Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Әдебиет 1659 0 пікір 29 Шілде, 2024 сағат 14:16

Поэзия һәм физика

Коллаж: Abai.kz

Мен сөз етпекші болып отырған Сәрсен Тұрдыбек ұлы 1986 жылы Іле педагогикалық институтының физика факултетін бітіргеннен кейін, алғаш мектепте оқытушы, арада радио-телевизор саласында журналист, кейіндеп қайтадан оқу-ағарту саласында оралып, Іле қазақ автономиялы облыстық Оқу-ағарту мекемесінің үні, айнасы саналатын «Іле оқу-ағартуы» журналының бөлім редакторы болады. Өмірден түйгені көп, ізденгіш, талатты дарын иелерінің қай жер, қай елге барса да жұлдызы жарық, мерейі үстем болатыны ақиқат.

Ол қоғамға ішкрілей араласа жүріп, жұмыс пен тұрмыстың түрлі ауыртпалықтарын місе тұтпай қаламын қолынан тастамай, қыруар суреттер салып, хабар, мақала, өлең және физика пәніне қатысты ғылыми еңбектер жазып, облыс, автономиялы район және мемлекет дәрежелі сыйлықтардың иегері болып, оқырмандар мен қалың жұрттың жақсы бағасын алған талатты азамат еді.

Сәрсен екеуіміз бала кезімізден бір ауылда өстік және сыныптас болдық. Анығын айтқанда, екеуіміз Тоғызтарау ауданы, Тікарық орта мектебінің 10-сыныбына дейін бірге оқып, 1982 жылы шілде айында ана мектеп құшағынан түлеп бірге ұштық. Біз мектепте жақсы оқыдық (Сәрсен екеуіміз мектепте сурет салуға әуес болдық. Сәрсеннің және бір ерекшелігі әдебиетке қатты қызығатын, өлең жазатын). Ол мектеп бітірген жылы «Қош енді бектебім» деген өлеңін жазып, мектеп бойынша алаңда ашылған жиналыстың мінберіне шығып оқығаны әлі есімде.

«Басталып сенде көктемім,
Қауашақ жарып көктедім.
Қош енді қормал ұстаздар,
Қош енді орта мектебім.

Қойныңда сенің өскенмін,
Асырсап ойнап өткенмін.
Қош енді жастық көктемім,
Қош енді орта мектебім.

Аттанады бүгін тентегің,
Жадына сақтап өткенін.
Қош енді сабақтастарым,
Қош енді орта мектебім.

Алғашқы өмір өткелін,
Жеңіспен сәтті өткердім.
Арманым алда көп менің,
Қош енді орта мектебім».

Тікарық орта метебін бітірген сыныптастармен бірге түскен естелік. 1982 жылы.

Менің Сәрсеннен басқа Қалибек, Бағашар, Әлмұрат, Бекбосын деген сыныптастарым болды. Осы аты аталғандар жоғары оқу орнына Тікарықтан аттандық. Қалибек Үрімжідегі Шынжаң 1-тамыз ауыл шаруашылық университетіне оқуға түссе, ал Әлмұрат пен Бекбосын Құлжадағы Іле ауыл шаршылық текникумына оқуға барды. Бір қызығы Сәрсен, Бағашар және мен Іле подагикалық институтында оқыдық. Сәрсен физика факултетінде, ал Бағашар екеуіміз филология факультетінің 1983 жылы тұңғыш рет ашылған қазақ тілі мен әдебиетінің толық курсында оқыдық. Жататын жатақханамыз бір ғыймаратта, ал сабақ оқитын корпсымыз бен тамақ ішетін асханамыз да бір жерде. Сол себепті үшеуіміз институтта жиі кездесіп, әңгімелесіп тұратынбыз. Бағашар екеуіміз қазақ әдебиетінде оқығанымызбен, Сәрсен секілді өлең жаза алмайтынбыз, қысқасы біз оның алдында ақын емес едік. Өйткені, өлең – кім көрінгенге қона бермейтін киелі өнер ғой. Үшеуіміз кездесіп әңгімелескенде, Сәрсен сен оқитын мамандықты біз, ал біз оқитын мамандықты сен оқып жүрген жоқсың ба деп бір-бірімзге әзілдесетінбіз. Сәрсенің өлеңдері мектепте оқып жүрген кездің өзінде газет-журналдар да жариялана бастан болатын.

Осыдан кейін сіз неге олай болған? Біздікі секілді өзінің қалаған жоғарғы оқу орнына барып емтихан тапсырмаған ба, мұнысы несі? деп таңғалып, таңырқап отырған шығарсыз. Сіздердікі («сіздердікі» деп Кеңес одағын айтып отырмын ғой) секілді талапкерлер өзінің қалаған, өзі таңдаған мамандыққа, жоғары оқу орнына барып емтихан беру бізде болған емес. Қысқасы ондай мүмкіндік ол кезде жоқ еді. Қытайда жоғары оқу орнына бізге дейінгі талапкерлерді мемлекеттік емтиханға қатыстырмай-ақ қабылдай беретін. Бұл Қытайдағы аты шулы «Мәдениет төңкерісінің» нәтижесі еді. Сол себепті дәл сол заманда мектепті жақсы оқысаң да, нашар оқысаң да, мектепті бітіре алмай орта жолда оқудан шығып кетсең де бәрібір болатын. Жергілікті биліктің қалауына жақсаң, шартына толсаң, олардың талдауына іліксең болды жоғары оқу орнының кез келгеніне барып оқи беретінсің. Қытайдың «жұмысшы, диқан студенті» деген атауы осы кезде қалыптасты.

