Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Не дейді?! 3118 10 пікір 9 Шілде, 2024 сағат 13:12

Абылай көктен түскен хан емес пе?..

Сурет: e-history.kz

«Сабалақ» аталған Абылай ханның тегі кім?

Бисмиллаһи Рахмани Рахим!

Абылай хан туралы айтарымызды ертелі-кеш оқыған әдебиеттер мен басылым беттерінде жарық көрген өлеңдер мен деректерді келтіруден басталық:

«Ай, Абылай, Абылай,
Сен мен көргенде
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің,
Әбілмәмбет патшаға
Қызметкер болып тұр едің.
Қалтақтап жүріп күнелтіп,
Үйсін, Төле билердің
Түйесін баққан құл едің.
Сен жиырма жасқа жеткен соң
Алтын тұғыр үстінде
Ақсұңқар құстай түледің!..»

(Бұқар жырау (1668-1781).

«...Төле биді тапқанда
Күндіз түйе баққанда
Жалғызбын деп шошымай
Еш малшыға қосылмай
Қара жерге отырмай
Күпіңді салып астыңа
Жең жастанып басыңа
Қол аяғың төрт жақта
Жатушы едің сол шақта
Ұмыттың ба соны Абылай...»

(Үмбетей жырау, (1706-1778).

Үш жүзге би Төле еді,
Заманында сол Төле
Ташкентке бір күн келеді.
Сенің атаң Абылайды
Әбілмансұр атанып,
От жағып жүрген жерінде
Шайханадан көреді.
Сол құлдықтан құтқарып,
«Сабалақ» деген ат қойып
Төле би алып кеп еді...

(Сүйінбай Аронұлы, (1822-1895).

«... Бір жылдары Қаздауысты Қазыбек би Асыдан көшіп келіп, Қаржақты жайлапты. Сол Қазыбек би мен Төле би ойламаған жерден Қазыбек бектікіне келе қапты. Айтқалы келген құпия сырлары бар екен. Сөзді Қазбек би бастапты;

- Мына Төле ағаң екеуміз бір қылмыс жасадық... Хандарымыз кейде ойланбай іс қылып, қан төгеді... Біз Төкең екеуміз ханды өзіміз тәрбиелемек болдық. Ол үшін екеуміз екі хан табуымыз керек. Оның шешімін былайша таптық. Екі жерде екі төре ұрпақсыз болды. Соның бірі – «көркем» Уәли еді...».

Одан әрі мәселе былайша өрбіпті. Сол шақта қазақты қалмақ шауып, екі жүздей баланы алып кетіпті. Бір жылдан соң сол балаларды қайтарып алғанда, ата-анасы табылмаған бір қыз баланы Төле бидің Жаныс рулы жақыны Сеңкібай деген кісінің Қарабай деген баласы асырап алады. Сонда қыздың жасы он бірлерде екен. Бірде Төле би Сеңкібайдың үйінде қымыз ішіп отырса, үй сыртында бір кішкене қыз бір топ баланы жинап алып, ертекті көсілтіп отыр. «Бұл қай бала?» деп сұраса, үй иесі; «бір жетім қыз еді, Қарабай қол бала етіп алыпты» дейді. Төле би сөйлесіп көрсе, қыз Жиренше шешеннің шөбелегі болып шығады. Аты – Аршын екен.

Кейін Төле би сол Қарабай үйіндегі қолбала Аршынның екі қабат екенін естиді. Ұл туса, Уәлидің қойнына салайын деп шешеді би. Уәлимен сөйлеседі. Уәли қуанып кетеді. Аршын ұл туады. Бала екіге толады, дәретінен ажырайды. Төле би Қарабай мен келінді шақырып алып, оңаша «Ешкіөлместің» бауырына қондырады. Баланы Сусамырды жайлап отырған Уәлиге жеткізеді. Бала 5-6-ға келгенде Уәли де, оның төрт бедеу қатыны да қайтыс болады. Бұл кезде Уәли Әулиеата төңірегін мекендейді екен. Баланы Төле би әуелі өз үйіне апарып бағады. Бала он жасқа келгенде, Төле би Асыны қыстап, одан Шымбас жайлап, бес жылдай осы өңірде болады. Қазыбек би осыны Бұқар жырауға әңгімелеп айтыпты. Екеуі: «Баланы Орта жүзге алып кетейік», - деп барса, Төле би: «Бұғанасы қатсын», - деп бермей қойыпты. Тағы да 4-5 жыл Әбілмансұр Төле бидің қолында болыпты.

- Биыл, - дейді содан соң Қаз дауысты Қазыбек би өзінің аттасы Қазыбек бекке - Төкең екеуміз отырып, жай жапсарды Әбілмансұрға түсіндірдік. (Абылайдың әлі хан болмаған кезі). Ол екі күн ешкіммен сөйлеспей жатып алды. Қарабайға жібермедік... Ал, адас, саған айтатынымыз ерте ме, кеш пе, жұрт шындықты білуі керек. Соны кейінгі үрім бұтаққа, шыбықұшына жеткізсін, - деп әдейі айтып отырмыз (300-бет).

Қарабай қайтыс болып сүйегі Шымбастағы Қарамұртқа қойылыпты. Абылайды оған шақырмаған. Осы әңгіменің бәрін билер Абылай сұлтанға туған шешесінің өлімін естірткенде баян қылыпты. Абылай Ұлытаудан екі күн жүріп, Шымбас тауына, Аршын шешесінің өліміне келген (371 бет. Әлібектен – Тыныбек, Төле би, Тыныбек немересі – Сеңкібай)-деп жеткізеді...».

Қ.Тауасарұлы, («Түп тұқияннан өзіме шейін» кітабынан).

