Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1176 5 пікір 26 Шілде, 2024 сағат 16:13

Береке Жұмақаева: Масылдық сананы жеңетін - еңбек қана!

Сурет спикердің жеке мұрағатынан алынды

«Ұстаздық жолы - дара жол» демекші, Береке Жұмақаева  30 жылдан астам  ғұмырын ұстаздыққа арнаған жан. Алғашқы жұмысын Алматы  қаласындағы білім ордаларының бірінен бастаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі соңғы жылдары республикалық Абай мектеп интернатында  талмай еңбек етіп келеді. Аbai.kz тілшісі білікті ұстазбен сұхбаттасып, қоғамдағы патерналистік көңіл-күй мен масылдық сананы азайту туралы ой-пікірін сұрады.

- Береке ханым, тәжірибесі мол маман ретінде сіздің ойыңызды білгіміз келіп отыр: қоғамдағы патерналистік көңіл-күй мен масылдық санадан арылудың жолы бар ма?  Ең алдымен отбасына, тіпті қоғамға  пайда келтіргісі келмей жандар қайдан шығады?

- Әрине,  бұл бүгінгі күні өзекті тақырып. Оны әр адам әрқалайй түсінуі мүмкін. Дегенмен өз ойымды айтатын болсам, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу әр адамның отбасынан басталады. Қазіргі қоғамды қарасақ еңбек етпесең яғни жұмыс істемесең нансыз қаласың. Кейде мен көшеде жұмыс ісдеп тізіліп отырған тепсе темір үзетін жігіттерді көргенде жүрегім ауырады. Әрине ол сол бір реттік жұмысқа шығып, отбасын асырауға шығып отыр. Бірақ мен сол көшеде отырған уақытты аяймын. Одан да тұрақты жұмыс істеп, тұрақты табыс табуды көздеген дұрыс. Қазір мен жоғары сыныптарға сабақ беремін. Оларға мамандық таңдауда қателеспеу керек екенін үнемі айтып отырамын. Себебі болашақ мамандығың ол сенің-наның. Кейбір оқушылар мектеп бітіргенше болашақта кім болатынын білмейді. Әр саланы бір айтады. Ол дұрыс емес, мамандық жүрек қалауы. Ертең ол мамандықты іштей қаламасаң өкінесің. Масылдық психология деп жүмыс істегісі келмейтін, қарым-қабілеті бола тұра еңбек  етуге құлқы жоқ адамды айтар едім. Ал осындай адамдар біздің қоғамымызға зиян.

- Сөзіңіз аузыңызда, бүгінде «мені мемлекет асырасын» деген түсінікпен өмір сүретіндер бар . Ондай жандарға не айтар едіңіз?

- Әрине қазір байқаймыз мемлекеттен бөлінетін әлеуметтік төлеммен күн көріп отырған отбасылар бар. Бұл белгілі бір санаттарға мемлекет тарапынан қолдау. Ол бір аса көп қаржы деп айта алмаймын. Дегенмен бір отбасының кейбір қажеттілігін жабуы мүмкін. Мемлекет асырасын деген түсінікпен өмір сүру дұрыс емес деп ойлаймын. Өйткені адам ол қаржыға қарап қалмауы керек. Жұмыс жоқ деп сылтау айтатындарды да түсіне алмаймын. Себебі жұмыс істеймін деген адамға,  барлық жол ашық. Тек ниет керек. Өз ойым — жастарды масылдық санадан қалайда арылту керек. Сол жағына аса мән берсек деймін. Қазір жастар ақылды, алғыр оларға  бағыт-бағдар көрсетсең болды, әрі қарай өзі алып кетеді. Дәл қазіргі қоғамда жұмыс жоқ деп түксіз отыруды дұрыс санамаймын. Мемлекет тарапынан жұмыспен қамтуға бағытталған  түрлі бағдарламалар бар. Кез келген адам қалаған жұмысын тауып, қалаған кәсіпті игеруіне мүмкіндігі мол. Біз кішкентай кезімізден еңбекке ерте араластық. Барлық жұмысты ұл демей, қыз демей дөңгелете беретінбіз.  Ал қазір ше? Қазір балаларда барлығы бар. Тіпті бір түймені бассаң тамағың да алдыңа келеді. Қазіргі балаларда қимыл-қозғалыс жоқ. Мен содан қорқамын. Қолдаы смартфон соларды жалқау адамға айналдырып жатқандай көрінеді.

- Жоғарыда жастар ең алдымен масылдық санадан арылу керек дедіңіз. Осыны тарқатып айтып берсеңіз.

- Сұхбатымыз қоғамдағы масылдық сананы азайту, оның себебімен күресу тақырыбына қатысты дегенде көп ойландым. Тереңде жатқан тақырып екен. Осыны жан-хақты зерделеп, тарқатып айтып бергім келіп отыр. Өздеріңіз білесіздер бұрындары барлығы диплом алуға асығатын. Диплом болмаса жұмыс жоқ, жүк көтеруші немесе аула сыпырушы сынды маман боласың деген түсінік қалыптасты. Ал қазір ол үрдіс мүлдем жоқ. Қазір қарым-қабілет алдыңғы орынға шықты. Тіпті телефон арқылы үйренгің келген кәсіпті лезде меңгере аласың. Ең бастысы адамдар еңбектенуден қашпауы керек. Дипломы жоқ болса да жұмыс істеп, отбасын асырап отырған қаншама адамды білемін. Тағыда қайталаймын бұл жерде ең маңыздысы еңбек ету. Еңбектену арқылы ғана қоғамнан өз орныңды табасың.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475