Сыныптастардың 40 жылдық кездесуінен естелік. 2022 жылы.

1978 жылы Дың Шаупиң билікке келгеннен кейін, бұл саясат түбегейлі өзгертіліп, «мемлекет бойынша бір тұтас емтихан алу» түзімі жолға қойылады. Сапалы оқу-ағарту мен сапалы білім, ғылым мемлекетті құтқарады, халықты қиыншылықтан алып шығады деген саясат етек алды. Алдымен оқу-ағартуға түбегейлі реформа жүргізіп, мұғалімдердің біліктілігін арттырып, сапалы бағдарламалар әзірленді. Және оның іске асырылу барысы жоғарыдан бастап төменге дейін қадағыланды. Олқылықтары толықтырылып, кешіліктері дер кезінде түзетіліп отырды. Қысқасы 1978 жылы мектеп бітіретін оқушылардан бастап, «мемлекеттік бір тұтас емтихан алу» түзімі жолға қойылып, білімді жастар жоғары өрлеп оқу мүмкіндігіне қол жеткізді.

Оқушылар емтихан тапсыратын пәніне қарай – жаратылыстық ғылым және қоғамдық ғылым (гуманитарлық ғылым) деп екі топқа бөлінді. Жаратылыстық ғылымға – математика, физика, химия, биология және қытай тілі кіретін, ал қоғамдық ғылымға – математика, әдебиет, тарих, жағырафия (гегерофия), қытай тілі және саясат пәні жататын. Содан С.Тұрдыбекұлы, Қалибек, Әлмұрат Сағымбайұлы және Бекбосын Тұрғынбайұлы жаратылыстық ғылым бойынша емтихан берді де, ал Бағашар екеуіміз қоғамдық ғылымға емтихан бердік. Алғышқы іріктеу емтиханынан өтіп, «мемлекеттік бір тұтас емтиханды» тапсырудың алдында оқимен денген бірнеше жоғары мектепті талдап анкетаға толтырып жібересің. Егер емтихан нәтижеңіз жоғары оқу орнына қабылдау шегіне ілініп жатса, әрбір оқу орнындарының талапкер қабылдайтын жауаптылары алдын ала толтырып жіберген анкетаға қарап отырып қабылдайды.  Шақырту сіздің қолыңызға тигенше қай оқу орнына баратыныңызды да білмейсіз. Бұл кәдімгі қазақтың жеребе тастағаны секілді дүние болатын. Міне, осындай жағдайдың себебінен талапкерлердің көбінің өзінің қалаған мамандығына бара алмай өкініп жататыны. Бірақ С.Тұрдыбекұлын өкінді деп айта алмаспын, ол физика пәнін жақсы көретін. Ал менің жақсы көретін пәндерім – гегарафия, тарих, математика және химия пәндері болатын. Менің қоғамдық ғылымға емтихан берген себебім тарих мамандығын оқу еді. Ол арманым орындалмай, Іле падагоикалық институтының филология факультетінен бірақ шықтым, бірақ бұған өкінген емеспін. Өлең жаза алмағаныммен әдебиет ғылымына деген әуестігім артып, әдебиет тануға мүмкіндік алдым, алғашқы негізін қаладым. Соның жемісін қазір жеп, игілігін көріп келемін.

Мамандығымыз басқа-басқа болғандықтан оқу бітіргеннен кейін де жұмыстың қажетіне қарай алды-алдымызға кеттік. Сәрсен оқыған мамандық 4 жыл болғандықтан, ол бізден бұрын оқу бітіріп Тоғызтарау аудандық 1- қазақ орта мектебіне бөлініп барды, онда екі жылдай мұғалім болғаннан кейін, аудандық радио-телеизия мекемесіне журналист болып барды. Жаңа мақаламыздың басында «өмірден түйгені көп, ізденгіш, талатты дарын иелерінің қай жер, қай елге барса да жұлдызы жарық, мерейі үстем болатыны ақиқат» деп айтқанымыздың бір себебі осыдан болатын. Оның оқығаны физика ғылымы болғанымен, журналитика саласынна да белгілі қолтаңбасын қалтырып үлгірді. Өйткені, сөз байласқан,  бас құраймын деп жүрген қалыңдығы Нұргіл Шынжаң оқу-ағарту университетінің физика факультетін бітіріп келіп, Іле аймақтық №1-падагогикалық техникумында (колледжінде) мұғалім болады. Бұл пед техникум Күнес ауданының орталығы Бестөбе қаласына жайғасқан еді. Нұргілдің өзі тоғызтыраулық болатын, қызмет бабымен Күнес ауданына жолдамамен барыпты. Сәрсен мен Нұргіл үйлену тойын Тоғызтарауда жасағаннан кейін отбасының жағдайын ойластырған болу керек, Сәрсен жұмысын Күнес аудандық №1-қазақ орта мектебіне ауыстырып барады.

Ал Бағашар Нөкежанұлы және мен (Әлімжан Әшімұлы) институтты 5 жыл оқып, 1988 жылы шілде айында оқу бітірдік. Бағашар Құлжа қаласындағы Іле облыстық №1-қазақ орта мектебіне мұғалім болып орналасты, кейін 2007 жылдан 2012 жылға дейін мектеп директоры болды. Ол мұғалімдерге беретін мемлекеттік бірінші дәрежелі ғылыми атағын 2010 жылы алса, 2019 жылы ерекше дәрежелі ғылыми атаған алады. 2013 жылдан 2016 жылға дейін оқытушыларды жетілдіру, тәрбиелеу кеңсесінің жетекшісі міндетін атқарады. 2016 жылдан 2020 жылға дейін үкіметтің арнайы жіберуімен Шаңхай қалалсына барып Оқу-ағарту саласында төрт жыл қызмет істеп, кейін еліне қайта оралады.

