Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Абай.tv 7136 45 пікір 22 Шілде, 2024 сағат 18:29

Ерлан Қарин: Идеология болмаса, ел де болмайтын еді...

Сурет видео скрині

Жақында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Тынымбайұлы Қарин Нартай Аралбай арнасында сұхбат берді.

Өзіне қойылған: «Енді идеологияға келсек. «Елге идеология керек» деген ұранды көп естиміз. Кез келген мәселеге қатысты айтылады. Әсіресе руханият турасында. Жалпы идеологияның негізгі тіректері қандай? Және Қазақ совет Энциклопедиясының 4 – томында ол «таптың, әлеуметтік топтардың мүддесін білдіретін, қоғамдық сана, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялардың жиынтығы» деген анықтама берілген. Қазақстанның идеологиясы қандай қазіргі?» деген күрдел сауалға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин төмендегідей жауап берді:

Ерлан Қарин: 

– Идеология бар. Біздің қоғамды біріктіріп отыратын, жұмылдырып отыратын  идеология болмайтын болса, ұлықтайтын қағидаттар болмайтын болса, онда біз ел де болмайтын едік. Сондықтан кейбір кезде біздің елде идеология жоқ деген пікірлер ол дұрыс емес. Егер идеология болмайтын болса, ел де болмайтын еді. Елдің арасындағы осындай бірлік те, ынтымақ та болмайтын еді.

Әрине идеология бар, ол идеологияның екі түрі болады. Мен талай сұхбаттарда түсіндіріп көрдім.  Бірі – мемлекеттің ресми түрде қабылдаған, бекіткен құжат. Сол құжатқа сәйкес сол елде тиісті ақпараттық тағы басқа да жұмыстар жүргізіледі.

Бірақ біз ондай заманннан кеттік қой енді кеңес уақытында болатын бір партия. Сол партияның идеологиясы ғана ресми ресми мойындалатын. Барлығы дерлік мектеп оқушыларынан бастап тек сол идеологияға жүгінетін. Қазір енді біз жаңа айтып отырмыз. Бір жағынан азаматтардың талабы демократия, ал, осы демократияның негізгі бір алғашарты ол плюрализм яғни пікірлердің алуан түрлігі. Біреуі – солшыл, біреуі – оңшыл болуы мүмкін.  Біреуі – мемлектшіл, біреуі – ұлтжанды болуы мүмкін. Біреуі – батысшыл болуы мүмкін немесе тағысын тағы. Бұл енді рас қой. Бір жағынан азаматтардың талап етіп отырғаны да сол ғой.

Бізде демократия болуы керек алуан түрлі. Бізде сол алуан түрлілікке қол жеткіздік. Бізде бүгін парламентте мысалға 6 партия бар. Сол сияқты қоғамда да алуандық бар. Тіпті партияда емес депутаттарда бар. Мүлде басқа позицияда жүрген депутаттарда бар. Бұл тек парламенттегі жағдай.

Қоғамда алуан түрлі одан да көп әртүрлі қөзқарастар барлығын кей кезде әлеуметтік желідегі дискурсиялардан да көріп жатамыз. Бір жағдай туып қалса, біреу - ұлтшыл, біреу – діншіл, біреу – мемлекетшіл болып шығады. Оның ішінде де, кей кезде қырық пышақ болып жатады. Біз осындай алуан түрлілікті қамтамасыз еткіміз келді ғой. Осындай плюреализм, сөз бостандығы қалыптасқан қоғамды құрғымыз келді. Демек қоғамда әрбір азамат әртүрлі көзқарасты ұстануға құқылы және ерікті.

Енді тап осындай жағдайда біздің идеологиямыз қандай болуы мүмкін?! Осындай жағдайда біздің идеологиямыз адамдардың сөз бостандығын, еркіндігін қамтамасыз ете отырып, жаңағы айтып отырғандай оңшыл, солшыл, ұлтшыл тағысын тағы басқа болуы мүмкін. Бірақ сонымен қатар оларды біріктіретін ортақ құндылықтар жүйесі болуы керек. Қарапайым адами қоғамдық осындай құндылықтар болуы керек.

Қазір біздің жүргізіп отырған бірден-бір идеологиямыздің, жүргізіп отырған ішкі саясатымыздың мақсчаты – осындай құндылықтарды орнықтыру және дәріптеу. Қандай? Өзара сыйласу, мейірімді болу, кішіпейіл болу, құрметтеу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау, міне осы сияқты құндылықтарды біз орнықтыруымыз керек. Біздің жұмыс осы құндылықтарды дәріптеуге бағытталатын болады. Және айтып өттің ғой ішкі саясаттың негізгі бір жұмысы – ол билік пен қоғам арасындағы диалог. Ендігі бір кезектегі біздің алдымызда тұрған тағы бір мақсат – қоғам ішіндегі диалогты да дамытуымыз керек қой? Біз үнемі айтамыз. «Диалог билік пен қоғам арасында керек», «мемлекет пен шенеуініктер азаматтар арасындағы диалогты дамыту керек» деп. Иә, ол бойынша қажетті шешімдер, әрекеттер заңдар т.б. құжаттар қабылданды.

Бұдан басқа біз қоғам ішінде де диалогтарды дамытуымыз керек.

Сұхбаттың толық нұсқасы:

Abai.kz

45 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052