Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Ақмылтық 1896 9 пікір 17 Маусым, 2024 сағат 12:15

Үкіметтің түк тындыра алмай отыруы – узурпацияның кесірі!

Коллаж суреттері Abai.kz, umto.kz, el.kz сайттарынан алынды

МТҚБ «Парламентаризм институты»
ШЖҚ РМК директоры Қ.Б.Сафиновке!

Құрметті Қанатбек Бейсенбекұлы!

Менің «ҚАЗАҚСТАН – УЗУРПАЦИЯЛАНҒАН МЕМЛЕКЕТ» атты көлемді мақалама байланысты Сіздің атыңызға жазған хатыма (ЖТ-2024-03976506) берген жауаптарыңызды алдым.

Аталған жауапта: «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының «Парламентаризм институты» ШЖҚ РМК Жарғысына сәйкес Сіздің өтінішіңізде қозғалған мәселелер Парламентаризм институтының құзыретіне жатпайды», - депті, Сіздің орынбасарыңыз Б.Бекжанов мырза.

Мен Б.Бекжанов мырзаның бұл жауабымен мүлде келіспеймін!

Себебі, Сіз басқарып отырған Парламентаризм институты ҚЫЗМЕТІНІҢ бір тармағы – Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың құқықтық тәсілдерін зерделеу екені «Институт туралы мәліметте» жазулы тұр.

Ендеше, мен жариялаған «ҚАЗАҚСТАН – УЗУРПАЦИЯЛАНҒАН МЕМЛЕКЕТ» атты көлемді мақалада тұп-тура осы мемлекеттік басқарудың тиімділігіне қатысты мәселе көтеріліп отыр.

Қараңыз, қолданыстағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңының 1-бабының 2) тармағында Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – Ұлттық палата) – Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктерінің (бұдан әрі – қауымдастық (одақ) қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған, кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес ұйым», - деп жазылған.

Демек, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» – коммерциялық емес ұйым. Бұл – «үкіметтік емес ұйым (әрі қарай ҮЕҰ)» деп аталады.

Ал, 2022 жылғы 21 сәуірдегі ақпарат бойынша, еліміздегі үкіметтік емес ұйымдардың саны шамамен 22 мыңға жеткен. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» – сол 22 мың ҮМҰ-ның бірі.

Және осы үкіметтік емес ұйымдардың қызметін реттеуге арналған «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы N142 Заңы бар.

Бір қызығы, үкіметтік емес ұйымдардың қызметін реттеуге арналған осындай ортақ заң бола тұрып, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» коммерциялық емес ұйымына ерекше құзырет берген «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңы не үшін қабылданған?!

Және, аталған «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңындағы және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген, республикалық деңгейде іске асырылатын және Қазақстан Республикасының Парламентімен, Қазақстан Республикасының Үкіметімен, орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды болжайтын функцияларды 2013 жылдың 04 шілдесінен бері осы Ұлттық палата жүзеге асырып келген жоқ па?

Сондай-ақ, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген, аумақтық деңгейде іске асырылатын және жергілікті өкiлдi және атқарушы органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылды болжайтын функцияларды өңірлік палаталар жүзеге асырып келгені өтірік пе?!.

Ол аз десеңіз, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген, халықаралық деңгейде іске асырылатын және шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды болжайтын функцияларды, сондай-ақ кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметінің дамуына жәрдемдесу және Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі функцияларды Ұлттық палата, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағындағы филиалдары мен өкілдіктері арқылы және (немесе) ол құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлға жүзеге асырды емес пе?!

Қысқасы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңы арқылы Үкіметтік, жергілікті, тіпті халықаралық деңгейдегі  экономикаға қатысты барлық функцияларды жүзеге асыру тетігін Тимур Құлыбаевтың өз шеңгеліне алып алғанын аталған заңның 8-бабы тайға басқан таңбадай анық көрсетіп тұр.

Құрметті Қанатбек Бейсенбекұлы!

Айтыңызшы, сонда Қазақстан Республикасының үкіметі байқұс жүзеге асыратын не қалды?!

Үкіметтің тыпырлап, түк тындыра алмай отыруы — осы УЗУРПАЦИЯНЫҢ кесірі.

Бұл УЗУРПАЦИЯ мемлекеттің дамуына тұсау болумен бірге, Президенттің ТАРИХИ ОРНЫНА да әсер еткелі тұр.

«Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың құқықтық тәсілдерін зерделеу» деген қызметін басшылыққа ала отырып, Парламентаризм институты «ҚАЗАҚСТАН – УЗУРПАЦИЯЛАНҒАН МЕМЛЕКЕТ» атты мақалада көтерілген УЗУРПАЦИЯ мәселесін зерделуге және оған өз бағасын беруге міндетті деп есептеймін.

​Егер, өтінішім орындалмаған жағдайда сотқа жүгінуім мүмкін...

Ескерту: Ерлан Қошановқа-2 жазылған хат, қоса тіркелді. Қалған қосымша мақала мен хаттар бұрынғы (ЖТ-2024-03976506) хаттан алыңыз...

Құрметпен,

Ауыт Мұқибек,

«Ерен еңбегі үшін» медальінің,

«Құрмет» орденінің иегері

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1515
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3285
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5842