«...Шынында да, қазақтар мұны ұлы істер атқаруы үшін, Алланың  жіберген елшісі, әруақ иесі деп ұққанға дейін Абылай талай күресті бастан кешіріп, сан сыннан сүрінбей өтті. Ол екі мәрте қолға түсіп, біріншісінде - қырғыздарға, екіншісінде - Қалдан Серенге тұтқын болды. Оның Қалданнан құтылуы шын мәнінде керемет. Себебі, ол ханның сүйікті ұлы Шарышты жекпе-жекте өлтіріп, құдіретті қалмақтың қазақтардан табандап тұрып талап етуімен тұтқынға түскен ғой...

Абылайға аян беріп отыратын әдеттен тыс аруаққа деген сенім қазақ халқына бұрын соңды болмаған өжеттік дарытты. Қазақтардың аңыз әңгімелерінде Абылай айырықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып саналады...».

Шоқан Уәлиханов.

«Бұл күнге дейін қазақ жұртында Абылайдың анық ата жөнін білуші кем...» (381-бет).

Міржақып Дулатов.

«...Жалпы Абылай өмір бойы Қытай мен Ресейден әскер сұрап, жалынып өткен. Оның бұл қылығын ешқандай тарихшы жасыра алмады. Қазыбек бидің туысқаны Ботақанды өлтіргені үшін арғындардан қашып, оңтүстүстікке бара жатып, Ресейден Түркстанға орнығу үшін әскер сұрайды.

Абылайдың жергілікті халықты алдап, қорқытуы ұзаққа барған жоқ. Сарттармен қақтығыста жаралы болып көп ұзамай қайтыс болғаны туралы Міржақып Дулатов жазған нақты дерек бар (Абылай хан. «Жазушы» баспасы.1993. 385-бет). Алайда Абылайды мақтаушылар оның бұл абыройсыз өлімі туралы ештеңе жазбайды... Егер Орта жүз халқы хан деп мойындаса, мұндай жағдай болмас еді. Жарайды, ол Орта жүзден кетіп қалды. Абылайдың титімдей абыройы болса Ұлы жүз қазақтары сарттардан кек алар еді... Ондай болған жоқ.  Абылайды хан етіп бекіткен Ресей өкіметі, халық сайлаған жоқ. Халық алдында оның жексұрын болғаны соншалық, оның өлімін жоқтап, сарттардан кек алатын бір адам болмады.

Осы жерде тағы бір ащы шындықты айта кетейік. Орта жүз халқы Абылайды ит қосып қуып жіберсе де, оның баласы Уәлиді хан етіп сайлады. Ресей басшылары Әбілмәмбеттің баласы Әбілфейізді хан етіп сайлау үшін көп еңбек сіңірген еді, одан ештеңе шықпады. Уәли қазақ халқының құрметті адамы болды . Сондықтан Абылайға бағынбаған Орта жүз халқы Уәлиді 38 жыл хан етіп ұстады. Уәли туралы екі адам (Марғұлан мен Өтениязов) ғана жазыпты.

Ресей қазақ тарихын комплексті түрде  бұрмалауды ХІХ ғасырдың бірінші жартысында бастаған еді. (Ал одан бір ғасыр бұрын 1731 жылғы Әбілхайырдың хатын орысшаға аударып бодандық сұраған деп жалған документ жасалған болатын.)

Осынау үлкен тапсырманы яғни, тарихи миссияны 1825 жылдары А.И.Левшинге (1797-1879) жүктеген болатын. Оның зерттеуі мен жарыққа шығарған кітабының негізгі міндеті 250 жылдан бері Ресейге қарсы тұрып келе жатқан Кіші жүз  халқын өз еркімен Ресейге қосылды – деп көрсету. Ресейге қарсы күресті 48 жыл бойы басқарған Әбілхайыр сынды хан, батыр, қолбасшыны өз халқына келешекте сатқын етіп көрсету...  Оның әйгілі кітабы Петербургте 1832 жылы жарық көрді... Кейінірек Ш.Ш.Уәлиханов бұл кітаптың көп қатесін тауып Левшинді Қазақ тарихының Геродоты деп қатты сынады.

Абылайды мақтап қазақ елін төл тарихынан адастыру үшін Ресей басшылары екінші комплексті әрекетті яғни екінші кезеңін 1860 жылы бастады. Сондай-ақ осы үлкен талпынысқа тағы да Левшинді пайдаланды. Мақаланы Левшинге жаздырып Абылай – деп тақырып қойып, оның артына Ч.В. – деп автордың атын қойып, келешекте қазақтың өзі жазған мақала деп қабылдасын және кез келген адам емес, қазақтың әйгілі ғалымы Шоқан Уәлиханов жазған мақаланы қазақтар жақсы қабылдайды – деп алыстан тұзақ құрған еді... Бұл мақаланы кез келген газет әлде журнал емес фундаментал басылым алғашқы Ресей энциклопедиясына басып шығарған (1861). Сибирский царевич, жекпе жекте Жоңғар ханының баласы Чарышты өлтірген батыр, ешкімге бағынбаған шексіз билікті хан тек Абылай болды, 1774 жыл үйсін ақсақалдарының өтінішімен баласы Әділді хан етіп отырғызған. Оған Талас бойынан қала салып беріп еңбекқор қарақалпақтарды қоныстандырған – деген сияқты фантазияларды алғаш жазып Шоқанның атымен жариялаған...  Сондай-ақ 1723 жылғы Ақтабан шұбырынды кезінде Орта жүз қазақтары Самарқандқа, Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұхараға  барып тығылды – деп жазылған фантазиялар осы уақытқа дейін талай тарихшылар мен зерттеушілерді шатыстырды...Тарихтың шындығын айтатын болсақКіші жүз халқы Ақтабан шұбырынды оқиғасына ұшыраған жоқ. Осы катастрофаның авторы жоңғар емес І Петр Ресей патшасы еді.....

