Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Аласапыран 1728 5 пікір 16 Шілде, 2024 сағат 15:34

Трамптың үлкен жоспары: Украина келіссөзге көне ме?

Коллаж: Mezgil.kz

АҚШ президенттігіне республикашылар атынан үміткер атанған Доналд Трамп өзіне жасалған қастандық әрекетінен кейін алғаш рет жұртшылыққа көрінді. Ол Милуокидегі республикашылар партиясының сиезіне қатысып, мінберге құлағын байлап шықты. Бұл туралы Mezgil.kz ақпараттық порталы жазды

«Washington Post-тың» жазуынша, сиезге қатысушылар Трампты көре-сала: «Күресші, күресші, күресші», - деп қол шапалақтап, дауыстап айқайлаған. Сол жерде Ли Гринвудтың «Құдай АҚШ-қа батасын берсін» әні де шырқалған.

Сөйтіп, Трамп ресми түрде республикашылардың үміткері атанды. Атанды да: «Егер сайлауда жеңіске жетсем, вице-президент етіп сенатор Жеймс Венсті таңдаймын», - деп бекітті.

1721121130557334.jpeg

(Сурет: АР / Julia Nikhinson)

ТРАМП ПЕН ВЕНС ДУЭТІ: УКРАИНАНЫ ҚАНДАЙ ТАҒДЫР КҮТІП ТҰР?

Бұл таңдалған Жеймс Ди Венс тегін адам емес. Басқа-басқа, дәл осы сенатор Венс АҚШ-тың Украинаға деген 60 млрд долларлық әскери көмегін тежеген адамдардың бірі. сондықтан да, әлемдік БАҚ Трамп пен Венс дуеті АҚШ сайлауын жеңсе, Украинаның тағдыры не болмақ деген сауалға бас қатыра бастады.

ЖЕЙМС ВЕНС КІМ?

АҚШ президенттігіне республикашылардың сайлап отырған басты үміткері Доналд Трамптың кім екені әмбеге аян. Оның Украина мен Ресей арасындағы қанқасап соғысқа қатысты ұстанымы да белгілі. Ал Трамп вице-президенттікке таңдап отырған Жеймс Венс кім?

Жеймс Венс 39 жастағы сенатор. Огайо штатының тумасы һәм сол штаттан сайланған. Венс өзінің «Ауыл элегиясы» бестселлері шыққаннан кейін жұрт назар аудартқан-тын. Ал 2016 жылғы сайлауда Трампқа дауыс беруге құлықсыз болған жұмысшы табындағы ақ сайлаушыларды өзіне қарата алды. Венстің беделдінің көлеңкесінде Йель университеті және венчурлік кәсіпкерлік тәжірибесі тұр.

1721121336830714.jpg

(Сурет: ВВС агенттігі)

«ВВС» сарапшылары: «Трамптың дәл осы Венсті вице-президенттікке кандидат ретінде таңдауы – Трамптың бұл сайлауда бірнеше өнеркәсіптік штаттарда, атап айтқанда: Пенсильванияда, Мичиганда және Висконсинде не жеңіп, не жеңіліс табатынын білдіреді», - деп жазады. «Венс осыдан 8 жыл бұрынғы президенттік жарыста Трампты сынаушы болғанымен, қазір ол Трамптың нағыз қорғаушысына айналған»,- деп жазады «BBC».

Ал «Reuters» сарапшылары: «Венстің саяси арнедағы бұл құлшынысы мен қолбалалығы Трамптың шешіміне сөзсіз әсер етті. Венстің Трамппен сыртқы, ішкі және экономикалық саясатқа қатысты көзқарастары жақын», - деп жазады.

Вэнс Конгресстегі Украинаға америкалық көмек жарты жылға тежеген республикашылар тобына жатады. Ол өз әріптестерімен бірге Украинаға Ресейге қарсы әскери көмек көрсетуді Америка үшін орынсыз деп есептеп, АҚШ ең алдымен оңтүстік шекараны нығайтумен және заңсыз көшіп келумен, сондай-ақ, Қытаймен қарсыласумен айналысуы тиіс деп санайды.

1721121458287098.jpeg

(Сурет: Ting Shen / Xinhua)

ТРАМПТЫҢ ҮЛКЕН ЖОСПАРЫ: УКРАИНА КЕЛІССӨЗГЕ КӨНЕ МЕ?

Сөйткен Жеймс Венс өз қолдаушысы Трамптың үлкен жоспарлары туралы бірте-бірте жария ете бастады. «Fox News» телеарнасына берген сұхбатында: «Егер АҚШ-тың бұрынғы президенті және президенттікке кандидат Доналд Трамп сайлауда жеңіске жетсе, онда ол Ресеймен және Украинамен бейбітшілік туралы келіссөздерді бастайды», - деді Венс. Ол сондай-ақ, АҚШ-тың Украинаға басын еш қатырмай, тек «Қытай мәселесіне» назар аударуы тиістігін айтты.

