Жексенбі, 24 Қараша 2024
Денсаулық 840 0 пікір 24 Шілде, 2024 сағат 14:17

Менингококк инфекциясы маусымдық сипатқа ие

Сурет: gov.kz

Менингококк инфекциясының (бұдан әрі - МИ) мәселесі өзінің өзектілігін жоғалтпайды. Бактериялық менингиттердің ішінде МИ кең таралу қаупіне байланысты ең маңызды болып табылады, ол менингитке шалдыққан аумақтарда ғана емес, көрші елдерде де күрделі эпидемиялық жағдайды тудырады. Сырқаттанушылық барлық жастағы адамдарда тіркеледі, көбінесе мектеп жасына дейінгі балалар арасында.

Республика бойынша уақтылы есепке алу және тіркеу үшін тұрақты негізде менингиттермен, оның ішінде серозды менингиттер және менингококк инфекциясымен сырқаттанушылықтың апта сайынғы мониторингі жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың басынан бастап республика бойынша МИ-нің 50 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар 36 (72%) жағдайды құрады. Оның ішінде 3 (6%) жағдай өлімімен аяқталды. Өткен жылмен салыстырғанда республикада МИ-сы 2,6 есеге өскені байқалады.

Сырқаттанушылықтың ең жоғары көрсеткіші жас балалар арасында байқалады, сырқаттанғандардың 38%-ы 1-4 жастағы балалар, 14% - ы 1 жасқа дейінгі балалар, 12% -ы 5-7 жастағы балалар, 8% - ы 8-14 жастағы балалар, 16% - ы 15-19 жастағы жасөспірімдер және тек 12% - ы ересектер арасында тіркелді.

МИ циклдік және маусымдық сипатқа ие, аурудың циклдік өсуі әр 4-6 жылда қайталанады. Қазақстанда МИ сырқаттанушылығының соңғы өсуі 2018 жылы байқалды, 2023 жылдың соңынан бастап сырқаттанушылықтың біртіндеп өсуі байқалды.

Сондай-ақ, МИ-мен сырқаттанушылықтың өсуіне маусымдық себеп болуы мүмкін деп болжауға болады, қыс-көктем мезгілінде мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының төзімділігінің төмендеуімен, тыныс алу жолдарының вирустық ауруларының жоғары жиілігіне, ауа температурасының ауытқуына және ылғалдылықтың жоғарылауына, суық мезгілде үй-жайлардағы адамдардың көп шоғырлануына, сондай-ақ халықтың иммунитетінің төмендеуіне байланысты.

Менингококк инфекциясы - бактериялар тудыратын жіті инфекциялық ауру, әртүрлі клиникалық көріністермен - симптомсыз тасымалдаудан, назофарингиттен (мұрын мен жұтқыншақтың шырышты қабатының қабынуы), менингиттен (ми қабықтарының қабынуы) және менингококк сепсисінен (қанның зақымдануы) туындайды. Инфекция көзі ауру адам және менингококкты тасымалдаушылар, яғни қандай да бір клиникалық белгілері жоқ адамдар болуы мүмкін, бірақ олар менингококкты тасымалдаушылар болып табылады. МИ-мен сырқаттанушылық - қысқы және көктемгі кезеңдерде маусымдылықпен сипатталады.

Әдетте инкубациялық кезең төрт күнге созылады, бірақ 2-ден 10 күнге дейін өзгеруі мүмкін.

МИ ауа тамшылары арқылы беріледі-жөтелу, түшкіру, сөйлесу, тығыз және ұзақ қарым-қатынас арқылы.

Негізгі клиникалық көріністерге мыналар жатады: жалпы әлсіздік, дене қызуының күрт 39,00С дейін және одан жоғары көтерілуі, бас ауруы, жүрек айнуы және құсу, геморрагиялық бөртпе, желке кернеуі, тыныс алудың бұзылуы, тежелу, сананың шатасуы.

Менингококк инфекциясының алдын алуының негізгі шаралары:

  • жеке гигиена ережелерін сақтау, қолды жуу, баланың көшеде ауызға ешнәрсе салмауын қадағалау;
  • ашық ауада көбірек серуендеу ұсынылады, қоғамдық көлікте жүруден аулақ болу;
  • витаминдерге және микроэлементтерге бай, толық және үйлесімді тамақтану, спортпен шұғылдану, организмді шынықтыру иммунитеттің жоғарылауына ықпал етеді;
  • қоздырғыш сыртқы ортада тұрақсыз болғандықтан, жоғары және төмен температурада, ультракүлгін сәулелердің әсерінен тез өледі. Сондықтан үй-жайларды жиі желдету, инсоляциялау (күн сәулесі пайдаланылады), үй-жайларды ылғалды жинау аурудың алдын алу үшін пәрменді құрал болуы мүмкін;
  • ауырмау және айналадағы адамдарға жұқтырмау үшін мұрын-жұтқыншақтың жіті және созылмалы ауруларын – фарингит, тонзилит, ларингитті уақтылы емдеу керек;
  • менингококк инфекциясына тән алғашқы симптомдар пайда болған жағдайда дереу "жедел жәрдем" шақыру керек және ауырған адамды тез ауруханаға жеткізу қажет, өз бетімен емдеуге болмайды.

МИ сырқаттанушылығының жоғары қаупін, кенеттен басталуын және ауырлығын ескере отырып, алғашқы белгілерде медициналық көмекке жүгіну керек, сәтті емделу нәтижелері мен аурудың қолайлы нәтижесі осыған байланысты болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588