Сынптасып әрі курстасым Бағашар Нөкежанұлымен бірге түскен естелік. Құлжаға қаласы.

Ал мен кешінкіреп барып 1989 жылы сәуір айында Іле облыстық партия комитеті, Әйелдер бірлестігінің басқаруында  жарық көретін, «Іле әйелдері» (қазір «Шыңжаң әйелдері» деп өзгертілген. Қытайдағы қазақ қыз-келіншектерге арналған жар дегенде жалғыз басылым) журналында көркемдеуші редактор, жауапты хатшы және тілші болып 5 жылға жуық жұмыс істегеннен кейін, тарихи отаным Қазақстанға (1992 жылдық 9- желтоқсанында) қоныс аудардым. 20 жыл көрмеген сыныптасым С.Тұрдыбекұлымен  2010 жылы көктемде алғаш Алматыда кездестім. Бір немере туысымен бірге қыдырып келіпті. Екеуіміз менің Көктебедегі жер үйімде аунап-қунап жатып өткен-кеткенді бір-екі күн әңгіме етіп едік.

Әңгіме арасында, – Сәке, сутудент кезімізде бәріміз жас болдық, қыздарға сырттай ғашық болып, махаббатқа талай рет мас болдық. Сен филология  факльтетінде бізден бір курс төмен оқитын алтайлық Майра деген қызға ғашық болып, сол қызбен махаббаттасып жүрген сияқты едің, кейін қалай айрылысып кеттің? – дегенімде, ол: «Ой, Әлеке, қай-қайдағыны айтып, ескірмейтін махаббатты еске түсірдің ғой. Майрамен айрылсайық деп айрылысқан жоқпыз ғой. Өзің білесің мен Тоғызтарауға кеттім, ол сендерден кейін 1989 жылы оқу бітірді. Оны Ілеге алып қалу үшін біраз жол жүріп көрдік, алып қалуға мүмкіндік болмады. Майра өз елі Көктоғайға амалсыз қоштасып кетті. Арамыз мың шақырым жер болғандықтан екеуіміздің байланысымыз да еріксіз алшақтай берді. Қазіргідей сөйлесіп, телефонмен болса да бет-жүзімізді көріп, сөйлесіп тұратын мүмкіндік ол кезде болмады ғой. Поштадан салған хатың оған он бес күнде жететін, оның маған жазған жауап хаты он бес күннен кейін маған келетін. Шапқылап баратындай жақын жер емес. Қазақ айтады ғой «көзден кетсе көңілден кетеді» деп, осы сөзді қазақ өте дұрыс айтқан екен. Сол сарғайған сағыныш кейін өлеңге айналды, екеуімздің махаббатымыз күл астында көмілген қоламта болып қала берді ғой. Қазір саған солкездегі жазған «Сағыныш» деген өлеңімді оқып берейін:  

«Білмесем де сағыныштың реңін,
Күндіз-түні сағыныштан жүдедім.
Ешкімді де сағынбайын десем де,
Елестеді сенің ғана гүл өңің!

Түсініксіз сәби жазған шимайдай,
Сағыныштың өңі-түсі шын қандай?
Бірақ, менің көңілімдегі сағыныш,
Дала толы пысып тұрған бидайдай.

Жүрем десем сағынышқа салынбай,
Келеді әлі бір шарасы табылмай.
Менің бүгін көудемдегі сағыныш,
Көкек деген құстың бейне зарындай.

Сағынышта бейне бар ма, тән бар ма?
Түймедей ме, түйедей ме, заңғар ма?
Ащы даусым шығып кете жаздайды,
Қыл бұрауын жүрегіме салғанда.

Күдікті ойлар көңілімдегі көз ілсін,
Келер күннің шүлен нұры төгілсін!
Саған сенем айналайын ғашығым,
Сағыныштан құтқаратын өзіңсің!».

– Пай, пай, қандай тамаша махаббат лрикасы. Сәке, ақындарға шабыт беріп, осындай өлеңдердің дүниеге келуіне себепкер болатын ғашықтық пен мөлдір махаббат сезімі екені анық қой. Сұлу табиғатқа да ғашық болып, небір тамаша табиғат лрикаларын жазған ақындар көп болды ғой. Жаңа «Майра екеуімздің махаббатымыз күл астында көмілген қоламта болып қала берді» деп айтып қалдың, күл астында көмілген қоламта дегенің «қыпқызыл шоқ» қой. Демек, сенің Майраға деген сезімің әлі сөне қоймаған секілді, оған сеген ғашықтық сезімің бір өлеңмен тоқтап қалмаған болар?

Сәрсен ақын табиғатты тамашалап отырған сәті.

– Әлеке, Майра менің алғашқы махаббатым ғой, қалай ұмытайын, ол баяғы бойжеткен қыз бейнесінде қалып қойды менің жүрегімде. Кейін басқа қызға ғашық болып, жаңа өмір бастадым. Бұл – тағдыр, тағдырға кейде осылай амалсыз мойын ұсынатын кездерің болады екен. Сенің де ғашық болған қызың, сөз байласып жүрген махаббатың болды ғой. Бірақ сен Қазақстанға кететін болған соң, жүрген қызыңның әке-шешесі, бауырлары «қызымызды Қазақстанға жібермейміз, егер сен осында қалсаң береміз» деп құдалық өткізбей, қызын бермей қойған жоқ па? Сен сол қызды Қазақстанға алып кетем деп Қытай мен Қазақстанның ортасында біраз жыл салпақтап жүрдің ғой, бірақ нәтиже болмады. Оны мен ұмытты дейсің бе? Өмір деген осындай адам баласы түсініп болмайтын қиқымет екен. Бейне ескексіз қайыққа отырып алған адамдар сияқты, жел қалай айдаса солай кете береді екенсің. Оны өзің де біліп, түсініп отырсың. Сенің де ескі жараңды тырнап жүрегіңді ауырытқан жоқпын ба? Сол ертеде жазылған өлеңнің бірі, сен сөз етіп отырған табиғат лрикасы «Таңғы сезімді» оқиын:

Көкжиектен көтерілді күн сәулесі арайлап,
Күннің қызыл шуағымен гүлге айналып бар аймақ.
Ерте оянған әнші құстар бұтағында ағаштың,
Құйқылжытып сайрап кетті табиғатқа ән арнап.

