну қиын емес.
Соңғы 4 жылда қытайдың экономикада ішкі жалпы өнімнің жылдық өсімі 7-8 пайызға дейін төмендегенін де айта кеткен жөн. Әрине, қытай экономикасы қуатты, деседе сол қуатты сақтап қалуда оңайға түспейтіні белгілі болды.

Бір елде екі түрлі арман

Бай қытайлар үшін «қытай арманы» - шет елге қоныс аудару. Қытайлар үшін жалғыз баласын қорқынышты қоғамнан құтқарудың жалғыз жолы – шет елге қоныс аудару. Адал тері мен арын қоса сатып тапқан ақшасын суша сапырған қытайлардың шет елге көптеп қоныс аударуының бір себебі осы болса, енді бір себебі алда басталған реформа кезеңінде қытай байларының байлықтарын шет елге асыруына мемлекеттің шектеме қоюынан қорқуы болса керек. Бай қытайлар үшін шет елдік әйелдерге үйленіп, сол елде қалу – ұлы арман. Олар үшін жезөкше қыз болсада бәрібір. Тек болашақта бала туып беріп, ұрпағына жақсы жол қалдыра алса жетіп жатыр. Ал, сол қытайлар Қазақстанда да толып жүр. Енді олардың қорқынышты қытай қоғамына барып өмір сүргісі келмейтіні тәңірге аян.
ҚХР басшысы дәріптеп отырған «Қытай арманыны» - бейбіт орта, құдіретті мемлекет, бақытты халық, өркениетті қоғам орнату». Әрине, бұл кедей қытайлардың арманы болса керек. Қытайдың бұл арманы қиял ма әлде шындық па? Оны алда көре жатармыз. Деседе ішіне жарылған іріңді тазалап, іргесін бекемдемесе бәрімізге қиын болары хақ. Осы себепті қытайлар реформаны алдымен құрылымдық жақтан бастады.

Қытай компартиясының ысқырығы қатты шығып жатыр

Жуырда біздің Қазақстанның телеарналары қытай туралы ең маңызды жаңалық ретінде «жоспарлы туыт» саясатына өзгеріс енгізіп, 1 баладан 2 балаға көбейткенін жарыса хабарлады. Осылайша «ұлды ұрпақ» санаған қытайларға қызды да тууға кеңес берілді. Бұл бір жағынан қарттануға бет алған қытайлар мен еркектер жайлаған елге қарата жасалған жұмсарту саясаты болмақ.
Қытай реформасы ең алдымен Ши Жинпиң мырзаға тіке қарайтын ұлттық қауіпсіздік комитеті мен үкіметке тіке бағынатын реформаны қадағалау комиисиясын құрудан бастады. Мемлекеттік басқару саласындағы құрылымдық реформада аудан, аймақ, обылыстарды басқаруды оңтайландыру негізге алынып, аудан провинцияға қарап, сот, прокуратура қатарлы құқықтық органдар орталыққа тіке бағынатын болды.
Мемлекетте алдағы жылдары болуы мүмкін қаржы тапшылығының алдын алу үшін бюджетті үнемдеудің жолын қарастыратын механизімдер реформаға енгізіліпті. Онда мемлекеттік қазыналық орындар мен мекемелерге қарата оңтайландыру реформасын бастады. Мысалы, ауданның құзіреттілігі көтеріліп, аймақ пен обылыстардың бір қатар құқықтары шектелмек. Ұлттық компаниялардың қызметіне салынтанымемлекеттік салық 5 пайыздан 2020 жылға қарай 20 пайызға көтерілмек. Әскери сала да қысқартылуда. Әр дәрежелі мамандардың саны мен орны тұрақтандырылып, саны мен санаты негізінде тағайындаулар жүріп жатыр.
Реформаның ең маңызды жаңалығы ретінде ақшаның құнын нарықтық құнмен белгілеуге мүмкіндік беретін механизімдерді қалыптастыруға алғы шарт жасағанын айта кеткен жөн. Атап айтқанда мұнай, телекоммуникаця, су саласының бағаларына мемлекет араласпайды, нарықтық құнмен бекітіледі. Мемлекеттің меншік түзіміне өзгеріс енгізіп, жеке меншіктің заңдық құқын алғашқы рет көтерді. Сонымен жеке банктер мен ақша ұйымдарын құруға рухсат берді әрі ұлттық компаниялармен бәсекелес болатын жеке меншік компаниялардың дамуына қарата құқықтық реформаны жолға қоятын болып келісті. Тұрақты мүліктерге байланысты жеке меншік құқын беру арқылы да кәсіпкерлікті дамытуға, инвестиция тартуға мүмкіндік туды.
Ал халық бұқарасының көкейінде жүрген жемқорлыққа қарсы шара ретінде үкімет қызыметкерлерінің көлеңкелі бизнеспен айналысуына мүмкіндік бермейтін бір қатар шектемелер қойды. Бұл жағынан стилдік заң-ережелер жасап, бектті.

Қалай болмасын көршіміздің дүбірлі реформасы басталды. Алдында 1.5 миллиард адамы бар компартияның ысқырығы соңғы кездері қатты шығып жатыр.
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377