Дүйсенбі, 26 Қазан 2026
2639 1 пікір 25 Маусым, 2024 сағат 16:35

Гаага соты Путиннің ізімен Шойгуды да тұтқындау жөнінде санкция берді

Сурет: Ашық дереккөзден

Халықаралық қылмыстық сот Ресейдің бұрынғы қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен Ресей Бас штабының басшысы Валерий Герасимовты тұтқындау жөнінде санкция берді. Ресей армиясының Украинадағы азаматтық нысандарға жасаған шабуылдары қамауға алу туралы бұйрықтардың негізі болған. Олар адамзатқа қарсы әскери қылмыстарды жасады деп айыпталып отыр.

Еске сала кетейік,  аталған сот бұған дейін Владимир Путинді тұтқындау жөнінде санкция берген болатын. Путин Рим жарғысын ратификациялаған және Гаагадағы сот юрисдикциясын мойындайтын елдерге бара алмайды. Бұл қатарда Еуропаның барлық елдері, Оңтүстік Америка (соның ішінде Венесуэла), Тәжікстан, Ауғанстан, Бразилия, Оңтүстік Африка, Орталық Африка Республикасы, Нигерия бар.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1217
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1698