Сері самал дархандықпен шашып жұпар шашуды,
Еркелетіп тарап жатыр менің бурыл шашымды.
Бетон тоған ішіндегі нәз күлкісі сулардың,
Жағадағы құрақтардың салтанатын асырды.

Оранды да қызыл түске тау мен дала асылым,
Өн бойыма ыстық сезім сіңіп кетті жасырын.
Ертек сынды бір ғажайып түс көргендей күй кештім,
Сүйіп жатыр жасыл әлем ақ періште –  ғашығын.

Осы түннен оябайын деген едім, шын білгем,
Жыламсырап жұлдыз біткен сыңғырлайды бір-бірден.
Ай ұялып сығалады арасынан бұлттың,
Қиялыммен дарбазасын тарс беткіттім түннің мен».

Серсен кіші қызы Шуақпен бірге.

– Адам көңілін көтеретін, тамаша сезім сыйлайтын өлең екен. Сәке, «қай-қайдағыны еске түсірдің» деп өзің айтқандай күлдің астына көміліп қалған алғашқы махаббаттың қоламтасын бүгін екеуіміз аршып алғандай болдық қой. «Күл астында көмілген қоламтаны» өзіміз бүгін ашып кетпесек, бәрібір бір күні басқалар ашатыны анық. Сол себепті болары болып, бояуы сіңіп кеткен нәрсені жасқанбай, ұялмай өзіміз елге ашық айтып кетеніміз дұрыс секілді. Ел басқалардан естігенше, өзіміздің аузымыздан естіген дұрыс қой. Майраға арнап жазған өлең жалғыз емес шығар, тағы біреуін оқып жібер, – дедім, мен оны қолқалап. Сәрсен ары-бері теңселген ағаштай құйрығымен қозғалақтап барып орнына қайта жайғасты да, «сенде қоймадың-ау!» дегендей, жымия маған бір қарап алды да, «Мен сені ұмытпадым» деген өлеңін оқи жөнелді:

«Мен сені ұмытпадым, білесің бе?
Сол бір кез қазіргідей тұр есімде.
Кәдімгі жібек мінез домалақ қыз,
Тұрасың көз алдымда күлесің де.

Отына сағыныштың өртеп мені,
Сезімнің семді гүлі селт етпеді.
Қиялмен өзіңді іздеп шиырлаймын,
Қаңғыған дәруіш сынды ертектегі.

Көп жылды артқа салып содан бері,
Уақыт ұмыттырды саған мені.
Мен сені көрсем-ау деп ой кешкенде,
Гулейді сағыныштың самал-желі.

Түсімде қол бұлғайсың қыраттардан,
Жалт беріп жеткізбейсің, бірақ қарғам.
Сағыныш кейде сондай туындайды,
Кемудемде анталаған сұрақтардан», – деп қайырды және терең күрсінді.

Сол ақын Сәрсен Шұғынық, Шуақ атты екі қыздың әкесі болыпты. Құлжа қаласына қызметін ауыстырып келіп «Іле ағартуы» журналында бөлім редакторы болып жұмыс істеп жатыпты.  Өйткені, 2000 жылдың бас кезінде Іле аймағы Іле облысына қосылады. Қорғас ауданындағы №2-педагогикалық технику мен Күнестегі №1-педагогикалық техникуды біріктірген кезде, Сәкеңнің әйелі Нұргүл де Құлжаға ауысып келеді. Содан бері Құлжа қаласына тұрып жатыпты. Іле педагогикалық техникумының оқытушысы екен.

Сарсен Тұрдыбекұлы жұбай Нұргүл мен үлкен қызы Шұғынықпен бірге.

2015 жылы С.Тұрдыбекұлы зейнет демалысына шыққаннан кейін,  сол жылы Қытайдың Атыраудағы бір мұнай компаниясына барып бір жылдай жұмыс істейді. Еліне қайтар жолында маған жолығып, Алматыда бір-екі күн аялдады. Сонда ол әке-шешесі мен біраз туысы Алматы облысының Сарқант ауданына (қазіргі Жетісу аданыны) көшіп келгенін айтып еді. Арада, 2016 жылы көктемде, ол әйелі Нұргүлмен екі қызын ертіп Сарқанттағы әке-шесіне барып, онда оншақты күн аялдағаннан кейін, қайтар жолында Алматыға келген болатын. Сонда Сәкең келер жолы Қазақстанға біржолата көшіп келетінін, екінші қызын Ахмет Жуанов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мүсін және дизайын мамандығын оқытқысы келетінін айтып еді. Осы аралықта Қытайдағы саяси науқан басталып кетіп, ол арманы орындалмай қалды. Ең өкініштісі, ол аяқпас дертке шалдығып, көп ұзамай 2019 жылы 6 мамырда қайтыс болыпты. Марқұм С.Тұрдыбекұлы өзі кеткенімен, оның еліне істеген еңбегі мен жазып қалдырған дүнмелері  ескерткіш болып қалды.  Тірі болғанда өткен жылы желтоқсан айында 60 жасқа толар еді. Өзінің 40 жасқа толған кезінде жазған өлеңі болу керек, Сәрсеннің «Қырықтың қиялы» деген мынандай өлеңі бар екен.

