Жұма, 19 Шілде 2024
Талқы 1713 21 пікір 14 Маусым, 2024 сағат 18:36

Алтын Орда мемлекетіне қазақтың қатысы бар ма?

Сурет автордың жеке мұрағатынан алынды

Бұл мақаланы жазу жоспарымда жоқ еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаетың атына қазақ тарихын зерттеудің методологиялық негіздерін өзгертпейінше қазақ халқының тарихын,  Алтын Орда тарихын жазу мүмкін еместігі туралы жазылған хатқа Алтын Орда тарихын жазып жатқан топтың бас редакторы Айболат Көшкінбаевтың Ғылым комитетіне жазған жауабы мені жауап беруге мәжбүр етіп отыр.

Енді сол Президент атына жазылған хаттан қысқша үзінді келтіре кетейін. «...Оның соңы Алтын Орда мемлекетінің күйреуімен аяқталғаны белгілі. Сол кезеңде басталған рухани билік пен саяси билік  арасындағы арпалыс кешегі Қазақ хандығының ханы Тәуке ханға дейін жалғасып келді. Нәтижесінде түркі мемлекеттігі тарих сахнасынан кетіп, басқалардың табанына түсті. Өкінішке орай, бұл тарихтың ешбірі қазіргі қазақ тарихында жоқ. Себебі, бұл тарих қазақ халқының тарихи жадында ғана сақталған. Қазіргі қазақ тарихы ғылымының ұстанып отырған тарихты зерттеу методолгиясында, атап айтқанда евроцентристік дүниетаным мен маркстік тарихты материалистік тұрғыдан тану методологиясы қолданыста тұрғанда қазақ халқының дәстүрлі тарихи жадын қолдану мүмкін емес. Себебі, қазақтың тарихын зерттеу үшін материалдық дүниені емес, діни-рухани үдерістерді алға шығару керек. Қазақ айтады: «Малым жанымның садағасы, Жаным арымның садағасы». Қазақ үшін ар-иманы бәрінен қымбат. Сондықтан қазақ тарихын зерттеу үшін, қазақтың тәуелсіз тарихын жазу үшін алдымен тарихты зерттеу методологиясын өзгерту қажет. Олай болмайынша қазақ халқының тарихы өлі тарих болып қала бермек. Өзіңіз сол Құрылтайда айтқан жеті томдық, Алтын Орда тарихына арналған үшінші том да ешқандай жаңалық әкелмейді. Өйткені, ол кітапта қазақтың дәстүрлі тарихи жады (историческая память) пайдаланылған жоқ. Қазақтың тарихи жады қолданылмай жазылған тарихта қазақтың рухы болуы мүмкін бе? Жоқ. Сондықтан бұл кітап Алтын Орда мемлекетінің қазақ халқының қалыптасуындағы ролін көрсете алмайды. Демек, бұл үшінші томның да қазақ халқының тарихына қатысы шамалы дегенді білдіреді.» Міне, осы хатқа «Жошы ұлысын зерделеу ғылыми институты» атынан маған берген жауабында Айболат Көшкінбаев мырза былай деп жауап беріпті: «По нашей инциативе, в 2022 г., мы пригласили его в качестве автора-исполнителя в 3-й том «Улус Джучи (Золотая Орда) ⅩⅢ-ⅩⅤ вв. и попросили написать два параграфа для 16 главы «Религиозная политика и ислам в Золотой Орде»; «16.3 Суфизм в Золотой Орде». К большому сожалению, он предоставил просто текст какой-то своей статьи. Мы его многократно  просили подготовить тексты для указанных для указанных параграфов в соответствии с требованиями написания академических издании. На что он отвечал, что мы сами должны обработать текст «к статьт это единственнй случай  в нашей текучей практике, когда автор отказывается подготовить материал в соответствии с требованиями) Спрашивается как редакторы тома могут вмешиваться в авторское изложения текста, когда сам автор должен вносить необходимые правки в свой текст.»

