Жұма, 4 Қыркүйек 2026
2334 0 пікір 30 Мамыр, 2024 сағат 12:14

1 маусымда магистратураға кешенді тестілеуден өтуге құжат қабылдау басталады

Сурет: pandaedu.kz

Ұлттық тестілеу орталығы 1 маусым мен 8 шілде аралығында магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылданатындығын  хабарлады. 

"Тіркелу барысында сіз тестілеу өтетін қала мен орынды өзіңіз таңдайсыз. Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат 13 шілдеге дейін үміткердің жеке кабинетіне жолданады", – делінген Ұлттық тестілеу орталығының хабарламасында. 

Құжаттарды Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы онлайн өткізуге болады.

Биыл кешенді тестілеу 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді. Оған қатысу үшін 14 693 теңге төлеу қажет.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 820
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2173
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 553
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 529