Қысқасын айтқанда Левшиннің Шоқан атымен жариялаған мақаласы қазақ елін шын мәнінде ақымақ қылып талай ұрпағын алдап келе жатыр. Империяның саясаты керемет... Бір мақаламен бүкіл қазақтың тарихын 180 градусқа бұрып қойған....«Абылай» атты мақала Ш.Ш.Уәлихановтың беделін мықтап түсірді...

Самат Өтениязов, Мадрид және Әл Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры.

«...Осы бір «Сабалақ» деген жайсыз естілетін сөздің нені білдіретінін іздеген жан бар ма? Мен іздедім. Жеңілмейтін, батыл қимылдайтын, бой күші де кәміл, жауын жайратып түсіретін батырлығы үшін «Абылай» атанған қай Абылай? «Сабалақ Абылай». Яғни сабайтын, соқса, оңдырмайтын Абылай, міне қарапайым ғана осылай түсіндірдім,  «Сабалақ», яғни бұрынғы қалмақ тілінде, қазіргі моңғолша, «Сабау» деген түбірден туған: Сабаушы, жауынгер, батыр. [Монгол-казах толь, Өлгий-1984,403-бет] дегенді білдіреді. Киімі жыртық, көрбала, қолбала болғаны үшін емес.

Ал, жетім қалып, «Ораз есімді аталықтың тәрбиесінде болуы» жөнінде таралған аңыздың да негізі табылды: - Аралдың (халқы өзбектер) Мұса ханы 1712 жылы қаза болғанда оның Сәтемір деген ұлын Оразалы деген аталық (ханның құлы) жасырып, аман сақтап қалыпты» деген жазбаша дерек бар. [«История Казахстана в русских источниках ХҮІ-ХХ веков», ІІІ том. Алматы 2005, С. 104.] Ауыз әдебиетіндегі ежелгі ұйқастыра дәріптеу, айтулы тұлғалар төңірегіндегі мифтік әсірелеудің тағы бір мысалы. «Әбілмансұр» деген есім Абылайға қатысты жазба деректерде кездеспейді, бұл да аңыздарға кейін қосылған – арабша «Жеңімпаз» дегенді білдіретін лақап. (Шәкәрім қажы Құдайбердіұлы жазған делінеді), аңызға кейін, ХІХ ғасырда қосылған. Шын мәнінде толық аты-жөні – «Абылай-Мұхаммед баһадүр сұлтан». Аңыз демекші,Бұхар жырау айтты деген «Көкшетауға кәпір қала салды, қала салды ойла!..», – деп Абылай ханды ескертіпті-міс дегенді қарап көріңіз. Ақмола, Қараөткел, Қарқаралы... Орыстар бұл қалаларды Абылайдың заманында,18-ғасырда салып па еді? Кейін, 1824 жылы сала бастаған жоқ па? Бір мезгіл аялдап, сабырмен ойлап көрмейсіз бе?

Мен білетін Абылай сұлтан күншіл, таққұмар, баққұмар, дүниеқоңыз болмаған. Өзгенің абырой-атағына таласпаған. Әбілқайыр ханды сыйлап өткен, мысалы, Әбілқайыр ханның қазасына, бүкіл қазақпен бірге қатты қапаланған, тіпті Барақ батырды мерт қылуғаға дайын екенін өз аузынан айтқанын оқыңыз.

Әлқисса, 1737 жылы шілде айында Қаз дауысты Қазыбек би бастаған Хан кеңесі Кіші жүз бен Орта жүздің шегарасында, Елек өзені бойындағы, екі жүздің бірігуі түрінде өткен құрылтайына Абылай сұлтан да қатысқан. Әбілқайырды ортақ аға хан сайлағанда дауыс берген 25 жасар «Абылай-Мұхаммет сұлтан баһадүр» атымен хаттамаға түскен...

Зарқын Тайшыбай,  М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, «Абылай хан тарихы» атты үш томдықтың авторы.

Жақында «Тик-токта» назарыма Тұңғышбай Жаманқұловтың 1993 жылы Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқияннан өзіме шейін» деген жалған кітаптың желісімен (300 мың данамен таралған) Абылайды «қарадан шыққан құлдың ұрпағы» деп айтқан сұхбаты ілінді.

Сондағы дәлелі Бұқар жыраудың «Жаныс Қарабайдың қолында Түнде туған ұл едің» деген сөздері. Негізі бұл идея «Қазақ хандығы тарихында қарадан  шыққан хандар да болған» деп, Назарбаевтың билігін негіздеп, оны хан етіп жариялау үшін керек болды. Сол өтірік «шежіре» Қазақстанның зиялы ортаның арасына кәдімгідей жік салды. Казақ қоғамындағы «топшылдықтың» жікшілдікке әкелетін теріс әсерін анық көрсетті. «Түп-тұқиянды» жалаулатқан топтың өкілдері кім, сол шежіренің жалған екенін, бүгінгі «Социалистік Қазақстан» газетінің тілімен жазылғанын алғашқы болып әшкерелеген Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов болды. Оның 1993 жылы 5-қарашада Қазақ әдебиеті газетінде шыққан «Бiр шежiренiң құпиясы. Немесе «алдамшы» билер, «қуыршақ» хандар хақында» деген мақаласы шығып, «бұлары қалай?» деп абдырап қалған халықтың көңілін орнына қойды.

Арман Жұмаділ, т.ғ.к.


Көріп отырсыздар ел ішінде Абылай туралы ақиқат аз, аңыз басым. Ханды көргені, көрмегені бар, осылай өз білгендерін қалдырғандар ары қарай тізе берсек, тіптен көп. Бірақ, әлі күнге Абылайдың қалай өмірге келгенін нақты көрсеткен ешкім жоқ...