Бұл жерде А.Көшкінбаев мырза бір емес, бірнеше мәселеде өтірік айтып, жала жауып отыр. Біріншіден, ол мені өз еркімен авторлар құрамына шақырған жоқ. Менің министрдің атына жазылып жатқан Алтын Орда тарихында қазақ халқының Алтын Ордаға қатысы туралы ешбір мәселе қозғалмағаны туралы  мәселе көтеріп, сол хаттың нәтижесінде авторлар құрамына кірген болатынмын. Оған менің ойламаған жерден Алтын Орда тарихының жазылуына қатысты онлайн жиынға қатысуым себеп болды. Ол жиында Алтын Орда тарихының қай бағытта жазылып жатқандығы белгілі болды. Олардың жазып жатқан тарихында қазақ халқының Алтын Ордаға қатысы туралы бір ауыз сөз жоқтығын көріп, мен шыдамастан авторлар коллективін сынға алдым. Ол мені байланыстан ажыратып тастады. Одан кейінгі болған жиналыстарға қатыспақ болғаныммен қатыса алмадым. Соңында өзімнің ой-пікірімді айтып, министрге жүгінуге мәжбүр болдым. Міне, сол хаттың нәтижесінде мені А.Көшкінбаев мырза Алтын Орда тарихын жазып жатқан авторлар құрамына кіргізуге мәжбүр болды. Мен А.Көшкінбаев мырзаға көлемі қазақ халқының Алтын Ордаға қаншалықты қатысы барлығын дәлелдейтін 150 беттік материал ұсындым. Ол одан шошып кетті. Одан кейін сол 150 беттік материалдың қысқаша мазмұны болып табылатын «Ислам дінінің Жошы ұлысындағы үш кезеңі» атты мақаланы ұсындым. Мақала қазақша болатын. Мен оған «мақаланы өздерің орысшаға аударып аларсыңдар. Менің оған қазір мүмкіндігім жоқ»-деп айтқан болатынмын. Себебі, мен ол кезде ЮНЕСКО тарапынан ұйымдастырылып жатқан Халықаралық конференцияға жауапты маман болған соң менің орыс тіліне аударып отыруға мүмкіндігім болған жоқ. Бірақ ол маған мақалаң «мына томның талабына сай келмейді»-деп бір ауыз сөз айтқан емес. Екінші,  «16,3. Суфизм в Золотой Орде» деген бөлімге «Йасавийа и этническая история населения Дашт-и Кипчака» атты мақаланы бергенім рас. Бұл мақала Москвада 2003 жылы «Вост. Литература» баспасынан шыққан «Подвижники ислама» атты жинақта жарияланған болатын. Ол мақалада сопылық ілімнің қазақ ру, тайпаларының, жүздерінің қалыптасуы туралы мәселелер қарастырылғанды. Ол мақалада көтерілген мәселелер 100 пайыз тақырыпқа сай келеді.  Сондықтан Алтын Орда тарихының авторлар құрамының мүшесі ретінде өзіме атқарылған міндетті толық атқарып шықтым. Егерде ол менің жасаған жұмыстарыма көңілі толмайтын болса, А.Көшкінбаев мырза неліктен маған бір ауыз жазбаша, не ауызша ескерту жасамады? Енді келіп, неліктен «айтқанымды жасамады» деп байбалам салады? Мәселенің түп-төркіні А.Көшкінбаев мырзаның қазақ халқының тарихына деген әуелден қалыптасқан теріс көзқарасы десем артық айтқандық емес. Олай дейтінім А.Көшкінбаевтың қазақ халқына теріс көзқарасы әуел бастан барлығын, сол көзқарастан әлі де ажырай алмай келе жатқанына осы Алтын Орда тарихының жазылу барысында айқын көз жеткіздім. Сөз жалаң болмас үшін нақты мәліметтерге кезек берейін.

1999 жылы Алматыда «Государство и кочевое общество в странах в странах постсоветского Востока: история, современность, перспективы» атты Халықаралық конференция өтті. Сол конференция аясында алғаш рет осы А.Көшкінбаев мырзамен кездескен едік. Екеуміз С.Г.Кляшторный, Т.И.Султанов, Ж.О.Артықбаев сияқты ғалымдармен бір секцияда болдық. Міне, осы секцияда А.Көшкінбаев мырзамен пікір таластыруға мәжбүр болдым. Ол «К проблеме государственности в кочевых обществах» деген тақырыпта баяндама жасады. Баяндамасында мынадай жолдар бар: «Крупные потестарно-политические образования (империи) кочевников носили спорадический характер. На исторической шкале, пройденной номадными социумами, можно фиксировать только». Бұл көзқарастағы ғалымның Жошы ұлысының тарихына да осы көзқарас аясында қарайтындығына менің шүбәм жоқ. Оны кітаптың мазмұнын ашып көрген адам толығымен көз жеткізе алады. Сөз жалаң болмас үшін сол жазылып жатқан Алтын Орда тарихының мазмұнын назарларыңызға ұсынып көрейін:

