Ресейлік спортшылар: Туымыз өзгенікі, жүрегіміз Ресейдікі!
Бүгін Париж Олимпиадасының ресми ашылуы өтеді. Төрткүл дүние көз тіккен байрақты бәсекеде биыл да Ресей спортшылары бейтарап тудың астында өнер көрсетеді.
Оған себеп – Ресей басқыншылығы. Сол себептен де Париж Олимпиадасына Ресейдің бар-жоғы 15 спортшысы қатысады. Бұл 15-і Ресейдің өз атынан қатысатындар. Бұлардан басқа, өзге елдің жалауын ұстап шығатын «қосмекенді» ресейлік спортшылар тағы бар. Бүгін солар туралы аз-кем сөз шығармақпыз...
Ресей БАҚ: «Біз жоғалтқан медальдар. Ресейліктердің қайсысы Олимпиадада басқа елдер үшін өнер көрсетеді», - деп ұлардай шулауда.
Сонымен 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарында 15 ресейлік спортшы бейтарап мәртебеде өнер көрсетеді. Алайда, жарысқа басқа құрамалардың құрамында ресейліктер көп қатысады.
Ресей спорты санкция алынған соң, атақты спортшылары өзге елдің азматтығын жаппай ала бастады. Өйткені, спорттағы жұлдызды жолдарын жалғастыру үшін бұдан басқа амалдары қалмады.
Жалпы алғанда, Париж Олимпиадасында ресейлік 63 спортшы өнер көрсетеді, олар қандай да бір жағдайға байланысты спорттық азаматтығын ауыстырып, басқа елдердің атынан өнер көрсетеді.
Әрине, Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің арасында бәрі бірдей бола бермейді, алайда олардың кейбіреулерінің мүмкіндігі жоғары болып көрінеді.
Кімге назар аудару керек? Қараңыз: Магомедхабиб Кадимагомедов (Беларусь), Ахмед Тәжудинов (Бахрейн), Магомедхан Магомедов (Әзірбайжан), Зелимхан Абакаров (Албания), Исмаил Мусукаев (Венгрия), Таймураз Салқазанов (Словения), Георгий Окороков (Австралия), Осман Нұрмағомедов (Әзірбайжан), Ислам Дудаев, Чермен Валиев (Албания), Магомед Рамазанов (Болгария), Дәурен Құруглиев (Грекия), Турпал-Али Бисұлтанов (Дания), Жүсіп Батырмұрзаев (Қазақстан), Владимир Егоров (Солтүстік Македония), Георгий Тибилов, Александр Комаров (Сербия), Виктор Рассадин (Тәжікстан), Жабраил Шапиев, Рустам Ассакалов (Өзбекстан), Артур Омаров (Чехия).
Abai.kz