Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2262 0 пікір 7 Қараша, 2013 сағат 05:19

Балалардың қабілетін ашатын орталық

Семейге сапары барысында ШҚО әкімі «Бақыт» жеке меншік балабақшасының салтанатты ашылуына қатысты. Облыс Әкімі шағын орталық құрылысының құрылтайшылары мен бүлдіршіндерді жаңа ғимараттың пайдалануға берілуімен құттықтап, қала әкімдігі тарапынан аталған нысанға мемлекеттік тапсырыс болатынын жеткізді. Сондай-ақ, мұндай мекемелерді салу өңірдің өзге де қалалары мен аудандарына үлгі болуы қажеттігін атап өтті.

Облыс Әкімі балабақша ғимаратын аралап көріп, бүлдіршіндер даярлаған шағын мерекелік кештің куәсі болды. Мектепке дейінгі сапалы білім мен тәрбие беруді мақсат еткен балабақшада қазақ тілі мен ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, дене-шынықтыру сынды оқу-тәрбие бағдарламалары бар.

Әубәкіровтер отбасы салған балабақшада 6 топ жұмыс істейді. 150 бала қамтылатын 6 топтың жартысында тәлім-тәрбие мемлекеттік тілде, жартысында орыс тілінде беріледі. Жаңа оқу жылында бүлдіршіндерге ерекше тарту болған балабақша ғимараты жас ерекшеліктері әртүрлі төрт топтағы балаларға арналған.

Мектепке дейінгі мекемеде 100 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бар. Бір балаға айына 8300 теңге төленеді. Жеке меншік нысанның жұмыс кестесі таңғы 7.45-тен кешкі 19.00-ге дейін құрылған. Мұнда бүлдіршіндерге дәрумені мол төрт уақыт тамақтану жүйесі жолға қойылған. Сондай-ақ, дәрігер-педиатр, диеталық медбике бала денсаулығын үнемі қадағалап отыруы мақсатында медициналық қызмет көрсетіледі. Балалармен логопед-психолог, би маманы, музыка жетекшісі жұмыс істейді.

– Біздің педагогикалық ұжымымыз 20 мұғаліммен, оның ішінде 11 жоғары білімді, 9 арнаулы орта білімді ұстаздармен қамтылған. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 3 пен 5 жас аралығындағы балалардың психологиялық және физиологиялық денсаулығын нығайтуды, жеке қабілеттерін дамытуды көздейміз, – деді балабақша директоры Тұрсынғайша Әубәкірова.

Сонымен қатар, аймақ басшысы семейлік баспасөз өкілдерімен дөңгелек үстел басында кездесіп, тілшілер тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрғысында ой бөлісті.
Қала жұртшылығы арасында «Тихий переулок» аталып кеткен шағын көшедегі №8 үйдің тұрғындарымен жүздесіп, 1951 жылы пайдалануға берілген екі қабатты үйдің жылу жүйесіне қатысты мәселелерін тыңдады. «Қазақстан – Салют» ЖШС кәсіпорны салып жатқан аниматроникс орталығының құрылысымен танысты. Сондай-ақ, балалар туберкулез ауруханасы мен көпсалалы аурухана құрылыстарын аралап көріп, «Шығыс Бройлер» ЖШС өндіріс базасында болды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413