Бірден айтайын, менің мақсатым осылардың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыстығын айту емес, мақсат - шын Абылай кім, ол өмірге қалай келді, осы орайда ойға оралған өзім білген әңгімені ортаға салу ғана. Қалғаны Аллаға аманат. Бірақ бірден ескертер жайт, бұл мақаланың жазылуы да, айтылуы да өзгешелеу. Көктен ілім жолымен түсіп, бүгінде кітап болып, оқырмандар қолында жүрген деректер жиынтығын үйлестіріп, ой қорытуға шақыру.

Алланың ризашылығымен ілімші ретінде айтайын, Нұх пайғамбардан кейінгі ілімді бізге берген Жаратушымыз: «Қазаққа екі дүниеде қорған боламын», - деп уәде етіп, оны жеті рахымды қасиетке ие еткен. Бізге бұл мәңгілік сый ретінде берілген. Біз дінге қорған бола алатын халықпыз. Бұл халықты таңдауда Тәңірдің өз таңдауы.

Маған, «Патша тағы» жайымен Әлмерек баба рухының шақыртуымен өзі  өмірден озғаннан кейін, екі жарым-үш ғасыр адам аяғы баспаған (24.09.2020 ж) «Ғызыр тағына» есік ашылып, жол түсті. («Сыр қақпа», «Қызыл кітап, бірінші қадам», 120-122 беттер. «Алматы - Болашақ» бапаханасы. 2021 ж.), Мұнда Ғызырдың «Рух шақыратын» жері мен күні белгіленген. Кезінде Ғызыр аләиһис саллам келер алдында бұл жерде мал сойылып, өте үлкен құмар жасалынған. (Құмар - қазіргі біздегі той. Б. А.).

Осы Таққа жеткенімде таққа иелік еткен 21 патша көктен маған өз ілімдерін түсіріп, ол ілімдері жоғарыда аталынған «Қызыл Кітапта» жарық көрді. Бұл - көпшілік ұға бермейтін тылсым сыр. Айтпағым, осында келгенде білгеніміз: «Қазаққа екі дүниеде қорған боламын», - деген Жаратушымыз қазақ еліне көктен төрт патшаны сайлаған. Олар Ғұмыр патшалары аталады. Солардың алғашқысы Сарыелең патша. Сарыелең сөз сөйлемейді, сөзін төрт рух арқылы жібереді: Оны кезінде тауып алып: «Жетім келді» - деп бағып, қағып өсірген. Ол, осы ел бүгінгідей азып тозып кеткенде, қазіргі Ұлы жүз бөлінбей тұрғанда патша болған. Сарыелеңнің жүрген жері, отыратын орны маған белгілі. Оның «Ақтілек» атты кітабы баққан әкесі Осаби туралы ілім жеткізеді.

Сарыелеңнің артынан Тұмар деген әулие осы елге көк патшасы болып келген. Бұл патша қазіргі Домалақ Ананың туып өскен жерінде болған. Ол кісі «Екі теңдес» деген кітабын көрсетті. Үшіншісі Кенрух патша, ашаршылықтан халық қырылып бара жатқан кезде, қытай тайпасы мен монғол тайпасы күшейіп: «Осы Халықты оңай жоямын», -дегенде Тәңірдің қолдауымен көктен түскен патша.

Көктен түскен бұл патшалар «Жетім патшалар» аталады, Аллаһ көктен жіберген патшалар. Өлгенінде өлігін ешкім көрмей қалған патшалар. (Таза көктен түскен әулие рухты патшалар тәнін  ғайып жерде қалдырмайды). Бірақ тірлігінде халықтың еңсесін көтеріп кеткен. Осылардың рухы әлі тірі. Кенрухтың «Тікенек», «Жүген» деген кітабы бар. Бұлар Ғызырдың айтуымен жүрген патшалар. Патшалармен жетіп, басы қосылған осы кітаптар  «Ғұмыр кітабына» айналған. Негізінде, бұл патшалар өздерін Қазақы деп атаған. Осы патшалардың сөзіне қарағанда біз де өзімізді қазақ емес, қазақы деп айтуымыз керек болған. Ертелі-кеш осы патшалар дастарханға бағышталған, достыққа, туыстыққа, бауырға арналған нақыл сөздері мен ілімдерін береді.

Көріп отырсыздар көктен түскен төртінші патшаның аты аталмады. Мен сұрамадым. Шынында, нағыз патшалық - ғайып еншісінде. Рухани әлем сөзбен жеткізуге келмейтін таза рухтан тұрады. Оның үстіне ойымда Абылайхан тұрды. Содан...

...Алматыда жасы сексеннен асқан, бойына бибі Батыманың ақыл парасаты дарыған, көпшілікпен араласа бермейтін, Күлтай деген керемет көріпкел, табиғаты құпия жан бар. Бұл кісі Абылайдың 1774 жылы Талас бойына хан болған Әділ атты ұлының ұрпағы. Менің білетінім, бүгінде орталығы Шри-Ланкада орналасқан Әлем Халық емшілері қауымдастығының Президиум мүшесі. Күлтайдың Әділдің ұрпағы екенін өзімен бірге Домалақ Ананың  басына барғанда;

...Ұрпағы ең төре Әділдің,
Қыз кезіңде оңбай жаңылдың.
Ақ сүйек ханның тұқымы ең
Жазғаны шығар Тәңірдің.
Бодауында кеттің еріксіз
Ұл, қыз сүйдірген жарыңның... деген Домалақ Ана аузынан шыққан, ұзақ өлеңмен айтқан аянын жазып алып, сол кезде жарық көрген кітабыма енгізгенмін. («Мұғжиза», «Домалақ Ананың Күлтайға айтқаны». Өлеңдер мен толғаулар. 207 бет, «Қазақпарат» баспасы.2010 ж.).

