Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1048 0 пікір 21 Мамыр, 2024 сағат 20:39

Жол құрылысына маман тапшы

Сурет: “Казавтожол” ҰК Павлодар облыстық филиалы

Біздің елімізде жолшы мамандығы сұранысқа ие және жолшыларға деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Осы мәселену шешу мақсатында Павлодар өңірінің жолшылары ат салысуда.

20 мамыр күні Павлодар қаласының нөмірі 39 орта мектебінде “Казавтожол” ҰК Павлодар облыстық филиалы, "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК ПОФ және С.Торайғыр атындағы университетінің өкілдері жас түлектерге кәсіби бағдар беру үшін үлкен кездесу өткізді. Өзекті шараға жоғары сынып оқушылары таңдалды. Себебі, кәсіптік бағыт-бағдар беру олар үшін болашақ маман таңдауын дұрыс жасауға дәл қазір аса маңызды. Бүгін-ертең жас түлектер алдында болашақ мамандығын таңдау міндеті тұр.

Кездесуге келген жоғары санатты жол мамандары еліміздің жол саласында кәсіби мамандар тапшы екенін айтты.  Министрлік мәліметінше, жол құрылысы бойынша қазіргі еңбек нарығында 2 мыңға жуық жолшы қажет екен. Казавтожол ҰК Павлодар филиалы мамандары айтуы бойынша Павлодар облысы автожол саласына  1500 жолшылар қажет.

Алмат Шоинбаев, Казавтожол ҰК Павлодар филиалының директор орынбасары бұл туралы: «Жол салаға жетіспейтін әсіресе көлік құрылысы мамандары,  өнеркәсіптік құрылысы мамандары, көпір салушылар. Бұл мамандарды таңдайтындары аз. Биылдан бастап Көлік Министрлігі ұсынысымен жоғары оқу орындарында жол құрылысы мамандығына 1000-ға жуық білім гранты бөлінеді. Бүгінгі кездесуде осы мүмкіндікті пайдаланып, жалпы жолшы болу құрметті, болашағы зор маман екенін жеткізуге тырыстық».

Жалпы бүгінгі таңда техникалық мамандықтар үлкен перспективаға ие. Президент Қ.Тоқаев  техникалық мамандықтардың маңыздылығын атап, білімге деген көзқарасты өзгерту керек екенін айтты. Гуманитарлық мамандықтарға әуестену кезеңі өтті. Жақсы инженерлік біліммен сіз әлемнің кез-келген жерінде бәсекеге қабілетті бола алады.

Жол мамандарын даярлауды еліміздің 8 жоғары оқу орны жүргізеді. Сонын бірі – С.Торайғыр ат. университет. Бірақ «Транспортное строительство» маманын оқып  жатқан студенттердің саны көп емес. Биылдан бастап жас түлектер жол маманын таңдайтынына университет өкілдері және жолшылар үлкен сенім артып отыр.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК талдауына сәйкес, еліміздегі тұрғын-үй коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларында қызметкерлердің 10%-ның  ғана арнайы салалық білімі бар екен. Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін Жол сапа кәсіпорыны мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге бағытталған "2000 мектеп" акциясын ұйымдастырғанына 5 жыл болды.

Жолдын сапасы сын көтермейтін себебінің бірі де – білікті мамандардың жетіспеушілігі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578