Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Айқай 2016 3 пікір 1 Тамыз, 2024 сағат 15:13

Бокс: Бірінші кезеңнен өте алмау деген не сұмдық?

Сурет: egemen.kz

Қазақ БАҚ беттерінде Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Олимпиададағы боксшылардың жекпе-жегін: «Не істеп жүрсіңдер шұбырып бәрің», - деп сынға алғандығы жария етілді.

Бақыт Сәрсекбаев Facebook әлеуметтік желісінде қалдырған жазбасында Париж Олимпиадасына қатысып жатқан боксшы жігіттердің дайындығын сынға алып, жігіттердің күш-қуатының өте әлсіз екенін тілге тиек етті.

Оның Facebook әлеуметтік желісінде қалдырған жазбасына көз жүгіретер болсақ: «Екінші раундта тыныс алулары қиындап, рингте әрең жүр.  Соққылары аз. Соққылар комбинациясы тіпті аз. Үш минутта қанша соққы жаудыруға болады?! Боксшылардың дене тұрқымен айналысу үшін арнайы шақыртылған кубалық маман қайда қарап жүр? Тұтастай ғылыми топ қайда? Неге біздің боксшылардың демі жетпей жүр? Үш раунд аяқта тұра алмайды. Бәрің шұбырып, не істеп жүрсіңдер? Бірінші жекпе-жектен өте алмады деген не сұмдық?» , - деген күйінішін оқи аламыз.

Бұдан бөлек Бейжің Олимпиадасының чемпионы лицензия алған боксшылардың жарысқа дейін өткізген жекпе-жектеріне қатысты өз уәжін былайша білдіреді: «Әрбір боксшы лицензия алғаннан Олимпиадаға дейін неше жекпе-жек өткізді? Практика бар ма? Мысалы, мен жарты жылда 22 жекпе-жек өткіздім. Бас бапкерге айтатын сөзім жоқ, тіпті...».

Шындықты осылай бетке айтқанға не жетсін, шірікін?!

Abai.kz

3 пікір