Сол Күлтай қайбір жылы мемлекеттік тапсырмамен Ватиканға Рим Епископы, Ғайсаның жердегі ізбасары, Апостолдар Князінің мұрагері, Әлем Шіркеуінің Жоғары Бас Пірі, Батыс Патриархы, Италия Примасы, Рим Провинциясының Архиепископы және Метрополиті, Ватикан Шаһары-мемлекетінің басшысы, ілімгер ғұлама, діни тұлға Рим Папасының қабылдауына барып тұрғанда, Алматыдағы маған түнделетіп телефон шалып, хан Абылайдың:

– «Сенің дінің - Ислам. Бақтыбайға айтпай неге басқа дін өкілінің басшысымен кездескелі келдің, қолыңдағы шылдырамағыңмен қазір хабарласып ал деп айтты…», - деп шырқырап телефон шалғаны бар. Бұл дерек өзімді көрсету үшін емес, (көзі тірі ғой, Күлтайдың өзінен де білуге  болады), өткенде орын алған шындық. Күлтай онда неге барды?

Негізі, әлемді өз уысында ұстап отырған ұлы мемлекеттер өз саясаттарын іске асыруда Итальямен санаспаса да, сол елдің шағын пұшпағына орналасқан Ватикан-шаһары мемлекетінің жетекшісі Рим Папасымен еріксіз санасады. Бұл құранға дейінгі үш кітаптың құдіреті. Қазір Ватикансыз бірде-бір ғаламдық саясат түйіні тарқатылмайды, ол биліктің барлық тармақтарының тәңірісі. Ал Папа  – Алламен тілдесе білетін ілім иесі.

Тіршілігінде дініне берік әрі сол діннің жанашыры болған Абылайханның бұлай сілкуі, негізі діни жұмыспен діңгегінде діні бар ер адамдар айналысуы керек. Күлтайды сол үшін қысқан болар. Бірақ, өзі үшін емес, ел аманатымен барған жанға кеңшілік болып, қабылдаудан абыройлы оралды. Күлтайдың жанында Абылайханның рухы жүретінін бұдан бұрын да бір досымыздың үйінде ыңылдап бесік тербетіп отырып айтқан мына өлеңінен де білетінмін.

АҚЖАРМА ТҮС (Бесік әні)

Абылайдай айдарлы ханды тербеткен бұл бесік,
Бөгенбайдай айбарлы жанды тербеткен бұл бесік,
Қабанбайдай қаһарлы ұлды тербеткен бұл бесік,
Ағыл тегіл Бұхардай жырды тербеткен бұл бесік,
Жібек пен Баян еліктей ұнап та жатқан бұл бесік,
«Елімайдан» жалғасып жылап та жатқан бұл бесік.
Бабалардың тарихы із болып қалған бұл бесік.
Алакөлдің зарымен тұз болып қалған бұл бесік.
Әкемменен анамды әлдилеген бұл бесік.
Жас ұрпақты жұбатқан ән-күйіменен бұл бесік.
Жер анамды сулантқан бұлтты шақырып бұл бесік.
Дәстүрді ұрпақ ұмытпас құнтты қатырып бұл бесік
Қайта түлеп қазағым, қайта келгенде - бұл бесік.
Ақжарманы - түс етіп, айтып берген бұл бесік...

Мен, бұл деректерді хан Абылайдың рухы осы күнге дейін менімен қол үзбей келе жатқандығын жеткізу үшін келтіріп отырмын. Тіршілігінде әулие болған Хан аруағы қазақ дінін қорғаштап әлі күнге ауық-ауық аянмен түседі, рух алмасып тіршілігінде өз басынан кешкен жайттарды ортаға салып та тұрады. Енді осы орайда мына екі аянға мән берелік:

24.11.2016 ж.

«ЕСКЕЛДІ БИ БАБА;

...Абылай бір күні түнде мені шақырып алған.

- Жас болсаң да қаның бар тазадан аққан, менің ұлтым қиналғанда, мына жұртты сақтасам, қара көзді сұлу қыз бен ер азаматым аман болсын, - деп қана ұққам. Басқада бар ма екен менің кей қасіретім, қате алып бара жатқан жоқпын ба, көріпкелдік қасиетің Құдайдан ғой. Ондай болса ақтығын айт маған, - деп сөзін салды Абылай хан.

- Жарайды, ақылымды айтайын саған, сол кезде Төле би атам айтқан. Сен болған екенсің сегіз жастан асқан, кірген екенсің сегіз қанат ақ үйге таласқан. Тарт қолыңды! - депсің тұрған күзетке қарап, кіре салып айтқан екенсің, атаңа:

- Ассаламу уа алейкум, түлкі жағаң жарасып тұр ғой саған, қып-қызыл кілемің де тұсыңа тұтылған жарқыраған, хан болған қандай жақсы екен. Ей, ата, мен жапалақпын жаман, малыңды қасқыр қырып жатыр... - деп сен айқайлағансың - деп едім Абылай күліп, басын жерге салды.

- Олай деп айтқаным рас, ол күнде мен кімнен туғанымды біле алмағанмын. «Қасқыр қырды» деп қорықпай айтқаным, мен олармен шабысып таласқанмын, ит құрлым көрмедім. Ондай болса сенің айтайын деп отырғаның әруағымның күшті болғаны ма? - деп сұрады.

- Ақылға келдің, ақыл айтпаймын Абылай саған: «Сұлу қара көзді, қыздарым, ұлдарым аман болсын деген ханмын», - дегенің үшін дінің сенің сақталады - дедім оған. Біз Құдайды құрметтеп, Тәңір деп көкке қараған, Алла деп Құран жастанған халықпыз. Біздің ұрпақ бүтін өлмейді, Құран сөзі кетпей, - дедім оған.

- Тағы сұраймын сенен Ескелді, айтшы маған, мен сияқты қайталай ма екен біреу осы сөзді данасына, - деді маған.

