Жұма, 22 Қараша 2024
Аласапыран 1622 3 пікір 14 Наурыз, 2024 сағат 16:20

Армения ЕО-ға бет бұрды. Мәскеу бұлқан-талқан...

Кеше Еуропарламент Арменияға ЕО-ға кандидат болу статусына қатысты қарарды қарастырды. Бұл Арменияға алдағы уақытта ЕО-ға кіруге кандидат статусын беруге мүмкіндік ашатын алғашқы қарар.

Қарарды 504 депутат қолдады, 4 депутат қарсылық білдіріп, 32 депутат қалыс қалған.  ЕО Арменияға экономикалық реформа жасауға көмектесетінін мәлімдеді.

Арменияға қатысты қабылданған қарарға Ресейдің БҰҰ-дағы өкілдері бұлқан-талқан болуда.

«Тек Украина ғана емес, Армения, Молдова, тіпті, Африканы қоса алғанда басқа елдер де Еуропалық одақ барлық жерде қолданатын «антиресейлік геосаяси оптика» үшін жүздеген мың адамның өмірін құрбан етеді». Бұл  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Ресейдің ұйым жанындағы тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Дмитрий Полянскийдің айтқан сөзі.

Бұл Ресейдің түрлі лауазымды шенділерінің «антиресейлік саясат» үшін ашық геноцидпен қорқытып отырған алғашқы сөзі емес.

«ЕО өзін бітімгерші және делдал ретінде таныстыруға барынша тырысады. Тіпті Украинаға қатысты да осы риториканы ұстануға тырысуда. Ал шындап келгенде ЕО Украинадағы қақтығысты тоқтатқысы келе ме?» - дейді Полянский.

Осыған байланысты Полянский бұл мәселемен «бастапқы дереккөзге», яғни, кеңес отырысына қатысып отырған ЕО дипломатиясының басшысы Жозеп Боррелге жүгінуді ұсынады.

Полянскийдің пікірінше, «Еуроодақ Украинадағы жанжалды реттеу үшін емес, ол арқылы Ресейге мейлінше көп зиян келтіру үшін, оның стратегиялық жеңілісіне қол жеткізу үшін жұмыс істеп отыр».

Айта кетейік, жақында Арменияның Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян «TRT World» телеарнасына берген сұхбатында өз елінің Еуроодаққа кіру мақсатын мәлімдеген болатын.

Армян дереккөздерінің деректері бойынша, премьер-министр Никол Пашинян өз командасына биылғы күзде ЕО-ға мүшелікке ресми өтінім беруге дайындалуды тапсырған.

Ресей өкілдері «Батысты өңірге тартқаны» үшін Арменияны бірнеше рет қорқытып: «Мәскеу орбитасынан шығу әрекеттері Арменияны картадан мемлекет ретінде алып тастаумен аяқталады», - деп ескерткен.

Атап айтқанда, Ресей Арменияның Әзербайжанмен шекарасын бақылау үшін Еуроодақтың азаматтық бақылау миссиясының елге келуін «өз мүдделеріне қатер» деп атады.

Мәскеу: «Батыс Ресейді Оңтүстік Кавказ аймағынан Армения арқылы ығыстырғысы келеді», - деп мәлімдейді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1442
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3203
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5194