Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4593 0 пікір 20 Қаңтар, 2014 сағат 04:34

Анатолий Оловинцов: «Шыңғысхан маңғол емес»

«Маңғол (орысша «монгол», қазақша «маңғол» делінетін ұлт атауын қазақы түрінде алып отырмыз) ұлты тарихта болған емес, ол - саяси атау» дейді тарихшы-шыңғыстанушы, академик Анатолий ОЛОВИНЦОВ (суретте). Оның ойынша,  XIII ғасырда Еуразия даласын  түркілер жайлап жатты, соның ішінде Шыңғысхан да түркі болған, және де олар түрлі тайпаларға бөлінген.  Кейінірек оларды Шыңғысхан бір мемлекетке біріктіріп, шартты түрде «Мыңғол» деді, ол «мәңгі қол» дегені еді.

– Анатолий Григорьевич,  Шыңғысханның түркі екенін қайдан алдыңыз?

«Маңғол (орысша «монгол», қазақша «маңғол» делінетін ұлт атауын қазақы түрінде алып отырмыз) ұлты тарихта болған емес, ол - саяси атау» дейді тарихшы-шыңғыстанушы, академик Анатолий ОЛОВИНЦОВ (суретте). Оның ойынша,  XIII ғасырда Еуразия даласын  түркілер жайлап жатты, соның ішінде Шыңғысхан да түркі болған, және де олар түрлі тайпаларға бөлінген.  Кейінірек оларды Шыңғысхан бір мемлекетке біріктіріп, шартты түрде «Мыңғол» деді, ол «мәңгі қол» дегені еді.

– Анатолий Григорьевич,  Шыңғысханның түркі екенін қайдан алдыңыз?

– Бұл жайында мен алуан түрлі тарихи құжаттарды зерделей келе тұжырдым. Қараңыз. Тарихта маңғолша жазылған бір де бір сөз жоқ, ал түркіше –  қыруар. Шыңғысхан төңірегіндегілердің батыс королдарымен жазысқан жазбалары түркіше. Құбылай ханның ұрпақтарына Орталық Азиядан билеушілер де түркіше  және ежелгі ұйғыр қарпімен жолдаулар  жазған.Бұдан басқа Шыңғыстың тірі кезінде қашалған  тас жазба да түркіше. Егер сол кезде маңғол тілі болғанда, Шыңғысханға  түркіше тас қашап жазу неге керек? Осыдан Шыңғысханның түркіше сөйлеп, жазғандығын қорытуға мәжбүрміз.

– Ендеше маңғолдар қайдан шықты?

–  Ондай этном мүлде болған емес. «Маңғолия» атауы – саяси сөз. АҚШ-та америкалық ұлттың бары секілді. Бірақ бұл елде тұратындар: ағылшындар, африкалықтар, италяндар тағы басқа. Немесе, біздің бәріміз совет халқы болдық, бірақ ешкім совет тілінде сөйлеген емес. Қазақтар - қазақша, орыстар  - орысша сөйледі емес пе?..

Шыңғысхан кезінде еуразиялық жазықтағы адамдардың бәрі түркілер болды, олар татар, керей, жалайыр, найман тағы басқа болып бөлінді. Жылнамаға сенсек, бір күні Шыңғысхан ордасына Қытайдан Мәнхун елші келеді, ал қаған ол кезде жорықта болған. Елші қағанның  шабарманы Мұқалимен әңгімелеседі де одан сұрайды: «Сен кімсің?». Мұқали: «Мен татар кісімін» дейді.  Өйткені, бұрын татарлар біршама құрметте болған.  

Сөйтіп, Шыңғысханды түрлі жұрттар қоршаған. Қаған өз мемлекетін құрған кезде, ол алуан жұртты тұтас етіп, бір халыққа біріктірді.Ал осындай ала халқы бар елді қалай атау керек? Маңғолия – барынша бейтарап әрі күшті сөз «мәңгу/маңғу» - мәңгі және «қол» – әскер – «мәңгі қол» сөзінен шықты.

 – Сонда кәзіргі маңғолдар да ішінара түркіше сөйлей  ме?

– Жоқ. Бүгінгі халха-маңғол тілі  XVII ғасырда шықты, оларды мәнжүрлер жаулап алғанда.  Білесіз бе, Шыңғысхан өз әскерін Орта Азия мен Қап тауына қарай қаптатқанда, Маңғолия жарты халқынан ажырап еді.  Маңғолдар Қытайды жаулап, оны  бір ғасыр биледі, қытайлар қуып шыққанша. Қытайлар халқын қырып, Маңғолияның өзін екі рет тазартты.  Сосын, Шыңғысхан өлгесін, қалған ақсүйектер билік үшін өзара қырқысты. Ақырында XVII  ғасырда елде жергілікті әрі түркіше сөйлейтін 60 мың ғана адам қалды.Осыны білген мәнжүрлер Маңғолияны басып алды. Олардың тілі түркі тілінен мүлдем бөлек болатын.  Сөйтіп, басқыншылармен мыйдай араласқан ұрпақтан тұңғыс-түркі-мәнжүр тілі – яғни бүгінгі халха-маңғол тілі шықты.  

Бұрынырақта маңғолдар тәңіршілдер еді, кейін буддизмді қабылдады, бұл мәнжүрлермен ортақ жалғыз ғана белгі болды.Сол кезде барынша дарынды маңғолдарды Тибетке жіберіп қытайша, тибетше, түркіше оқытты.  Осы сауаттылар оралып жылнама жазған еді. Сол жылнамалар бізге жетіп отыр. Бұл жазбалар қытайша иероглифпен жазылған түркіше жазба болып шықты. Сол себепті оларды ғалымдар 30 жыл бойы оқи алмай келді.

– Шыңғысханға оралайық. Оның қазақ болуы мүмкін бе?

– Кәзір олай деу қиын. Меніңше, ұлттық  тиістілікті бір жаққа тартқыштап, қазақ деуге болмайды. Бірақ бәрі де соған ұмтылуда.  Татарлар, тіпті сақалар да оның өздерінікі екендігін дәлелдеуге тырысуда .Ол дұрыс емес. Қаған – түркі, өз мемлекетін құрғанда, ол маңғол болды да, өзін сол елдің аумағында жерлетті.

– Айтпақшы, қазақтар маңғолдармен араласып қоңырқай тартты деген бар. Ал сіз аналар да, мыналар да жирен болды дейсіз...

– Қазақ хандығы Шыңғыс өлімінен соң 250 жылдан кейін құрылды. Қазақтар ол кезде шынында да жирен болатын. Айтпақшы, алтын адам да жирен болды. Қазақ хандарының есімін алайық,  соңғы хан Кенесары – «кене» – кене, «сары» – жирен. Тарихта Тоғым хан болған, соғыста тоғыз ұлымен бірге шейт болған. Нәтижесінде «Тоғыс сары» аталатын жыр пайда болды.Тағы да жирен мәселесі.

Будандасу маңғолдармен емес, қытайлармен болған. Түркілердің Модә қағаны  қорғаннан өтіп Қытайды басып алды. Түркілерді не қызықтырды Қытайда? Шай, жібек және қытай қыздары. Қытай қыздарын мыңдап далаға алып кетті. Сол қоңырқай қыздар шаталарды шұбыртып тапты. Мұндай жорық мың жылға созылды. Бірте-бірте қазақтардың өңі міне, содан барып қоңырқай тарта басталды.  

www.megapolis.kz  сайтынан аударылды.

Abai.lz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578