- Салмаймын екі, құмалақшы емеспін саған, Алла тағалам айтып жатыр, сүйегің сенің бұзылмаған. Көктен сен түскен екенсің. Төле бидің түсінде де жаңған бесік құлаған, ішіндегі баласы тірі қалған. Ондай болса біздің халыққа көктен берілген жақсылық, өмір бойы бекітіліп қалған, - дедім де орнымнан тұрдым.

Артымнан еріп шығарып салды. Мен де баламын, ол да жастан, тығылып тұрып көзінен жас аққан. Өтіп жатыр рухтар өстіп заманнан, рухы жер жастанған, бар ма екен бүкіл әлемде, бар ма екен осындай адам бүгін «Қара көзім мен жігітім аман болсын», - деп ойлаған. Сөкпеңдер рухтарды, әр қайсысы өзіне тән жұмыс қылған. Ағып жатса тасқын су, мұз тұрса, мұздың үстінде қалса бір адам, соны алып шығуы үшін амалын жасаған. Сол сияқты болды ол заманның тағдыры. Елді Абылай тайғақтан алып шыққан. Әулиелер Алладан сұраған. Сыйлап өтіңдер аруақты, балам.  Бір ғана дүниені білемін, Құранды оқысаң Алламен рахаттанып сөйлесесің. Бар аманатым сол саған, Алла жар болсын, құлыным.

- Бір сұрақ?

- Сұрай бер.

- Абылай мен дін туралы айтылып қалды ғой, әз Тәкенің тұсында пір сайланды, Абылайдың тұсында неге пір сайланбады? Қатар сүрдіңіздер ғой.

- Қазіргі сенің өмір сүріп жатқан жерің де жартылай пір ұстанып, жартылай пір ұстанбай жатыр емес пе?

- Бұл қазіргі заман, мен сол кездегі жайды айтып отырмын.

- Сол кездегі заман да өзінің ағымына қарай келер уақыты жақындамаған сон қабыл алмаған. Сөйтіп қана сен жауабын аласың, балам. Мүмкін, уақыты жетсе қабыл алар ма еді деген ойда қаларсың. Мүмкін Алла оған өйтіп жазбаған.  Ал енді пір демекші, оның пайдасы да бар, шырағым, пайдасының зоры деңгейі терең, дінге қорған жан пір ұстанған. Пірді ұстануға болады, пір сайлауға да болады деп айтамын. Себебі, сен осы сұрақты бұрыннан қойған екенсің  оны аруақтарға, балам, Ал енді оның отырғаны ол бір діңгек сияқты айналасына, соған саптанып сен тағаланып тұрасың. Жақсыны көріп жақсыға ұқсайтын емессің бе. Сол себепті де пірдің болғаны да дұрыс болған, мен пірді жақтанған жаннанмын. Пір болмаса, пірге жете алмасаң, Алла тағала өзі таңдар жолды саған. Бірақта ол бір қорған, қайта айтамын саған, діннен безіп кетпес үшін пір  тұтқан. Ол халқың үшін керек болған.  Ал енді сенің сұрағыңның жаны бар екендігіне киелі Ата жұрттан келген маған хабар. «Көріпкелсің, түймесін ағытып қойып сұрар сұрағы сол»- деп айтқан маған. Мүмкін, сен бір сұрағыңа жетер, жауабын алған шығарсың, балам. Ескертерім бірақ саған, пір ол діннің қорғаны. Ол Құдай емес. Тайып кетпес үшін, пір айтатын сөзді ұғарсың, Құраннан қол созып ұстап тұрған. Ал өзгеріп отырар пірді қабыл алмаулары мүмкін, оған лайым болсын көзің түзу, балам, Себебі, ол Алланы тікеден тапқан.

Теңіздей толықып жатыр екен төрің қиадан қарасам, рухтарың рахаттанған. Жетім рухтар да отыр айналаңда, сағы сынған. Мың сөз айтамын, саған, құлыным, соның бірі қабыл болса деймін. Асығып бекер осыны саған Құдай беріп жатқан жоқ, балам, Ағызып сөйлет сөздерді, ұйқастырып келтір, балам, Бұл адам жаныңда отырған хабарласып жатып, айтып беріп өтуі де, бір Құдайдың жазуы шығар. Бұл анадан бөлек қой жазсаң, сондықтан мен айтамын түс бұл, аян десең де болар. Болмаса, кездескен екен кезінде бұл әулиемен сол адам- деп жазсаң да болады екен, балам. Сонда ғана кітабы бар ашатын адам, Бұл «ақ дүние»- дейтінбіз біз кітапты, атамыз да ерінбей оқыған, Атамыздан көп адам кеп ақыл сұраған. Қыздан тусам да ата тәрбисін жағалап алғанмын, отырып сықырлатып басса етігін жонын сипағам. Басымды ұстап қоятын;

- Басың дәу сенің, миға толған, халқыңа қызмет етсін, ес жисын- деп атам атымды қойған.

- Нағашыңыз болды ғой.

- Мен сол атадан өскен шыбықпын. Нағашыдан алған дем саған жетті, балам. Болса да мен дін қозғаймын, Алладан солай сұрағам. Дінің қорғаның мықты болса Құранға тегін барасың, балам...».

Ал мына үзінді рух алмасып жүрген соң, сөз реті келгенде  Пірді  неге сайламағаны туралы сұрағанымда  АБЫЛАЙХАН; «... Менің айтарым, іздегенім сол болғанмен,  таппаған соң елге Пірді қабыл алмағанмын.  Дін ұстанып өтсең - дінді ұстанатын жеріңді қорға, дінді ұстанатын ұрпақ туатын еліңді қорға. Ол кездің қаруы күшті болатын, әрине оған діні көмек берген. Бұның түпкі мағанасы - дін ұстану.

