Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4053 0 пікір 16 Сәуір, 2024 сағат 13:19

Табиғатты қорғау - адамзаттың борышы!

Сурет: osken-onir.kz

Табиғат – тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажет, жер бетіне көрік берген сәні. Халқымызда табиғат деген сөз жер, туған жер, атамекен ұғымдарымен қатар тұрады.

Әрбір азамат табиғат алдында өзін жауапты, барлық жануарды киелі санап, өзен, көл жағалауларын таза ұстап, бұлақ көрсе көзін ашып, жастайынан балаларының санасына сіңіріп, бойларын жақсылыққа үйреткен. Табиғат пен адам – біртұтас. Адамзат планетаның экологиясына назар аударуы керек. Көлік құралдары ауаны зиянды газдармен ластайды. Көптеген мұнай қалдықтары, су қоймаларына тасталуда. Бұл қалдықтар – өсімдіктер, жабайы аңдар, балықтар мен құстардың өліміне әкеліп жатыр. Бұның басты себепкері – адамдар. Экожүйені бұзу – өз үйімізді бұзғанмен бірдей. Қоршаған ортаға қамқорлық пен сүйісепншілік қажет. Сонда ғана, адам табиғатпен үйлесімді өмір сүре алады. Планетадағы тіршілікті қорғау үшін бүкіл адамзаттың бірігуі қажет. 1987 жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды.Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму мақсаттары» – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму. «Елімізде экология ұзақ уақыт бойы көзге көрінбейтін, қолға ұстауға келмей­тін абстрактілі, екінші дәрежелі мәселе ретінде қабылданып келді. Алайда ол ел тұрғындарының денсаулығына тікелей әсер етеді. Әлемдік деңгейдегі адамзат алдындағы ғаламдық өзекті мәселелердің бірі экологиялық проблема.

Соңғы уақытта экологиялық жағдай тез нашарлап, әлемнің болашағы үшін маңызды проблема болып табылады. Табиғи ресурстардың сарқылуы, қоршаған ортаның ластануы, жаһандық жылыну және мұздықтардың еруі сияқты экологиялық проблемалар әлем үшін үлкен қауіп төндіруде. Экологиялық ортаның нашарлауы көптеген табиғи оқиғаларды тудырады. Тусунамис, дауыл, дауыл, су тасқыны және тағы басқалар сияқты көптеген жағымсыз табиғи оқиғалар бүкіл әлемде көбейе бастады. Экология да осы жағдайды зерттеп, қандай шаралар қабылдау керектігін анықтайды. Барлық тіршілік иелері атмосфера мен мұхит түбінің арасында өмір сүретінін ескере отырып, экологиялық жүйені жақсы қорғау керек деп ойлай аламыз. Табиғат – тіршілік көзі. Табиғатты аялау, оған үнемі жанашырлық сезіммен қамқорлық жасап отыру ата-бабаларымыздың ұрпақтарына ұран етіп қалдырған аманаты екендігін ешқашан да естен шығармауға тиіспіз. Табиғат пен адам қатар ұғым демекші. Табиғатты қорғау жастар ол біздің міндетіміз.

Бискультанова Альбина,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы.

Б.Ж.Ахметжанов,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің магистранты. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419