Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
2510 0 пікір 19 Сәуір, 2024 сағат 18:17

eGov арқылы автокөліктен кепілді жылдам алып тастауға болады

Сурет: imghub.ru

Енді eGov электронды үкімет порталында автокөліктен кепілді тіркеу және алып тастау қызметі қолжетімді болады. Қазіргі уақытта жоба дайындалуда, деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

"Қазіргі таңда "Жылжымалы мүлікке кепілді тіркеу туралы" Заңның талаптарына сәйкес көлік құралдарындағы кепілдер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелерінде тіркеледі. Тиісті органдар берген құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бірыңғай ақпараттық жүйесіндегі деректер базасына шектеулер қосылады және алынып тасталады. Сондай-ақ, пилоттық жоба бойынша кейбір екінші деңгейлі банктер кепілді электронды түрде тіркеп, алып тастайды", – деп жазылған сауалға жауапта.

Бүгінгі таңда мүліктен кепілді алып тастаудың автоматтандырылған процесі тек төрт банкте жұмыс істейді: "Отбасы Банкі" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ және "Bank Freedom Finance Kazakhstan" АҚ. Тағы төрт екінші деңгейлі банктермен сынақ жұмыстары жүргізілуде.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1011
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2552
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 705
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 675