Мен өзім де сондай бір дүние болған шығармын, тумай жатып өлтірілуге бұйыртылған.  Мүмкін сол рух жіберген болар  отқа байлап түсіріп көктен мені. (Өз кезінде Сабалақ атанған Абылай көктен өртенген бесікке бөленіп түскен болатын. Ол тылсым құбылысты Төле би сезіп, сәбиді ер жеткенше жылқылы ауылда көзден жырақ ұстаған. Б.А.). Мүмкін де содан болар ес бергені Құдайдың маған. Жүрер ме едім балаша, «Атымды айтып қоймасын»- деп әлі де, біреудің үйінің жанына жалын боп жанып бесікпен түскенімді. Осының анығын сұрағанымда маған  жеткізген өздерін білетін көріпкел Ескелді би болған. Ол да менің ағам, туысым, бауырым, жанашырым.  Себебі, мен - халық болып келсем, ол - халық болып тұрған. Содан шыққан ақыл болар, ол оны маған сол кезде мүмкін ашық айта алмайтын болған. Алла тағалам Төле бидің қызынан туған оны маған ақыл етіп қосқан шығар. Үлкейе келе ақылы оның менен де асып түсті-ау, «Кедергісі бар саған»-деп айтатын ол, қашанда бір әңгімені маған. «Еш қашан Хан десе де халқыңнан аспа...»- дейтін.

Мен кеттім сол кезде жеті жыл елді төңіректеп айнала жүріп алған.  Кейін қайтып қайта оралдым оған, әрине жалған дүниеде өле өлгенше арамыз ашылған жоқ . Алдын ала айтып отыратын саптанған, мықты адам демеймін мен оны, оны маған Алла таңдап қосқан. Оны жамандауға  аузым бармайды. «Маған Алла айтып жатыр, түзу жолды»- дейтін. «Пірді тұтын - пір егер Құдайдан ғана болса»- деп айтқан.

Пірдің жөні бөлек – Пір Алладан жаратылған. Екі түрде Пір болады, бірі- көктен түскен, бірі - рухтарды жиған. Көктен түскенді өзгерте алмайды ешкім, Пір болып туады, Пір болып өледі. Ал рухтың басын қосқан Пір, ол сол рухтың әңгімесі жетсе айтады, кетсе солармен ол да кетіп қалады.

Ата жұртыңда жатқан 4 000 сахаба аруағы тіршілігінде бәрі пірді тұтынған. Олардың бізге жеткізгені – ұстанған Пірлері, пайғамбарың Мұхаммед болған. Біздің пір Құран ғана қазір...». (  «Біздің Пір - Құран ғана қазір», Аллаһты мезеттегі мойындау», Қазығұрт баспасы,2019ж, 373-376 беттер).

Ал осы аяннан соң Ескелді бимен болған екінші ілім қабылдауда  (20.07.2017 ж) қойған сұрағыма мынандай аманат жауап алдым;

«БИ ТҰРҒАНДА ҚАРИ ЕСІК АШПАС, БІРІГІҢДЕР, БІРІК ДЕП АЙТАТЫН ӨМІР ӨТІП КЕТКЕНМЕН...»

