Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 1475 1 пікір 26 Наурыз, 2024 сағат 16:27

Мәжіліс спикері швейцариялық әріптесіне Қазақстандағы реформалар туралы айтып берді

Суретті түсірген  Ж.Жұмабеков

Швейцария Конфедерациясына ресми сапары аясында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Бернде Швейцария Федералды Жиналысы Ұлттық Кеңесінің төрағасы Эрик Нузбаумермен және Швейцария Конфедерациясының федералды кеңесшісі, Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассиспен кездесті.

Федералды жиналыстың Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесуде Ерлан Қошанов Эрик Нузбаумерге Швейцарияға ресми сапармен шақырғаны үшін алғыс айтты. Мәжіліс спикері Швейцария Қазақстанның Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық серіктесі екенін атап өтті.

Суретті түсірген  Ж.Жұмабеков

– Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швейцарияға 2021 жылғы қарашадағы алғашқы ресми сапары екіжақты қарым-қатынасымыздың жаңа тарауын ашты. 2021 жылғы тамызда Қазақстанға Швейцария Федералды Жиналысы Ұлттық Кеңесінің төрағасы ресми сапармен келді. Біздің бүгінгі сапарымыз екі ел арасындағы парламентаралық диалогты нығайтуға септігін тигізеді деп ойлаймыз, – деді Мәжіліс төрағасы.

Ерлан Қошанов өз әріптесіне Президент реформалары туралы айтып берді. Ол сондай-ақ VIII шақырылымдағы көп партиялы Мәжіліс жұмысы, оның ішінде қабылданған жаңа заңдар туралы мәлімет берді.

Мәжіліс спикері қазақстандық тараптың Швейцариямен құқықтық саладағы ынтымақтастықты дамытуға ниеті туралы айтты.

Суретті түсірген  Ж.Жұмабеков

Тараптар достық топтары, комитеттер мен партиялық фракциялар арасындағы өзара ықпалдастықты одан әрі дамыту жолдарын талқылады. Сондай-ақ, сауда-экономика, көлік-логистика, экология, білім беру мен ғылым салаларында серіктестікті қолдау мәселелеріне ерекше назар аударды.

Өз кезегінде Эрик Нузбаумер Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар парламентаралық байланыстарды тереңдетуге дайын екенін жеткізіп, достық топтарының жұмысын белсене жалғастыруға мүдделі екенін айтты.

Сондай-ақ Швейцария Федералды Жиналысы Ұлттық Кеңесінің төрағасы екі жақты ынтымақтастық мәселелерін одан әрі дамытуға депутаттардың атсалысатынына назар аударды.

Кездесу соңында Ерлан Қошанов швейцариялық швинген балуандарын («қазақ күресіне» ұқсас күрестің ұлттық түрі) Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға шақырды.

Суретті түсірген  Ж.Жұмабеков

Швейцария Конфедерациясының Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассиспен кездесуде Мәжіліс төрағасы Қазақстан мен Швейцарияның әріптестігі өзара құрмет, достық және сенім рухында, оның ішінде парламенттер бағыты бойынша нығаятынына сенім білдірді.

Тараптар елдер арасындағы экономикалық байланыстарды дамыту жайын да талқылады.

– Қазақстандық нарық – бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін тиімді бастапқы алаң. Біз Швейцариямен ерекше жетістікке жеткен салаларда тығыз ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз. Ол – энергетика, қазба байлықтарын қайта өңдеу, фармацевтика, машина және аспап жасау, туризм және қаржылық қызмет көрсету салалары. Қазақстан бизнес жүргізу үшін оңтайлы жағдаймен қамтамасыз етуге дайын, – деді Ерлан Қошанов.

Суретті түсірген  Ж.Жұмабеков

Мәжіліс спикері Швейцария тарапының халықаралық аренадағы Қазақстанның бастамаларын қолдауын жоғары бағалайтынын және БҰҰ алаңында кандидатураларды өзара қолдау бойынша ынтымақтасудың жоғары деңгейін атап өтті.

Тараптар Қазақстан азаматтары үшін Шенген аймағының визалық режимін жеңілдету және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы өзара түсіністік жөнінде меморандум жасасу мәселелері бойынша да пікір алмасты.

Суретті түсірген  Ж.Жұмабеков

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5604