Сенбі, 23 Қараша 2024
1220 0 пікір 7 Маусым, 2024 сағат 11:31

Биыл 27 жатақхана пайдалануға беріледі

Сурет: dauletten.kz

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов биыл 10 576 орынға шақталған 27 жатақхананы қолданысқа беру жоспарланғанын айтты. Олардың 19-ы жоғары оқу орындарына, 8-і колледждердің студенттеріне арналады.

“Қазірде 1 540 орынға арналған жеті жатақханада тиісті жұмыстар толығымен аяқталып, келер оқу жылына студенттерді қабылдауға әзір. Құрылыс немесе реконструкция жұмыстарын жүргізу бойынша облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жол карталары дайындалды. Жоспарланған нысандардың дені қыркүйекке дейін пайдалануға беріледі”, – деді Талғат Ешенқұлов.

Вице-министр құрылыс, реконструкция қарастырылған ғимараттардың басым көпшілігінде жұмыс 75% деңгейінен жоғары орындалғанын жеткізді.

Тамара Дүйсенова мәселенің маңыздылығына ерекше тоқталып, тиісті тапсырма берді.

“Құрылыс маусымының уақыты шектеулі. Сондықтан жауапты министрліктермен қатар облыс әкімдіктері жұмыстың уақтылы әрі сапалы атқарылуын тұрақты түрде қадағалауы керек. Нысандардағы құрылыс, реконструкция шараларының қарқынын апта сайын қарастырамыз. Бұл жұмысқа жеке кәсіпкерлердің қызығушылығы жоғары екені байқалады. Сол себепті жатақхана салуға ниетті бизнес өкілдеріне қажетті жағдай жасауға қатысты шараларды қарастыру керек, – деді вице-премьер.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347