Би тұрғанда - қари есік ашпас.
Үлкен кісілер үйге кіргенде;
- Ау, Ассаламу уа алейкум,
Тұлпарыңның дыбысы жел сілкіндіріп, бүгінгі күніңді ерекшелендіріп жеткен екенсің... Ағаларыңды қабыл алыңдар - деп жататын үлкендер жағы.
Сонда ол адам жан дүниесімен, рухымен;
– Менің осы жерге қонарымды саған Алла айтты - деп есіктен кіргенде жеңілденетін.
Қазағың үнсіз адамды күтпеген.
Жаманға тізесін бүкпеген.
Аймен, жұлдызбен санасқан,
Жаманына қарасқан...
Абылайдың аруағы халқының нұры болып жаратылған.
Қызба денесінде, сағыныш оған өте қатты байланған.
Сұлулықты сұлу қалпында көретін.
Жақсыны алыстан танып,
Ана затына қатты бас иген.
Өмір бойы анасын сағанып өткен.
Ата Жұртынан ананың ризалғын іздеген.
Үлкендерді табандап силаған,
Іштен айтатын сырын.
Ақыл-есті естілерден сұрайтын бата иесі болды ол, балам.
Жаңғыз болып ол жаратылмаған.
Оның әр сүйегі, әр демі, әр қазаққа байланған.
Оның тамыры соғуда бірде сенің үнің болса, жүрегі Ата жұртыңа қорған болған.
Оның басқан аяғы «Мен» - деп естіліп тұратын, балам.
«Терлеп кетті денем, сабыр сақтайыншы, не дер екен бұлар?» - деп үнемі бет бұратын маған.
Сөзбен сөз таластырып жетсе;
Екі тау жарылып кететіндей,
Қара жер айырылып кететіндей,
«Әй, сап, тоқта!» - деп айтқанда,
Екі мықты тоқтай қалатын оның алдында.
Жіктеп салатын Құдай сенің ата бабаңа.
Асыл жолды оңынан айтып отыратын оған Аллам.
«Тәңірім, рахмет саған,
Алла сен үшін ризамын.
Алла разылығың үшін,
Міне, саған берер садақам» - деп мыңдап мал соятын бабаларыңның ұрпағысыңдар, шырағым.
– Ескелді, бүгін сен барғын, жұрт сөзін айт - дейді бабаң маған.
Қасиетіңнен айналдым,
Аллам, бізді бүгін жалғаған.
Ғызыр болып шапан киіп араладым төрін.
Адам болып, туысы болып та төріне енгем,
Тыңдап отырғын, Ғызыр-қасиет бар менде, балам.
Кімге өкпелісің? - десем,
Дұшпанына емес, балсына әр адам өкпе артқан.
Сағы сынған, не болды мына халыққа?
Кем де жоқ, кеміс те емес, өтіп жатыр кемпір шал.
Кетіп жатар Жері бар қазынасында олардың, ғалымдары қалмаған.
Айтып сөйлер, Суырып салар ақындарының айтатыны сол, бірінің бірі бетін жыртып, мінген көлігіне бола сайраған.
Сырыңды білмейді басқа ұлт, білдіртпейсің, қарағым.
Білдіртуге болмайды.
Әулие бабамыз былай деген маған;
«Мен айттым, орындағын.
Маған айтқан кім екенін сұрамағын» - дейтін.
Ондай болса әулие болу да, маған жетіп жатыр емес пе.
Себебі, сен бүгін айттың;
«Зарын айтам бабаның» - дедің.
Менде де зардан басқа түк қалмаған.
Аруағым жатады ана жақта шырылдаған.
Келіп жатады неше түрлі тұлпармен ұрпақ.
Рахмет оған.
Бірақ тұлпар қазына сөзін айта алмайды екен, Соған олар мінгенімін.
Есіп кетеді баладай желмен жарысқан.
Олардың арттарынан біреу күліп тұрған сияқты.
Рухым тынышталмайды бүгін, қарағым.
Отырдым төрінде қараған.
Неге Ескелді би - дейді маған.
Ес келсе - денеме ғана ол дарымаған.
Ол көктен Алланың берген рухынан келіп қонды емес пе.
Бірі айтып кетеді ақылды,
Бірі суырып алып жатқан.
Мен тоқтата алмағанмын.
Ол қасиет менің денеме арналған.
Ол да халқым үшін емес пе.
Абылай келді бір күні, қақиып қалған.
«Түбі бар білемін,
бас қосып, бір сөзді болайық» - дейді маған.
Еңіреп жылап алды найзасын қадаған.
Қақиып қалыпты қолы да қатқан.
Дір-дір етеді.
«Шіркін тұрса ғой артымда,
Бәрі бірігіп біреу болып»- деген сөзі.
Сол кездегі оның алған жарақаты
өлімнен де жаман болған.
Қаны ағып кетіп жатты,
Сонда да құламауға тырысты, бабаң.
Не деймін оған, не дер едің сен  бүгін, балам.
Бірігуге болар еді ғой ол кезде де.
«Біріксінші бұлар»- деп жылады емес пе.
«Біріксін»- деп ол, қарағым,
Тәңірінен сұрады.
Себебі «бірік»- деп айтқанға, бірі құлақ аспаған.
Біріккен соң илікті емес пе.
Айта берген сөзге қарамағын,
Арты жақсы болса рас екен.
Күш қуат беретін рухты сөз айтқын
- деп қуанушы еді, шырағым.
Зарымды тыңдаған шығарсың.
Жоқ, бәрі аруақ дейді,
«Аруақ сөзі бекер, ондай емес»- деші.
«Біз дұрыспыз»- дейсің маған.
Дұрыс болсаң,
Дұрыс болсаңдар көтеріле ме аруақ көкке, қарағым.
Осы жарыққа шығар кітабың,
қызды да, ұлды да тежесін.
Бет бұрсын – Дінге.
Діңгегі - Ата жұртын сыйласын.
Себебі ата бабасы Алланың алдында уәде еткен;
«Ұрпағымыз саған құл болады,
құлшылығымызды қабыл ет» - деген.
Дінсіз бір бабасы өткен жоқ бұл өмірден.
Дінсіз болып таяудан бері өздері келе жатыр.
Сайраған тіл сайтаннан емес, ақылда, балам.
Біле білсін -дедім. Түсіндің бе?
Алла жар болсын саған.
Келіп жетіп талай сөз  жаздың.
Білемін, кітап иесісің, балам.
Сұрайтын сұрағың бар,
Көктің беті бүгін Жетісуға арналған.
Қазір отырар көріпкелің жоқ шығар қасыңда,
Ақыл қосып айтатын.
Ол көріп келге қайдан білесің
қай жақтан жел соғатынын.
Ал қазынаң, қазынаң болса анау...
Мәңгілікке бірақ беріп жатыр еліңе.
Одан артық айтылар сөз жоқ  шығар,
Енді көрімізді қазып,
топырағымызды шашпасаңдар.
Осыны жеткіз, шырағым.
Дұрыс жүрсін адам баласы.
Бас исін осы жерде,
Құран оқысын, бес уақыт намазын тастамасын.
Ата жұртының аруағын тыныштандырсын,
Үйлеріне береке келтірсін,
Келін – кемпірге бас исін,
Ұл келіп – үлкеннен бата алсын,
Немерелер жиналып
кемпір мен шалдың ақылын алсын.
Осы менің аманатым. Разымысың.
Кетіп бара жатып қарадым,
Өліге қарағанда тірі жаман, шырағым.
Беттеріңді әжім басқан.
Құдайға құлшылық етіңдер.
Бірің ерте, бірі кеш болса да,
Сақ болыңдар. Алла бетін бұрып кетпесін.
Үлкенді сыйлаңдар,
Құдайдан қорқыңдаршы.
Үлкеннің тірісін де, өлісін де сыйлаңдар.
Сонда ғана жұрт боласыңдар.
Бірігіңдер, шырағым.
Бірік деп айтатын өмір өтіп кеткенмен,
Дұға қалды емес пе.
Айтарың болса әлі айтарсың,
Бір менің зиратыма жеткен кезде, балам...».

Рухты ілім иелерінің көпшілікке жеткізбей қоюына  болмайтын жайттары болады. Әрине: «Абылай хан көктен түссе, денесі көкке көтеріліп кеткен үш патша сияқты неге көкке көтеріліп кетпеген?»- деген сауал айтылар. Көктен түсіп көкке көтеріле алмай қалған періштелер де болған... Артында 71 ұрпағы қалған Абылайдың соңғы тағдыры неге  сарттармен қалды, ол жағы бір Аллаға  ғана аян.  Өз кезінде «Сабалақ» атанған хан Абылай мен оның тегі туралы менің айтпағым осы ғана...

Бақтыбай Айнабеков

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1973