Жұма, 22 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 4352 13 пікір 22 Сәуір, 2024 сағат 18:03

Ресейлік керауыз Михаил Хазин қазақты қазақ билігіне айдап салып отыр...

Коллаж: Abai.kz

«Ірігеннің аузынан шіріген сөз шығады» дегеннің керін ресейлік экономист және публицист Михаил Хазин «Говорит Москва» радиостанциясының эфирінде Қазақстанның тағдырына қатысты айтқан болжамымен келтірді болды десек артық айтпаймыз.

Кереуыз неме Қазақ республикасының ыдырауына бастап апаратын әйтеуір бір себеп бар екеніне нық сенімді.

«Говорит Москва» радиостанциясының эфирінде сөйлеген сөзінде Хазин Қазақстанда көбінесе «тілдік патрульдер» деп аталатын жергілікті ұлтшылдар ықпал ететін этносаралық қақтығыстар проблемасының пісіп-жетілгеніне назар аударып: «Әлгі атаңанәлеттер түрлі дәмханаларға барып, қызметкерлердің қазақ тілін білуін тексеріп, жұрттың зықысын шығарды», - деп бір көсіліп алды.

«Олар «тіл білмейсің» деп кез келген орыс тілді адамды жағадан алады», - деп көсемсіді. «Диас Кузаиров деген пәлекет тіл білмегендерді ұялы телефонға түсіріп, ойына келгенді істейді екен, нағыз руcофоб болып табылатын басқа ұлтшылдар да оңып тұрған жоқ. Олар Ресей тарапы еш әрекет қылмағандықтан Исаның қазақ екенін, ал «аштықты» орыстар халықтан құтылу үшін ойлап тапқан деп бәрін сендіретін дәреже жете алды», - деп көкиді.

Хазиннің пікірінше, Қазақстан билігі мұндай кейіпкерлерге келгенде үнін еш шығармайды-мыс. Алайда Қазақстанда әркімнің орыс тілінде сөйлеуге құқығы бар, себебі оның ресми мәртебесі бар.

Экономист сондай-ақ, мемлекет қазақ тілін қалағанша ілгерілете алады, бірақ бұл орыстарды қорлауымен ешқандай байланысты болмауы тиіс деп санайды.

Хазиннің сөзінше, Қазақстан Парламенті де орыс тіліне қауіп төндіреді екен. Мәжіліс депутаты Ринат Заитов өткен жылы өзі және оның әріптестерінің жартысы алдағы жылдары орыс тілін ресми мәртебесінен айыруға ниетті екенін мәлімдеген. Мәскеу үшін Қазақ билігіндегі ұлттық идеяның кең құлаш сермеуі – айтарлықтай алаңдаушылық туғызып отыр. Ал Қазақстанда Ресейден алшақтауға ықпал ету керек деп санайтын адамдар аз емес екен.

«Гитлерге іші бұратын, руcофоб Марал Жалелованың тірлігіне ешкім назар аудармайды. Ұлтаралық араздықты қоздырушылардың үстінен іс сирек қозғалады», - дейді Ресей білгіші.

Хазиннің айтуынша, Қазақстан осал, себебі онда «түрлі элиталық топтардың арасында үлкен ішкі шиеленіс бар». Оның пікірінше, бұл 2022 жылғы қаңтардағы қанды оқиғаларға себеп болды.

«Қазақ элитасындағы терең қайшылықтар ешқашан шешілмеген және жойылмаған. Егер елде кез-келген күрт саяси өзгерістер орын алса, бұл әртүрлі топтардың жиналып, қалған ашуының сыртқа шығуына, қарсыласуына әкеліп соғады», - деді сарапшы.

Экономист еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы тарихындағы оқиғалар туралы айта келе: «Мектеп қабырғасынан бастап балаларды «Ресейді отаршыл» деп танытып, ашығын айтсақ, русофобиялық идеялар санасына сіңіріледі. Мұғалімдер де сау сиырдың боғы емес, олардың арасында да ұлтшылдар бар», - деп тіптен екіленіп алды.

«Қазақстан мектептеріндегі жаппай русофобиялық насихат отбасыда дау-дамайдың басталуына алып келеді. Екі жыл бұрын ҰҚШҰ әскерлері Қазақстанға кіргенде, отбасындағы аға-інілер, ақыр соңында «біздікілер келгенін» айтса, кішілері: «Қарғыс басқан басқыншылар, оларды жойып жіберу керек» деп айқайлады. Ал олардың арасындағы айырмашылық 15 жыл. Мұның бәрі елдің ыдырауымен, азаматтық соғыспен аяқталуы мүмкін», - деп сөйлейді.

Осылайша Ресей сарапшысы Михаил Хазин елді ыдырауға апаратын басты себеп русофобия деп есептейді. Сондай-ақ сыртқы күштер Қазақстанның Ресеймен ынтымақтастығының беделін түсіруге мүдделі-мыс. «Әсіресе, қысымымен Астана Ресейге кейбір тауарларды жеткізуді тоқтатқан АҚШ. Әрине, мұны достық қадам деп бағалауға болмайды».

Хазин Ресей үшін тағы бір қызықты нәрсені байқапты. «Кеңес заманында Қазақстанда орыстар инфрақұрылымды дамытумен белсенді айналысып, қалалар салып, ғылымға үлес қосқанда, қазақтар бұған риза болған. Ал енді орыстар олар үшін неге екені белгісіз жаман атты бола бастады. Бұл идеяны көбінесе халыққа соросшыл блогерлер жеткізеді», - дейді Ресейлік айтқыш.

Естеріңізге сала кетейік, КСРО ыдырағанға дейін Қазақстанда 6 млн орыс тұрды, бірақ жыл сайын олардың саны азайып келеді. Олардың көпшілігі Ресейге көшуді қалайды. Қазір республикада олардың саны шамамен 3 млн ғана қалды деген сарыуайымшыл путиншіл сұхбатсымағына нүкте қойыпты.

Хазиннің бізге де, өз еліне де құлаққағыс қылып айтпақ болғаны бір нәрсе: ол – жаңа жаһандық экономикалық дағдарыстың басталуы бұрынғы кеңестік республикаларға Ресейдің жаңартылған одағына бірігуінен басқа таңдау қалдырмайды. Тіпті Владимир Путин мұны бұрыннан болжап, 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақты құрған.

Сарапшының пікірінше, енді бұл алаң, ресейлік ТМД-ның барлық елдерін біріктіруі керек. Егер бәрі жоспар бойынша жүрсе, болашақта ЕАЭО толыққанды валюта аймағына айналып, Ресей оның орталығында болады-мыс.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295