«Борбайлатып уақытты шауып келем,
Борандатып көп «олжа» тауып келем.
Бірақ өмір қай күні ғайып болып,
Қай шұңқырда қалам деп қауіптенем.

Қорқақ қашан ғұмырдан өтемін деп,
Көңілдерден із-түзсіз өшемін деп,
Түсіп кеткен теңізге тебенге ұқсап,
Іздетпей-ақ зым-зия кетемін деп!

Қырық рет боранда бұрқасында,
Туындаған осы ойлар бір басымда.
Қиялдарым сол үшін қанат қақты,
Қылыш дәурен қырықтың қырқасында.

Құлақ түріп құмардың таласына,
Нөсер болып құйсам кеп ара-тұра.
Ит тұмсығы өтпейтін орман болсам,
Тарымменен Жұңғардың даласында.

Мылқауларға тіл болып сөйлеттірсем,
Ойсыздардың миына ой боп кірсем,
Қызыл-қырғын қырқысқан екі жақты,
Бейбіт күн боп шаттықпен кездестірсем.

Ақсақтарға аяқ боп зыр жүгірсем,
Жанар болсам соқырға нұрлы үмітпен.
Жоқ-жітікке қызырдың батасы боп,
Сыйлап берсем баяшат күнді күткен.

Айығамын үрейден сонда ғана,
Сонда ғана тірлікте мән бола ма?
Сонда ғана кеткенім жөн бола ма?
Сонда ғана жолдарым оң бола ма?» деп жырлаған екен шерлі ақын.

Бойындағы асыл қасиеттерін туған халқыңа арнап, елі үшін тер төгіп кеткен марқұм Сәрсен Тұрдыбекұлын бүгін сағына еске алып, оның өнегелі істерін жазып, сіздермен бөлісіп отырмын. Енді оның еңбек жолына, істеген қызметіне, шыққан биігіне біраз тоқталып өтелік.

Іле педагогикалық институтының физика факультетін 1982 жылы үздік нәтижемен бітірген С.Тұрдыбекұлы ұстаздық сапарын сол жылдың қыркүйек айында өзінің атажұрты Тоғызтарау аудандық №1-орта мектептен бастайды. 1991 жылы отбасы жағдайымен Күнес аудандық №1-орта мектепке ауысқан ол өзінің ақ көңіл, ашық-жарқын, адамға жағымды мінезімен жаңа әріптестерімен де етене араласып, оларға өзінің талатты дарын иесі екенін бірден танытып үлгіреді. Оның өнер-білімге құштар, зерделі, зерек, іскер азамат екенін байқаған мектеп әкімшілігі оған орта мектептің жоғары сыныптарына физика сабақтарын беру және толық орта сыныптарының сынып жетекшісі сияқты міндеттерді жүктейді. Зерделі жас алғаш ұстаздық сапарын бастаған тәжірибелеріне негізделіп, мұғалімдік мамандықты азаматтық міндетім, борышым деп санап, оқушыларға нысаналы сабақ өту, пысықтау жасау, сапалы оқу-ағартуды жалпыластыру, тапсырма беру, тапсырманы уағында тексеру, сабақ дайындығын мұқият жазу секілді оқу-оқыту түйіндерін мықты игеріп аптасына 16 сағат сабақ өтеді. Тағы бір жағынан, сынып жетекшілік жұмысын да тындырымды, ойдағыдай атқарады.

Өзіне қатаң талап қойып, білмеген жерін тәжірибелі қарт ұстаздардан қайта-қайта сұрап жалықпай үйренеді. Бір сыныптағы оқушылардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, тәртіпке бойсынуы, сабақ ұғымталдығы қаншалықты дәрежеде болатындығына дейін қадағылай бақылау жүргізеді. Олармен үйренуде, еңбекте, тағы басқа да түрлі қоғамдық, әлеуметтік қимылдарда бірге болып, оларды өзіне баурайды. Мектептің тәртіп-түзіміне қатаң бойсынып, оқушыларды, ахлақ, ақыл-ой және дене жақтан жетілген дарын иелері болуға жебей түседі. Отбасында қиыншылығы бар оқушыларға көмектесу, үйренуіне дем беру, жақтарында да қыруар игі істер істеп, мектеп ұжымы мен ата-аналардың сан мәрте алқауына ие болады. Сөзіміз дәлелді болу үшін бір-екеуін мысал ретінде айта кетелік. Ата-анасынан ерте айрылып, қиыншылық қыспағында өмір өткізіп жүрген Сағила деген қыз оқушының жағдайын ескерген Сәрсен өз үйіне жатқызып оқытумен бірге, оның екі жылдық оқу қаражатын өз мойнына алып, мектеп ұжымы мен оқытушы, оқытушылардың алқауына бөленсе. Тағы бірде отбасы жағдайымен оқудан шегінбек болған немесе оқудан қол үзген ішінара оқушылардың отбасыларына дейін барып, олардың ата-аналарына қайта-қайта идеялық тәрбие жүргізіп, балаларын мектеп құшағында алаңсыз оқуытуына түрлі жақтан дем береді.