СОДЕРЖАНИЕ

ВВЕДЕНИЕ

РАЗДЕЛ I. ИСТОЧНИКИ И ИСТОРИОГРАФИЯ ЗОЛОТОЙ ОРДЫ

Глава 1. Источники по истории Золотой Орды

1.1. Арабские сочинения

1.2.Персоязычные сочинения

1.3.Тюркоязычные письменные сочинения

1.4.Китайские и монгольские источники

1.5. Русские источники

1.6. Западные источники

1.7. Византийские, болгарские и сербские источники

1.8. Армянские, грузинские и сирийские источники

1.9. Джучидская нумизматика как исторический источник

1.10 Картографические материалы (по китайским источникам)

1.11. Эпиграфические источники

Глава 2. Историография изучения Золотой Орды

РАЗДЕЛ II. СОЗДАНИЕ И РАСЦВЕТ УЛУСА ДЖУЧИ (ЗОЛОТОЙ ОРДЫ)

Глава 3. Общие принципы политической организации империи Чингиз-хана.

3.1. Идеологическая основа государства Чингиз-хана и ее истоки в государствах кочевников

3.2. Институты политической власти в государстве Чингиз-хана и механизмы управления

3.3. Черты имперской культуры и государственная символика

Глава 4. Улус Джучи в составе Монгольской империи (1207-1269 гг.)

Глава 5. Расцвет Золотой Орды (1266-1359 гг.)

5.3. Золотая Орда во времена Туда-Менгу (1280/81-1287 гг.)

5.4. Тула-Буга и джучидская тетрахия (1287-1291 гг.)

5.5. Токта (1291-1312 гг.)

5.6. Ногай и его роль в истории Золотой Орды

5.7. Коничи(1269-1301 гг.)

5.8. Государство Хайду

5.9. Хан Узбек (1313-1341 гг.)

5.10. Жанибек (1342-1357 гг.)

5.11.Бердыбек (1357-1359 гг.)

5.12. «Черная смерть» в Золотой Орде

5.13. Левое крыло в первой половине 14 века

Глава 6. Внешняя политика Золотой Орды XIII – первой половины XIV века

РАЗДЕЛ III. ПОЛИТИЧЕСКИЙ КРИЗИС УЛУСА ДЖУЧИ И ОБРАЗОВАНИЕ НОВЫХ ГОСУДАРСТВ

Глава 7. «Великая замятня» в Золотой Орде (1359-1380 гг.)

Глава 8. Улуг Улус при Токтамыше и его преемниках

Глава 9. Ослабление Золотой Орды и появление новых государств (1420-е - 1502 гг.)

Глава 10. Международное положение Золотой Орды в конце XIV - XVвв.

10.1. Взаимоотношения Улуг Улуса с Тимуридамии Могулистаном

10.2. Политические связи Золотой Орды и Османской империи

10.3. Золотая Орда и европейские страны в XV столетии

РАЗДЕЛ IV. ПОЛИТИЧЕСКАЯ СИСТЕМА, ЭКОНОМИКА И МЕЖДУНАРОДНАЯ ТОРГОВЛЯ ЗОЛОТОЙ ОРДЫ 

Глава 11. Внутреннее управление Золотой Орды

11.1. Политическая власть и социальный строй Улуса Джучи

11.2. Историческая география Золотой Орды

11.3. Административно-территориальное устройство Улуса Джучи

11.4. «Русский улус» в составе Золотой Орды

11.5. Проблема понятий «Ак Орда», «Кок Орда», «Боз Орда»

11.6. Государственные символы империи Джучидов (тамги, трон, флаг)

Глава 12. Экономика и международная торговля в Золотой Орде

12.1. Особенности экономического развития и структура хозяйства Золотой Орды

12.2. Города и городское строительство в Золотой Орде

12.3. Роль и значение международной и транзитной торговли

12.4. Денежная система в Улусе Джучи

12.5. Налоговая система Золотой Орды

РАЗДЕЛ V. ПРАВО, ВОЕННОЕ ДЕЛО И ВНУТРЕННИЙ МИР ЗОЛОТОЙ ОРДЫ

Глава 13. Право и законодательство Золотой Орды

13.1. Правовая система Улуса Джучи

13.2. Суд и процесс в Золотой Орде

13.3. Государственная канцелярия и официальное делопроизводство в Золотой Орде

Глава 14. Военное дело Золотой Орды

14.1. Военная организация джучидской армии

14.2. Комплекс вооружения Золотой Орды

14.3. Военное искусство: стратегия и тактика

Глава 15. Этнические процессы на территории Улуса Джучи XIII –XV вв.

