Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1188 0 пікір 1 Шілде, 2024 сағат 20:54

«Шемонаиха – Өскемен» тас жолын жөндеу мәселесі депутаттардың бақылауында

Суреттер ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметінен алынды

Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Ұлықбек Тұмашинов пен Ерлан Саиров п шекаралық Шемонаиха ауданының тұрғындарымен кездесті. Онда өңірдегі инфрақұрылымды дамыту мәселелері көтерілді.

Атап айтқанда, тұрғындарды «Шемонаиха – Өскемен» тас жолын жөндеу мәселесі, Үбі өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін жөндеу, интернет байланысының сапасы және басқа да мәселелер толғандыруда.

– Біздің қаламыз кішкентай, мұнда шамамен 20 мың адам тұрады. Бірақ біз де кез келген басқа қала сияқты сапалы медициналық қызметке мұқтажбыз. Біздің аудандық аурухананың ғимараты 1968 жылы салынған. Ал соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 10 жылға жуық уақыт бұрын жүргізілген. Ішіне кіруге қорқасың. Қазір дәрігерлерге көтерме жәрдемақы төленетіні белгілі болды, сондықтан бізде де білікті дәрігерлер саны артады деп үміттенемі, – деді жергілікті тұрғын Валентин Алифанов.

Депутат Ерлан Саиров Денсаулық сақтау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерге сәйкес ауылға келген медицина қызметкерлері 100 ЕТЖ мөлшерінде біржолғы төлем алатынын атап өтті (бұл 2024 жылғы есептеу бойынша 8,5 млн теңге). Сондай-ақ балабақшаларға қабылдау кезінде медицина қызметкерлерінің балалары үшін басымдылық қарастырылған, дәрігерлерге қатысты құқықтық қорғау күшейтілген және тағы басқалар бар. Бұл жұмыс «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында жүргізіледі және жергілікті жерлерде медициналық кадрлардың тапшылығын жүйелі түрде шешуге мүмкіндік береді.

Мәжілісмендердің айтуынша, мұндай кездесулер өте маңызды. Себебі, осындай жүздесулер барысында халық қалаулылары Президент тапсырмалары мен сайлауалды бағдарламасының орындалу барысын қадағалап қана қоймай, тұрғындарды толғандырған мәселелерге құлақ түріп, жергілікті биліктің сол проблемаларды шешуіне ықпал етеді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдық аумақтарды және шекаралық аудандарды дамытуға ерекше назар аударады. Басты мақсат – халықтың көшуін азайту, адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, шекаралық аудандардың экономикалық дамуына жаңа серпін беру. Бұл – «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының маңызды бағыты. Барлық көтерілген мәселелерді ерекше бақылауға аламыз. Атап айтқанда, биыл Шемонаиха мен Өскемен арасындағы сапалы заманауи жолдың құрылысына тендер өткізіледі, – деді Ерлан Саиров.

Сонымен қатар халық қалаулылары Шемонаиха қаласындағы мектеп құрылысының барысымен танысты. Оқу орны 300 орынға есептелген, оны осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Нысан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатыр.

– Сапалы білім еліміздің әрбір баласына, ол үлкен қалада немесе ауылда тұрса да, қолжетімді болуы тиіс. Аймақтық теңсіздіктер біртіндеп жойылуда. Сондықтан депутаттар «Жайлы мектеп» жобасының жүзеге асырылуын бақылайды. Бүгін кездесулер Шемонаиха қаласында басталды, әрі қарай басқа аудандарда да жалғасады», – дейді мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашинов.

Айта кету керек, депутаттар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекарасындағы шекара бақылау-өткізу пунктінің жұмысымен де танысты. Халық қалаулылары қолданыстағы жабдықтарды жаңарту, әскери қызметшілерді қамтамасыз етуді жақсарту және өткізу пункттерін жаңғырту мәселелерін бақылауға алды.

Мәжілістің баспасөз қызметі

(«AMANAT» партиясының баспасөз қызметінің материалдары бойынша)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5523