ОРБАННЫҢ ОЙЫ – АРАҒАЙЫНДЫҚҚА ТРАМПТЫ САЛУ!

Бұған дейін Венгрия премьері Виктор Орбан: «Трамп Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тоқтатқысы келеді», - деп мәлімген еді. Осылайша, бұдан былай Виктор Орбан Трамптың «Бейбітшілік көгершіні» болғанын ешкім жасырып жаба алмайды. Виктор Орбан Трамптың алдынан өтіп, бұл тақырыпты шілде айында Флоридада өткен кездесуде американдық саясаткермен талқылаған. Ал Трамп бұл орайда өз сырын ішке бүгіп, Ресей басшысы Владимир Путиннің Украина жөніндегі ұсыныстарын «қолайсыз» деп атағанын да білеміз. Орбанды тек көз қылғаны айқын танылды.

1721121557238079.jpeg

(Сурет: РБК сайтынан)

ТРАМПҚА КЕРЕГІ: СОҒЫСУШЫ РЕСЕЙ ЕМЕС, САНКЦИЯ ҚҰРСАУЫНДАҒЫ РЕСЕЙ!

Осыған дейін «Bloomberg»: «Трамп Украинаны президенттік сайлаудағы жеңісінен кейін Ресеймен бейбіт келіссөздер жүргізуге мәжбүрлегісі келеді», - деп жазған болатын.

Сонымен қазанның құлағын ұстаған Трамп екі жеп биге шықпақшы. Иә, екі жеп биге шықпақшы дегеніміз: Бір жағы – «Киевті көмектен қағамын» деп жасқаса, екінші жағынан – «Путиндік Ресейді Киевке қару-жарақты үйіп төгемін» деп қорқыту амалына көшті. Соғысушы екі жақта енді Трамп ұсынған келіссөз нұсқасына сөзсіз көнетін болады. Бірақ ол тек сайлауда жеңсе ғана мүмкін болмақшы.

Ал, Венстің таңдалуы екі жақты ымыраға келтірудің алғашқы қадамы болып табылады. ЕО соғыстың АҚШ қолдауымен жалғсуын қалайды. Әрі «орыс қаупінен біржола арылуға» мүделі. Трампқа керегі соғысушы Ресей емес, санкция құрсауындағы Ресей.

ЕО ТРАМП ПЕН ВЕНС ДУЭТІНЕ АЛАҢМЕН ҚАРАП ОТЫР: КҮНІМІЗ НЕ БОЛМАҚ?!

«Politico» басылымы: «Еуропада Трамптың Венсті вице-президент лауазымына сайлауы – Украина мен ЕО үшін апат деп есептейді», - деп жазады.

Басылымның хабарлауынша, Трамптың сенатор Венсті вице-президенттікке кандидат ретінде таңдау шешімі еуропалықтарды алаңдатады. Себебі, бұл шешім АҚШ-тың Украинаға көмегін тоқтатып, трансатлантикалық басымдықтардан бас тартатуға жасалған қадам болуы әбден мүмкін.

Венс осы жылдың басында Сенатта Украинаға көмек көрсету туралы заң жобасын алып тастау әрекетінде басты рөл атқарды. Бірақ онысы ақыры сәтсіздікке ұшыраған болса да, Венс сол кезде журналистерге: «Біз Еуропаға және басқа әлемге Америка шексіз бос чектерді жазып бере алмайтынын түсіндіре алдық», - деді.

Сондай-ақ ЕО: «Венс Еуропаның Құрама Штаттармен сауда қарым-қатынасына кедергі келтіруі мүмкін. Огайо сенаторы АҚШ өндірісінің белсенді қорғаушысы және импорт тарифтерін енгізуді қолдайды», - дейді.

ВЕНС ТЕ, ТРАМП ТА КЕДЕРГІ ЕМЕС: ЗЕЛЕНСКИЙ НЕ ДЕЙДІ?

Ал Трамп пен Венс дуэтінің болжалды жеңісіне қатысты Украина президенті Зеленский: «Егер Трамп президент болса да біз жұмысымызды жасай береміз. Мен одан қорықпаймын. Украина үшін берілген 40 млрд еуро 2025 жылға дейін қайта қаралмайды», - деді.

Түйін: Орысты АҚШ жәукемдеуі үшін Қытайдың әлсірегені керек. Венс те, Трамп та «Путиннің итаршысы» дегенді шығарып жүргендердікі ақымақтық. АҚШ империялардың үстінен қарайтын жандарм екенін ұмытпауға тиіспіз.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2045