Тоқаев: Орта державалардың потенциалы артуда!
Мемлекет басшысының «Euronews-тегі» халықаралық жаңалықтар желісінде ағылшын тілінде жарияланған мақаласы не туралы?
28 мамырда «Euronews-те» Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың авторлығымен «Орта державалардың көпжақтылықты сақтап қалу мүмкіндігі бар» тақырыбындағы үлкен материалы жарық көрді.
Материал тек саясаткерлер мен саясаттанушыларға ғана емес, бүкіл әлемде бейбітшілікті орнатуға немқұрайлы қарамайтындарға да қызықты болса керек...
Тоқаевтың мақаласы ағылшын тілінде жарияланғанымен, қазақ тілді оқырмандар автоматты аударманы пайдаланса мәтін жеңіл және қарапайым тілде жазылғандықтан оңай ұғынылады.
Мемлекет басшысы: «Украинадағы қақтығыс – дипломатиялық тұйықты туғызып отыр. Газа секторындағы қазіргі жағдай – эпикалық гуманитарлық апатты білдіреді. Ал Үнді-Тынық мұхиты өңіріндегі шиеленіс – сындарлы өзара іс-қимыл есебінен соғыс шегіндегі теңгерімді күшейтеді», - деп жазады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты халықаралық ұйымдардың қарылас жақтардың ортақ тіл табуына әзірше дәрменсіздік танытып отырғаны тілге тиек болады.
Айта кететін болсақ, Тоқаев БҰҰ бас хатшысының орынбасары болған шағында бітімгершілік пен қарусыздану мәселелеріне жетекшілік етті. Сол себепті бұл тараптағы тәжірибесі мол.
Қасым-Жомарт Кемелұлы өз ойын одан ары былай деп жалғастырады:
«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері иеленетін вето құқығы жаһандық дағдарыстарға қарсы батыл іс-қимылдарға кедергі келтіре отырып, ұжымдық іс-қимылдарға қарағанда біржақтылыққа ұрындыратын аталған тәсіл талас-тартыстардың қайыра белең алуына әкеп соғады», - дейді.
Президент: «Біз сияқты елдер осы тұрғыда «өз өңірлерінде және одан тыс жерлерде үлкен тұрақтылықты, бейбітшілік пен дамуды қамтамасыз ету үшін әлеуеті өсіп келе жатыр. Орта державалар негізгі ойыншыларға айнала алады», - деп санайды.
Тоқаевтың пікірінше, астамшыл қағанаттардың мойына саясаттың қиындықтарының ауыртпалықтары жүктелген, ал «біздің икемділігіміз бізге күрделі дипломатиялық жағдайларда бағдарлануға және ымыраласу мен татуласуға жол ашуға мүмкіндік береді».
«Ірі державалар көпжақты үдеріске сенгісі келмейтінді. Ал ұсақ елдер қажетті ықпалға ие болмағандықтан, орта державалардың міндеті – қақтығыстарға басшылық жасау болып табылады. Қазақстан сияқты елдер жаңа әлеуетімен алға қадам басып, өз рөлін тек қатысушы ретінде ғана емес, сонымен қатар жаһандық аренадағы жауапты менеджерлер ретінде бекітуі тиіс», - дейді президент Тоқаев.
Тоқаев барлық халықаралық серіктестерді көпжақтылықты нығайту үшін Қазақстанға қосылуға шақырды.
«Біздің ұжымдық іс-қимылымыз бүгінгі бейбіт күнге ғана емес, гүлденген әрі үйлесімді болашаққа деген адалдығымызды көрсетсін. Бұл оңай міндет емес, бірақ батылдықтың, көшбасшылықтың және диалогты берік ұстанудың арқасында біз бүгінгі проблемаларды ертеңгі жетістіктерге айналдыра аламыз. Көпжақты жаңару дәуіріне жол салайық», - деп түйіндеді Қазақстан президенті өз мақаласын.
Abai.kz