С.Тұрдыбекұлы осындай еселі еңбектерінің арқасында әр жылы мектеп және аудан жағынан үздік сынып жетекші, озат оқытушы болып сыйланса, ол жетекшілік еткен сыныптар мектеп және аудан жағынан ұйымдастырылған әр жылғы оқыту қызметі мен үйрену, еңбек, тазалық, мәдени көңіл ашу сияқты әлеуметтік шараларда ағалап алға шығып отырады. Сәрсеннің қолынан түлеп ұшқан Әнбия, Бинұр, Байгел қатарлы оқушылар бұл күндері қоғамның әр саласында түрлі қызметтер істеп, туған халқының ұл-қыздарына айналса, әсіресе, ол орта мектептің жоғары жылдықтарына екі кезек сынып жетекшілік істеген 1996 жылдан 2002 жылдар аралығында мейлі сабақ өтуде немесе мектеп ұжымы жүктеген түрлі қызметтерде де болсын көрнекті табыстарға қол жеткізіп, аудан жағынан тіректі оқытушы, оқыту шебері, аудандық бас жұмысшы ұжымы жағынан белсенді жас, үздік қызметкер болып арт-артынан марапатталады.

Бұрынды-соңды мектеп ұжымында физика оқыту тобының бастығы, мектеп жұмысшылар ұжымының үгіт алқасы, мектеп кеңсесінің хатшысы, мектеп жұмысшылар ұжымының төрағасы, кеңсе меңгерушісі сияқты міндеттер өтеген Сәкең 1999 жылы шілденің 1-күні Қытай коммунистік партиясына мүше болады.

С.Тұрдыбекұлы отбасымен бірге. Сайрам көлі жағасы.

Сәрсен Тұрдыбекұлы мектеп ұжымы жүктеген түрлі қызметті тындырымды, ойдағыдай істеумен бірге, Іле педагогикалық институтынының физика факультетінен практикаға келген студентердің сабақ дайындау, сабақ өту әдісіне өзі тікелей жетекшілік етеді. Мектеп директорымен ақылдасып, мектепте арнаулы физика үйірмесін құрады. Үйірменің жетекшілігінде шығарылатын «Физика арнасы» атты апталық газетке ол бастан аяқ өзі жауапты болып, бұған жазу-сызуға бейімі бар оқытушы-оқушылардың физика ғылымына қатысты мақала, әдеби шығарма, өлең секілді туындыларын үзбей жариялап, олардың өмірге ішкерілей араласып, тәжірибе топтауына, жасампаздықпен тынбай шұғылданып, ой өрістерін кеңейтулеріне жол көрсетіп отырады. Сәрсен жазған «Орта мектеп физика оқытуындағы идея-мораль тәрбиесінің маңызы жөнінде» деген мақала 2004 жылы тамызда Іле қазақ автономиялы облыстық Оқу-ағарту мекемесі мен Іле облыстық оқу-ағарту ғылыми қоғамы жағынан өткізілген ғылыми мақалаларды бағалау жарыснда 1-дәрежелі сыйлыққа ие болып, басқаларға үлгі болды. С.Тұрдыбекұлы бұдан тыс, мектеп ұжымы жағынан ұйымдастырылған қабырға газеті және үгіт тақталарын шығару сияқты жұмыстарға да белсене атсалысып, оқушыларды сурет сызуға, өлең, мақала жазуға жетелеу жақтарында да еселі еңбектер сіңіреді.

«Физиканың зерттейтін,
Төтенше кең көлемі.
Көкейіңде көктейтін,
Білім берер өрелі.

Механика, жылуда,
Электр мен оптика.
Атом жайлы ұғым да,
Жатыр түгел осында.

Физиканы игерсең,
Игересің ғарышты.
Отырып-ап үйде сен,
Меңгересің алысты.

Ауарайын бақылап,
Байлықты да табасың.
Тіршілікті асырап,
Нағыз дана боласың», – деп өзі айтқандай әрқандай адамның өзі сүйетін әрі қызығатын кәсібі болады. Ендеше, Сәрсен өз кәсібінің қыры мен сырына қанық, сегіз қырлы, бір сырлы азамат еді.

2007 жылы сәуір айында Іле облысы бойынша өткізілген бастауыш мектеп оқушылары ішінен ғылым, табиғат сабақтарын өтудегі оқыту шеберлерін таңдау жарысында үздік ұйымдастырушы сыйлығына ие болған. Оның бұл күндері қоғамдағы қоламталы мәселелер мен оқу-ағарту саласы және өз кәсібінен тың тәжірибелер қортып, қалам тербеген ғылыми еңбектері де баршылық. Оның қазірге дейін «Қытай оқу-ағартуы», «Халық оқу-ағартуы», «Шынжаң оқу-ағартуы», «Іле ағартуы», «Іле газеті», «Іле кеші» сияқты басылымдар да «Орта мектеп физика сабағына идия-мораль тәрбиесін сіңіру және оның маңызы», «Кинеметика мәселелерін шешуде үнемі қолданылатын шеберлік», «Сабақ дайындығын лекциялау қимылы туралы алғашқы ойлар» сияқты көптеген тартымды ғылыми мақалалар жарияланып, әріптестерінің жақсы бағасын алса, 2007 жылы сәуірде «Қытай оқу-ағартуы» мен «Халық оқу-ағаруы» журналы бірлесіп өткізген ғылыми мақалаларды бағалау бәсекесінде оның ханзу тілінде жазған «Поэзиялық тілдің физика оқытудағы рөлі» деген мақаласы мемлекеттік бірінші дәрежелі сыйлықты еншілеп, «Осы заман оқу-ағартуының  теория және практика мінбесі» атты жинаққа енгізіледі.

