Ұлттық және мемлекеттік мерекелер туралы өкім
Тәуелсіздік мерекесінің жыл сайын жаңа жылдың тасасында қалып келе жатқаны жайлы баспасөзде жазылып жатыр. Бұл әдет биыл да қайталанып отыр. Ал, билік тарапынан республика аумағында тойланатын мерекелердің қайсысы, қандай дәрежеде, қалай аталып өтуі керектігін егжей-тегжейлі көрсеткен арнайы өкім бар. «Қазақстан Республикасында ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелерге дайындық жүргізу мен өткізу жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы» деп аталатын өкімге осы жылдың қаңтар айында сол кездегі мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхамед қол қойып, күшіне енген.
Біз аталған өкімнің Тәуелсіздік мерекесіне қатысты тарауын жариялап отырмыз. Еліміздегі барша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар заң күші бар өкімді бұлжытпай орындауға міндетті екенін естеріне саламыз.
Abai.kz
Қазақстан Республикасында ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік
және өзге де мерекелерге дайындық жүргізу мен өткізу
жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасында ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелерге дайындық жүргізу мен өткізудің бірыңғай жүйесін құру мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелерге дайындық жүргізу мен өткізу жөніндегі ұсынымдар (бұдан әрі – Ұсынымдар) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру кезінде Ұсынымдарды басшылыққа алсын.
Тәуелсіздік мерекесінің жыл сайын жаңа жылдың тасасында қалып келе жатқаны жайлы баспасөзде жазылып жатыр. Бұл әдет биыл да қайталанып отыр. Ал, билік тарапынан республика аумағында тойланатын мерекелердің қайсысы, қандай дәрежеде, қалай аталып өтуі керектігін егжей-тегжейлі көрсеткен арнайы өкім бар. «Қазақстан Республикасында ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелерге дайындық жүргізу мен өткізу жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы» деп аталатын өкімге осы жылдың қаңтар айында сол кездегі мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхамед қол қойып, күшіне енген.
Біз аталған өкімнің Тәуелсіздік мерекесіне қатысты тарауын жариялап отырмыз. Еліміздегі барша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар заң күші бар өкімді бұлжытпай орындауға міндетті екенін естеріне саламыз.
Abai.kz
Қазақстан Республикасында ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік
және өзге де мерекелерге дайындық жүргізу мен өткізу
жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасында ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелерге дайындық жүргізу мен өткізудің бірыңғай жүйесін құру мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелерге дайындық жүргізу мен өткізу жөніндегі ұсынымдар (бұдан әрі – Ұсынымдар) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру кезінде Ұсынымдарды басшылыққа алсын.
3. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік хатшысы
М. Құл-Мұхаммед
Астана, Ақорда 2013 жылғы 15 қаңтар
№ 1
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік хатшысының
2013 жылғы 15 қаңтар
№ 1 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН
1.Ұлттық және мемлекеттік мерекелер
1.1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні
Әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттiк тәуелсiздiктi жариялауға байланысты ұлттық мерекелер барынша маңызды болып танылған. Бiздiң елiмiзде мұндай мереке 16-17 желтоқсанда атап өтiлетiн Тәуелсiздiк күні болып табылады.
Қазақстандықтар үшiн бұл күн ел тарихындағы мүлде жаңа дәуiрдiң басталуының нышаны. Қазақстан алғаш рет халықаралық қатынастардың толыққанды субъектiсiне айналды. Ел iшкi және сыртқы саясатын өзі айқындап, iске асырады. Мемлекет егемендiгi бiздiң барша жетiстiктерiмiздiң берiк негiзiне айналды.
Тәуелсіздік күніне дайындықты 1 желтоқсанда елде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аталып өтетінін ескере отырып жоспарлау керек.
Елді мекендердің сыртқы безендіруі мен көрнекі ақпарат құралдарын (билбордтар, баннерлер, кермелер) орналастыруды 1 қарашадан бастау ұсынылады.
Осы күннен бастап отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі – БАҚ) Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін кеңінен жария ету, белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, ғалымдар мен басқа да белгілі тұлғалардың сөз сөйлеулерін ұйымдастыру керек.