15.1. Этно-племенной состав(кыпчаки, канглы, огузы и другие) на территории Казахстана перед монгольским нашествием в XIII веке

15.2. Родоплеменной состав Улуса Джучи в XIII -XV веках. 92 племени илатийа

15.3. Термины «казак»,  «татар», «узбек», «ногай», «шибан», «калмак» в XIV-XVвеках.

Глава 16. Религиозная политика и ислам в Золотой Орде

16.1 Религия и религиозная политика в Золотой Орде

16.2. Ислам в политических процессах Золотой Орды

16.3. Суфизм в Золотой Орде

16.4. Мусульманское право в Золотой Орде

Глава 17. Культура, искусство и литература Золотой Орды

17.1. Материальная культура городов золотоордынского времени на территории Казахстана

17.2. Традиция градостроительства, архитектура, погребально-поминальные сооружения (мавзолеи) и памятники

17.3. Археология Степи золотоордынского времени

17.4. Костюм и мода Золотой Орды

17.5. Язык и письменная культура, наука, поэзия и литература Золотой Орды

17.6. Устно-эпическая традиция. «Қырымның қырық батыры». Жыр «Ер Едиге» и его историческое значение

Заключение

Міне, көріп отырғандарыңыздай қазіргі жазылып, халық назарына ұсынғалы жатқан жеті томдық Қазақстан тарихының үшінші томы-Алтын Орда тарихында қазаққа қатысты жартымды ештеңе жоқ деп айтуға болады. Алайда, бұл кітап тарауларындағы баяндалған тарихты нашар деп кемсіте алмаймыз. Жақсы. Қазақ туралы кітаптың соңғы тарауларында ғана аз ғана сөз болады. Бірақ мақалаларда баяндалған деректер қазақ халқының Алтын Орда тарихындағы орнын көрсете алмайды, жеткліксіз. Анығын айтар болсақ, қазақ халқының Алтын Орда сияқты  мемлекетті дүниеге келтірген ұлы халық екендігі туралы бір ауыз сөз жоқ. А.Көшкінбаев мырзаның ««вспышки государственности», дефинирующиеся, прежде всегео, хронологической дискретностью, т.е. временные объединения с их последующем распадом и возвращением первоначальное, «общинно-кочевое состоянии» деген ұстанымына сай жазылған бұл тарихтың қазаққа берер зияны болмаса, пайдасы жоқ. Тарихи танымы өз халқының тарихи жадымен сусындамаған,  өз халқының тарихындағы жеңістер мен жеңілістердің сырын ұқпаған халық ешқашан өзінің кім екенін танымайды. Ата-бабасының жеңісімен мақтанып, жеңілісінен сабақ ала алмайды. Ондай тарих қазаққа керек пе? Меніңше жоқ! Ал мен ұсынған 150 беттік материалда осы үшінші томда қарастырлуы тиіс, бірақ назардан тыс қалған Алтын Орда тарихындағы қазақ халқының ролі туралы тарихи деректің барлығы дерлік бар. Енді сол материалдардың тақырыптарын назарларыңызға ұсынып көрейін:

II. XI-XII ғасырларда Түркістанда қалыптасқан рухани ахуал

2.1. Қожа Ахмет Йасауи ілімінің тарих сахнасына шығуының алғышарттары және сол дәуірдің тарихи шындығы

2.2.  Қожа Ахмет Йасауи ілімінің дүниеге келуі

2.3. Шыңғыс хан және Түркі мемлекеттігінің қайтадан қалпына келтірілуі

III. Йасауийа тариқаты Жошы Ұлысында

3.1. Жошы Ұлысын исламдандырудағы йасауийа тариқатының орны

3.2. Хан билігі киелілігінің қалыптастырылуы

3.3. Билер институты және рулық, тайпалық жүйе                                           1

3.4. Қазақ жүздерінің қалыптасуы және оның йасауийа тариқатының тармақтарымен байланысы

3.5. Өзбек хан жүргізген саяси реформа нәтижелері

IV. Алтын Орда мемлекетінің ыдырау себептері

4.1. Жәнібек ханның діни-идеологиялық саясаты және оның Алтын Орда мемлекетінің ыдырауына ықпалы

4.2. Алаш пен Алаша хан және қазақ халқының қалыптасуының алғашқы кезеңі

4.3. Ақ Орда мен Көк Орда

4.4. Жәнібек хан реформасының нәтижелері

4.5. Алтын Орда мен Мауараннахрдағы діни-саяси ахуал және оның түркі халықтарының тарихи тағдырындағы орны (XIV ғ. соңы – XV ғ. бірінші ширегі)