«Жігіттің түрін айтпа, тындырған ісін айт» дейді дана қалқымыз. Ендеше, бойында бар өнер-білімді ұрпақ тәрбиелеу сынды ұлағатты іске арнап, ұлт тағдыры үшін шынайы күйініп қызмет істеген талантты дарын иесі Сәрсен Тұрдыбекұлы өз қызметінің өдесінен шыға жүріп, қосымша әдебиет жасампаздығымен шұғылданған еңбектері де өз алдына бір төбе екен. Оның қазірге дейін  «Анама хат»,  «Наурыз шаттығы», «Қойшы бәрін», «Барады-ау өтіп жас дәурен», «Ұстазға сәлем» (толғау), «Қызыма ақыл» (толғау), «Тияньшан», «Сағыныш жыры», «Қырықтың қиялы», «Бастығыма әзіл», «Айықтырып кеудемдегі уайымды» секілді 100-ге жуық өлең, толғаулар түрлі басылымдарда жарық көріп, оқырмандар арасында күшті әсер қалдырса, Камал Әбілқанұлы, Еркін Жетібайұлы, Тоқтақымет Нұрмамбетұлы, Саташ Нақыпұлы қатарлы белгілі сазгерлер әнін жазған «Анашым», «Келе жатыр гүл көктем», «Барады-ау, жас дәурен», «Ақ шағала аяулым», «Сағынып жүрмін мен сені» секілді ән мәтіндері Шыңжаң халық радиостанциясы арқылы әуе толқынында таралып, жұрт жүрегінен терең орын алады. Ол, ол ма, оның ханзу тілінен аударған «Бір жұп жиде ағашы» әңгімесі мен оннан астам ғылыми аудармасы «Іле газеті», «Іле кеші» сияқты басылымдарда жарияланса, 2006 жылы оның Әрмижан Әлібекұлымен бірлесіп ханзу тілінен тәржымалаған «Орталау мектеп математикасының жаңа сабақ методикасы» атты кітабы Іле халық баспасы жағынан жарық көреді.

Қытайдың құрылым реформасының ішкерілей өрістелуіне байланысты 2004 жылы жұбайы Нұргүлдің қызмет жағдайымен Іле облысының орталығы Құлжа қаласына келген ол 2006 жылдан бастап Іле қазақ автономиялы облыстық Оқу-ағарту мекемесі жағынан шығарылатын «Іле ағартуы» журналында бөлім редакторы болып қызмет атқарады. Сәрсен Тұрдыбекұлынан алдағы жоспарлары туралы сұрағанымда ол:

–   Мен радио-телевизия саласында 1988 жылдан 1991 жылға дейін не бәрі 3 жыл ғана істедім. Қалған уақтымның барлығы негізінен ұрпақ тәрбиелеу сынды ұлағатты іске айналды. Алдағы жерде қазақ оқытушылар мен оқушыларға аз да болса септігі тиер деген оймен орта мектеп физикасындағы маңызды мазмұндар мен теормаларды өлең тіліне айналдырып, бір кітап етіп шығарсам. Бұдан тыс жазған ғылыми мақалаларымды да жинақ етіп шығарып, оқырман қауымға ұсынсам деген ойдамын», – деп еді.

Сәрсен марқұммен соңғы рет көрген, соңғы рет естелік қалдырған сәт.

С.Тұрдыбекұлы өз кәсібіне, әсіресе оқушыларына білім беру мен оларды тәрбиелеуге келгенде жан-тәнімен берілгені белгілі. Жұмысының қауыртығына, қарбаластығана байланысты әуелі ауылдағы ата-анасын іздеп барып, аман-сәлем жасауға уақыт таппай қалған кездері көп болғаны анық. Мұны оның «Анама хат» деген өлеңнен-ақ білуге болады.

«Кешірші ана, кешірші тентегіңді,
Тентек ұлың алдыңда ерке мінді.
Ақ сүтіңнің қадірін енді ұғындым,
Бастап бүгін бәсеке өрт – өмірді.

Қара орманның ішінде халық деген,
Самғап келем сен айтқан бағытпенен.
Парасатты өзіңнің ақылыңмен,
Керегімнің барлығын тауып келем.

Түлеп ұшты мінеки бала құсың,
Тізгін қолда басқарып саналы ісін.
Өз жүрегің секілді жүрегіммен,
Құйқылжытып сайраймын далам үшін.

Өзің едің өмірде бар асқарым,
Өзіңе арнап өмірде жарасты әнім.
Аттанғанда арнаған ақ батаңмен,
Биіктерден биікке таласқанмын.

Күнде қарап жүрмісің мен келер деп,
Ауыл үйдің шаруасын меңгерер деп.
Бірақ қазір ауылға жете алмаймын,
Алып тауды алдыма өңгерем деп.

Көз алдымда қол бұлғап тұрған бейнең,
Мен кеткенде қоштасып туған жермен.
Елестейсің әліге қырдан-белден,
Елестейсің таңдардан қылаң берген.

Содан бері өткен жыл аз ба сірә,
Сағынышпен күнелткен жанға асыға.
Жазған жырым ұқсайды боз торғайға,
Қонып алып сайраған тал басына.

Кешірші ана, кешірші, тентегіңді!
Тентек ұлың алдыңда ерке мінді.
Ақ сүтіңнің қадірін енді ұғындым,
Бастап бүгін бәсеке өрт – өмірді.

Әлі менің мұратым мұзарттар да,
Көз ілмеймін үйреніп ұзақ таңға.
Сен жетпеген арманға жетсем бе дап,
Құлан жортпас бет алдым ұзақтарға», – деп жырлаға екен ақын.

