Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2862 0 пікір 20 Қаңтар, 2014 сағат 09:13

Cайын Назарбекұлы. Бірінші сөзге саяхат (жалғасы)

Бірінші сөзден...

            Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурешілікті көре-көре келдік.

            Абай: өлшемі – шексіздік; мезгілі – мәңгілік; болмысы –  ұлылық атты жаратылыс құдіреттеріне толық бағына, құрметтей сезіне бағалаған болса керек.  Ол адам пендесіне тиісті "қамшы сабындай" қысқа ғұмырдан өзіне тиісті еншісін мол алмаққа тырысқан секілді...

Өзі тырыспаса сүрген ортасы мен өмір тартысы мәжбүрлеген.

Абай тек қана өмір сүрмеген, өмір туралы ойланған да.

Жауы да болған... Дауы да болған...

Жауы болғасын алысқан, жұлысқан. Күш көрсетіп жеңбекке тырысқан...

Дауы болғасын айтысқан, тартысқан. Айтысқасын ақыл салыстырады... Сөзбен тартысып сөзден сөз, ойдан ой асырмаққа тырысады...

Сүйе де білген, күйе де білген...

Ойлана да білген, толғана да білген...

Жоғарыда, өз шамамызша, Ұлы Табиғатты оқушылар қиялына, ойына, көзіне елестетпек болып: өлшемі шексіздік, мезгілі мәңгілік, болмысы  ұлылық деп атаған едік.

Абайдың шексіздік пен мәңгілікке қарсы қояры, немесе өз үлесіне тигені – бар болғаны алпысқа жетпей үзілген қысқа ғұмыры.

Дегенмен Абай ойы, Абай мұралары әлгі шексіздік, мәңгілік, ұлылық атты өлшемдерді өз бойына өлшеп қарап, адамдардың «өледі, өшеді» деген өлшемдеріне талас тудырып тұр.

Алпыс жылдық ғұмырымен Абайдың ойы мен сөзі, өнері мен ақылы мәңгілік пен шексіздік атты жұтпаның өңешіне сиғысы келмей, амалсыз жұртшылық назарын өзіне аударуда.

Абай –  әлем туралы білікке де, адам туралы танымға да өз көзқарасы болғанын, өз пайымын қалыптастырғанын дәлелдеген адам.

Абайдың бірінші сөзінен алынған келесі үзіндіні оқып қаралық...

...Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын...

Абай осы сөздерімен әлем жаратылысына қайрат көрсетпек болғандардың таласы мен тартысының нәтижесін анықтап береді. Уақыт кім кімді де мансабына, байлығына, көкірегіне қарамай, ақыры, қажытады, жалықтырады. Ақылы жеткендердің әлгі талас пен тартыс істерінің түбінде қоршылық екендігін, адам пендесінің жаратылыстағы орны бір-бірінің жағасын жырту емес екендігін түсіндіреді.

Абай өмір сатыларын осылайша өткізіп алып, Жаратылыс Ақиқатын іздейді. 

...Ақыры, ойладым: Осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры, осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ...

Абай бірінші сөзін: "... дедім де, ақыры, осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ" – деп, осылайша аяқтайды.

Әрине, әлем тыңдарлық асыл сөздер иесі Абайдың өмірден мүлдем алшақтап кетуі мүмкін емес. Абайдың еш нәрсеге енжар қарай алмайтыны, заманға да, адамға да немқұрайлы бола алмайтыны түсінікті. Бірақ Абай өзінің осы қара сөздерін ерекше таққа отырғызып кету үшін солай деп те отырған болар. 

"...енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ" дегенде, болашақ айтылмақ ойларынан күтері көп екендігін, барлық шаруасы мен шығармашылық еңбегінен болашақ жазылмақ ойларын ілгері орынға шығаратынын байқатқаны секілді...

Ой ойлау...

Ойды қағазға түсіру...

Ойым біреудің пайдасына асса деп дәмету...

Әрине, бұл қылықтар Абайдың ұстаз екендігіне дәлел. Ұстаз болғанда да әлемдік дәрежедегі ұстаз.

Бірінші сөз: жеке жаратылыстың (ұлыларды ойлап отырмыз) ой ісінің нәтижесі жай адам пенделерінің қолмен тындырар істерінен қажеттірек екенін, ондай адамдардың табиғат сыйлаған ерекше дарынын жалпы адамзат үшін пайдаға асыру жолындағы еңбегінің құндырақ екенін дәлелдеп шыққан.

Абай өзінің ұлылығын байқаған болса керек. Содан барып ол кез-келген пенде тындырып жатқан болымсыз нәрселермен, тіршілік тауқыметімен айналысудан бас тартқан болар, содан барып жалпы адамзат мүддесін қанағаттандырарлық ойларға берілген болар деген сенімге жетелейді...

(жалғасы бар)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566