Қазақ даласы мен Мауараннахрдағы діни-идеологиялық ахуал және оның түркі халықтарының    тарихи тағдырындағы ролі

5.1. Нақшбандийа тариқатының тарих сахнасына шығуы

5.2. Өзбек ұлысы

5.3. Қазақ хандығы

Қорытынды

Міне, осы материалдар А.Көшкінбаев мырзаға ұсынылған еді. Мұнда Қожа Ахмет Йасауи негізін салған йасауийа тариқатының өкілдерінің Жошы ұлысы құрамындағы түркілердің діни-рухани болмысы мен түркі халықтарының рухани-мәдени тұтастығын қалыптастырудағы ролі жан-жақты талданып көрсетілген болатын. Өздерін Жаратушының өкілі санайтын және адамзат тарихында ең әділетті қоғамды орнатуды мақсат еткен Йасауи жолы өкілдері қазақ халқында осы күнге дейін киелі саналып келе жатқан рулық, тайпалық жүйелер мен жүздік құрылымдардың қалыптасуына және олар түркі мемлекеттігінің іргетасы ретінде тарих сахнасына шығуына ықпал етті. Бұл Жошы ұлысында адамзат тарихындағы ең әділетті қоғамды құруға мүмкіндік берді. Ең бастысы рулық, тайпалық жүйелер қандық принципке емес, рухани бірлікке негізделді. Қара халық – кереге, рухани жетекшілер-билер – уықтың қызметін, хандық билік шаңырақтың қызметін атқарды. Мемлекетті басқарудың бұл жүйесі Оғыз қаған қалыптастырған мемлекетті басқарудың көне түркілік басқару жүйесімен сәйкес болатын. Мемлекеттің мұндай жүйесінде қоғамда әділетсіздік пен арамдықтың болуы мүмкін емес еді. Абсолюттік билік ханда да, биде де, қарада да болған жоқ. Абсолюттік билік тек, заңға-шариғатқа берілді. Ханның өзі есігінің алдындағы құлын жазалауға құқы болған жоқ. Барлығы шариғат шеңберінде қаралып, шешім шығарылатын. Бұл мемлекеттің атының өзгеріп, Алтын Орда атануына мүмкіндік берді. Мемлекеттік жүйе толығымен рухани биліке негізделіп, басқару жүйесі толығымен қарашы билердің қолына берілді. Бұл кешегі саяси биліктен шеттетілген Жошы ұрпақтарына ұнаған жоқ. Соңы Өзбек хан қайтыс болған соң саяси төңкеріспен аяқталды. Мемлекетте рухани билік пен саяси билік арасындағы бітіспес арпалыс басталды. Мұның соңы түркі мемлекеттігінің толығымен күйреп, өзге халықтардың отарына айналуымен аяқталды. Осы тарих А.Көкшінбаев мырзаның тарихи таным мен көзқарасына сай келмеді. Алайда, бұл жазылған материалдар осы жылдың сәуір айында Алматыдағы «Орхон» баспасынан «Йасауи жолының Алтын Орда тарихындағы ролі» деген атпен жеке монографиялық еңбек ретінде жарыққа шықты. Кітаптың көлемі 20 баспа табақ. Бұл кітапта жазылған тарих қазақ халқының шынайы тарихы деп айтса болады. Олай дейтінім бұл тарих қазақ халқының тарихи жады негізінде жазылып, халық назарына ұсынылып отыр. Оқып, танысқан жан өкінбес деген үміттемін.