Ол 2010 жылы көктемде Сәрсен Алматыға келгенде менің кітап сөремде тұрған, қытай тілінде жазатын ақын-жазушы Айдос Амантайұлының өлеңдерін оқып, «Әлеке, мына Айдос деген ақынның өлеңдері жақсы екен, мына кітапты маған бер, мен мұны қазақшалайын», – деп аттай қалап алып кетіп еді. Бұл кітап Қытайдың маңдай алды баспаларының бірі Бейжіңдегі «Қытай кино» баспасында 2007 жылы жарияланған А.Амантайұлының «Ең толық жинақ» атты өлеңдер жинағы болатын. Сол жылы жазда Сәрсен осы жинақтағы «Он бесінші көктемім» деген поэманы аударып маған жіберіпті. Мен оны дайындап жастарға арналған респуликалық «Үркер» журалының орынбасар редакторы, ақын Жарас Сәрсекке апарып бердім. Ж.Сәрсек оны көп кешіктірмей «Үркер» журналының тамыз айындағы санына жарқыратып берді. Кейін бұл поэма Құлжа қаласында шығатын «Іле газетінде» де басылды деп естідім. Көлемді поэманың алғашқы бөлігі:

Әлі шалғай жүрсің бе?
Киесі бар атыңның,
Ақша қарды аймалауға бармаған ед батылым.
Кенет тәтті ұйқысынан оятып алмай даланы,
Аяғының ұшымен басып сергелдең ой барады.
Қиялым менің түн қойнына зымырап кейде енеді,
Бірақ-бірақ ұйқысыз айдың сәулесі жамырап келеді.
Қаншама рет үн-түнсіз мылқау түндердей,
Көлеңкемді таптап, жүреді біреу сыр бермей.
Адам кейде күрсінеді күз сияқты күйге еніп,
Қас-қаққанш кім ескерер, мен түсіндім бір көріп.
Жапан дүзде жан баспаған тістеп тұрып ернімді,
Тіл қатпастан тіс жарып, ішіме тарттым демімді» деп басталатын. Бұл Сәрсен Тұрдыбекұлының аудармасы болатын.

Бұл кітап толық аударылмай қалды, жалпы марқұм, С.Тұрдыбекұлының армандарының көбі орындалмай қалды. Арамыздан ерте кетіп қалды.

Айтпақшы, марқұм Сәрсеннің жан жары Нұргіл 2022 жылы тұңғыш қызы Шұғынықты ұзату тойын Құлжада дүркіретіп өткізіп, құтты орнына қондырыпты, Қазір қызы мен күйеу баласы Үрімжіде жұмыс істеп жүр екен. Ал екінші қызы Шуақ Бейжіңдегі Шел тілдер университетінің халықаралық қатнастар факултетінде экономика-бизнес және ағылшын тілінен 4 жыл білім алып, оны өткен жылы бітіріпті. Енді марқұм әкесі армандаған, өзі қалаған А.Жуанов атындағы Қазақ ұлттық өнер акамедиясының мүсін және дизайын мамандығы бойынша жалғасыты білім алу үшін Алматыға келіп-кетіп жүр екен. Осыдан бір ай бұрын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетінде пәннен емтихан тапсырып қайтыпты.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Алматы қаласы филиалының жетекшісі О.Әділбекұлымен кездескен сәттен естелік.

Шуақ екінші рет қайтып келгенде, мен оны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының, Алматы филиалының жауаптысы Омарәлі Әділбекұлына жолықтырып, – Ореке, мына Шуақ Сәрсенқызы Қытайда жоғары мектепті бітіріпті, арманы Өнер академиясының мүсін және дизайын факультетіне түсіп оқу екен. Осыдан бір ай бұрын келіп алғашқы емтиханын тапсырып қайтыпты, енді Өнер академиясына құжаттарын өткізіп, кәсіптен емтихан беру қалыпты.  Сіздің істеп отырған жұмысыңыз шетелдегі қазақтармен мәдени, білім, ақпарат саласында байланыстар жасау мен келген ағайындарға бағыт-бағдар көрсетіп жіберу ғой. Егер сізге қиын болмаса Шуақты Өнер академиясына ертіп барып, құжаттарын тапсыруға көмектесіп жіберсеңіз, бұл қызымыз қазақ тілінде кейбір сөздерді жеткізіп айта алмайды екен, менің ертең ауылға бармасам болмайтын шұғыл шаруам болып тұр», – деп едім, Орекең әкесі Сәрсенді де, анасы Нұргілді де танитынын, Нұргілмен мектепте бір сыныпта оқығанын, клласком болғанын айттып, ертесі түске қарай ертіп баруға келісті. Шуақ Сәрсенқызы екеуіміз оның бөлмесінен көңілді шықтық. Мен Шуақты тұрған үйіне жеткізіп салып, үйге қайттым.

Ертесі Омарәлі маған телефон шалып, Өнер академиясына Шуақты ертіп барғанын, ректрдің Астанада іс сапармен жүргенін, сонда бар жауапты қызметкерлерге таныстырып, тапсырып қайтқанын айтты. Мен оған рақметімді айттым. Бүгін осы мақаланы жазып отырып Шауақ Сәрсенқызына телефон шалып едім, Ол: «Көке кәсіптен емтихан тапсырғам, кеше хабарын алдым, Өнер академиясының мемлекетік грантына түсіп оқитын болдым», – деп қуанышты хабарыын жеткізді. – Құты болсын қызым, әкең Сәрсеннің аруағы разы болатын болды!дедім мен де қуанышымды жасыра алмай.

Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын! Тәңірім алдыңнан жарылқасын! Аруағың шат болсын, асыл азамат!

Әлімжан Әшімұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053