Мерекеге дайындық кезеңінде қоғамдық пікірді Тұңғыш Президенттің ел өміріндегі рөліне және Тәуелсіздік күнінің аса маңыздылығы төңірегіне топтастыру керек.
1-16 желтоқсан аралығында әрбір күн Қазақстанның жаңа тарихындағы маңызды деген оқиғаларға (Конституцияның қабылдануы, мемлекеттік рәміздердің, ұлттық валютаның бекітілуі, «Қазақстан-2050» стратегиясының қабылдануы және басқалары) арналуы мүмкін. Бұл күндері елдің тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және қоғамдық-саяси салаларда қол жеткізген негізгі жетістіктерін аша түсетін әртүрлі форматтағы іс-шараларды жоспарлау ұсынылады.
Мерекенің мақсаты - Қазақстанның жетiстiктерiн тиiмдi насихаттау және елдiң мүмкiндiктерiн көрсетуге бағытталған нақты іс-шаралар өткiзу негiзiнде қоғамның бiрлiгiн нығайту.
Міндеттер:
Қазақстанның тәуелсіз даму кезеңiндегi жетiстiктерiн кеңінен насихаттау;
мемлекеттің халықтың өмір сүруі үшiн қолайлы жағдай жасау мүмкiндiктерiн паш ету;
төзiмдiлiк, рухани бiрлiк пен келiсiм идеяларын насихаттау;
қазақстандықтардың қай этносқа және конфессияға жататынына қарамастан біртұтас егемен мемлекеттің тең құқылы азаматтары ретiндегi сәйкестендіру процесін тереңдету.
Мерекенің идеялық-көркемдiк мазмұны
Тәуелсіздік күнін мерекелеу шеңберінде келесі негізгі идеологемаларды пайдалану ұсынылады:
Еркіндік. Тәуелсіздік алудың арқасында ел, халық және әрбір азамат өз болашақтарын өз еріктерімен қалыптастырудың шынайы еркіндігіне ие болды.
Бірлік. Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ өз дамуының негізі етіп тең құқықтық, достық пен келісім негізінде қалыптасатын барша жұрттың бірлігін алға тартты. Осы жылдар бойы Қазақстан сол принциптерді нық ұстанып келеді.
Тұрақтылық. Қазақстан өзінің барлық жетістіктері үшін елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік өмірін сипаттайтын тұрақтылыққа борышты.
Өсіп-өркендеу. Қазақстан дамудың дұрыс таңдалған басымдықтарының арқасында барлық сынақтарға төтеп бере отырып, тұрақты даму мен халықтың әлеуметтік әл-ауқатының үздіксіз артуының жолына қадам басты.
Мерекелік іс-шараларға дайындық пен оларды ұйымдастыру кезінде мынадай принциптер мен идеологиялық басымдықтарды iске асыруды қамтамасыз еткен жөн:әлеуметтік-экономикалық және мәдени сипаттағы көпшiлiк акциялар мемлекеттің әртүрлі ұлттық жоспарлары мен бағдарламаларын iске асырудағы (тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және өнеркәсiптiк объектілердің пайдалануға берiлуi, экономиканың әртүрлі салаларында, отандық медицина, білім беру, ғылым, мәдениет, туризм және спорттағы жетістіктерінің көрмесі, республика және оның адамдары туралы жаңа фильмдердің, кітаптардың, әндердің және басқа да шығармалардың тұсау кесу рәсiмi) табыстарын көрсетуі қажет;жаппай халықтық шерулер ауыл тұрғындары мен халықтың әлеуметтік қорғаусыз топтарын қолдауға бағытталған қайырымдылық акцияларымен (мәдени орталықтардан шалғай жатқан елді мекендердің тұрғындарын қалалар мен аудан орталықтарында өтетін мерекелік іс-шараларға қатыстыру, әртүрлі деңгейдегі басшылардың балалар үйлері мен басқа да әлеуметтік нысандарға, көпбалалы және көмекке зәру отбасыларына баруы) қатар жүре алады.
Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру кезінде салтанатты жиналыстар өткiзудi, мемлекеттің дамуына үлес қосқан азаматтарды көтермелеудің әртүрлi нысандарын пайдалануды көздеген жөн.