Ендігі кезекте А.Көшкінбаев мырзаның маған артқан кінәсінің бірі – Қожа Ахмет Йасауи негізін салған сопылық жолды мен шектен тыс дәріптеуім болыпты. Йасауи жолы-йасауийа тариқатының Өзбек хан тұсында мемлекеттік идеология деңгейіне көтерілгені тарихи шындық. Оны жоғарыда аталған кітапты оқып шыққан кісі қиындықсыз түсінеді. Түркістанның киелі, қасиетті саналуы, түркі жұртының рухани орталығы ретінде мойындалуы тегін емес. Осы Йасауи ілімінің құдіреті. Йасауи ілімі негізінде Алтын Орда мемлекеті, Османлылар империясы, Әмір Темір мемлекеті дүниеге келді. Әмір Темір Алтын Орданы талқандаса, оған Тоқтамыс хан кінәлі. Ол 1389 жылы литвалықтар мен орыстардан әскер жиып келіп, Қожа Ахмет Йасауи басына тұрғызылған кесенені қиратуы, тонауы болды. Әмір Темір қираған кесененің орнына қазіргі бәрімізге белгілі алып кесенені тұрғызды. Әмір Темірді таққа отырғызған йасауийа тариқаты өкілдері Әмір Темірге Шыңғыс хан империясын қайта қалпына келтіруді тапсырған болатын. Бірақ өмірінің соңғы кезінде Әмір Темірдің абсолюттік билікке қарай бет бұруы, оның құрған мемлекетінің ұзақ, ғұмырлы болуына мүмкіндік бермеді. Міне, осылардың барлығын біле отырып, мен қалайша Қожа Ахмет Йасауидің тарихтағы ролін айтпауым керек. Егерде халқымыздың санасында, рухани-мәдени болмысында Йасауидің ілімі сақталған болса, біз, қазақтар қазіргі күні түрлі діни ағымдар жетегінде кетіп, өзара алакөз болар ма едік? Жоқ! Бұл Йасауи іліміне ортағасырлар түгіл қазіргі біздің замандастарымыз, отандастарымыз мұхтаж екендігін көрсетеді. Себебі, материалдық болмыс жетегінде кетіп, биороботқа айналған халықты қайтадан Рухани әлеммен байланыстыру тек Йасауи ілімнің ғана шамасы келеді. Егерде осыны ескермей бұрынғы бағытпен кете беретін болсақ, онда мұның соңы құрдым болмақ. Ол кезде адам баласына ешқандай технология, техника жәрдем бере алмайды. Әлемдегі қазіргі түрлі апаттардың жилеп кетуі адам рухының Рухани әлемнен қол үзуі десем артық айтқандық емес. Сондықтан А.Көшкінбаев мырзаның мені Йасауи ілімін орынсыз тықпалай береді деген тұжырымы шындыққа сай келмейді.

А.Көшкінбаев мырзаның маған таққан айыбының бірі – тарихты зерттеу методологиясына қатысты мәселе. Мұны ғалымдардың талқысына салу керек еді деген пікірді айтыпты. Менің тарихты зерттеу методологиясына қатысты мәселені 2008 жылы, 2009 жылы Астанада «Мемлекет тарихы» институтында болған «Тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» атты ғылыми конференцияларда ғалымдар назарына ұсынған болатынмын. 2008 жылығы конференцияда «Қазақ ауыз әдебиеті үлгілілеріндегі тарихи деректерді пайдалану жолдары» атты тақырыпта, ал 2009 жылғы конференцияда «Қазақ тарихы және Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қауіпсіздік мәселелері» атты тақырыпта баяндама жасаған болатынмын. Өкінішке орай, пікір білдірген жан болмады. Бұл мақалалар кейіннен «Ақиқат» журналында тағы басқа басылымдарда жарияланды. Бұл келтірілген материалдар А.Көшкінбаев мырзаның маған артқан бұл айыбының да негізсіз екенін дәлелдейді. Сондықтан өзімнің қазақ тарихын зерттеудің жаңа концепсиясы мен методологиясын ұсынып, сол негізде қазақ тарихының алтернативті нұсқасын жасаған болсам, онда мен кінәлі емеспін. Ең бастысы сол мен жасаған методология негізінде жазылған тарих қазақ халқының ғасырлар бойына жинақталған тарихи жадының қазіргі қазақтың санасына ылайықталып берілген нұсқасы болып табылады. Бұл менің ата-баба әруағының алдындағы, олардың рухани болмысын жаңғытуға бағытталған әрекетім деп түсінемін.

А.Көшкінбаев мырзаның Ғылым комитетіне жауабына, маған артқан кінәсына жауап бермесем, онда бір менің емес, қазақ халқының мүддесіне нұсқан келген болар еді. Сондықтан бұл хатты жауапсыз қалдыру мүмкін еместігін түсіндім. Артық кетсем, қазақ түсінер деген үміттемін.

Зікірия Жандарбек, т.ғ.к.

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Абай мұрасы

Абай іліміндегі өмір мақсаты не?

Досым Омаров 1297
Ой түрткі

Әлмерек абыздың оралуы - Елге діннің оралуы

Бақтыбай Айнабеков 2030
Көршінің көлеңкесі

Ресей тілдік һәм саяси экспансияны қалай жүргізді?

Бейсенғазы Ұлықбек 2076