Тәуелсiздiк күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін: Туын, Елтаңбасын және Гимнін насихаттауға ерекше көңіл бөліну қажет. Ресми іс-шаралар өткiзiлетiн ғимараттар Мемлекеттiк Тумен безендiрiледi.
Жаппай шерулер өтетiн жерлерде, саябақтар мен гүлбақтарда, қоғамдық ұйымдарда танымал отандық композиторлардың саздары, Қазақстанға, оның елордасына арналған әндер орындалуға тиіс.
Қазақстанның көрнекті адамдарын мәңгі есте қалдыратын, елдiң мәдениетiнiң бiрегейлiгi мен оның жетiстiктерiн көрсететін ескерткiштердiң, мемориалдық белгілер мен скульптуралардың ашылуын Тәуелсiздiк күні өткізген дұрыс.
Республикалық және жергiлiктi телеарналардан Қазақстан мен оның елордасына арналған фильмдерді кеңінен көрсету, отандық авторлардың көркем және деректi туындыларының ретроспективті көрсетiлiмiн беру ұсынылады.
Мерекені ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу
Қоғам жұртшылығының назарын барынша елдің басты мерекесіне аударту үшін мерекені ақпараттық қамтамасыз етуді 1 қарашадан бастау қажет. Ақпараттық жұмыс БАҚ-та Қазақстанның тәуелсiздiк үшiн күресiнiң тарихи жолын ел мемлекеттiлiгiнiң орнауы мен дамуының негiзгi кезеңдерін егжей-тегжейлі баяндалуын қамтиды.
Бұл ретте, 1 желтоқсанда елде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күні аталып өтетінін ақпараттық жұмыс барысында ескерген жөн. Материалдардың мазмұндық бөлігінде назар Мемлекет басшысының еліміздің қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөліне аударылуы керек. Бұл тұрғыда тарих, экономика, геосаясат мәселелері бойынша атақты халықаралық сарапшылардың әлеуетін пайдаланған орынды.
Тәуелсiздiк пен егемендік идеяларын насихаттау мақсатында халықты тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы iсiне елеулі үлес қосқан көрнекті тарихи қайраткерлердің өмiрi және қызметі туралы кең түрде ақпарат таратуды қамтамасыз ету маңызды.
Мереке күнi отандық және шетелдік БАҚ-та Қазақстанның тәуелсіз даму жылдарындағы жетiстiктерiн насихаттап, танымал саяси қайраткерлердің, ғалымдар мен басқа да белгiлi тұлғалардың сөз сөйлеуін ұйымдастыру қажет.
Республикалық БАҚ арқылы Мемлекет басшысының Тәуелсiздiк күніне арналған сөзін беру және баспасөзде жариялауды қамтамасыз ету маңызды.
Ақпараттық жұмыста БАҚ-та орналастырылатын материалдардың идеологиялық мазмұнына ерекше назар аудару қажет. Ол республика азаматтарының қазақстандық қоғамға тиесілігін, елде орын алып жатқан оң өзгерістерге қатыстылығын сезінуге бағытталуы тиіс.
Негiзгi назар болашаққа деген оптимистік көзқарасты қалыптастыруға аударылу қажет. Қазақстандықтардың басты мақтанышы - бейбiтшiлiк пен тұрақтылық.
Қазақстан тәуелсiздiк жылдары саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келiсiмдi сақтап қалғанына басты назар аударған жөн. Экономикалық жаңарулар жүргiзiлгенін, оларды бүгін бүкіл әлем мойындап отырғанын көрсету керек.
Президенттің елдiң алдына қойған: өз азаматтарының өмір сүру сапасының ең жоғары стандарттары бар неғұрлым дамыған елу мемлекеттің қатарына кіру жөнiндегi мақсатқа назар аудартқан жөн.
Ұйымдастыру ресурстары: материалдық-техникалық, ұйымдастыру сипатындағы барлық мемлекеттік және қоғамдық ресурстар. Бұл ретте мемлекеттік мерекені ұйымдастыруға қаралатын қаражаттың көлемі ұлттық мерекені өткізуге бөлінетін қаражаттан артық болмауы ұсынылады.