Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Масқара! 1392 1 пікір 7 Тамыз, 2024 сағат 13:19

Жол ережесін 53 рет бұзған оралдық жігіт құрықталды

сурет; baribar.kz

Орал қаласында 21 жастағы жүргізушінің жол ережесін 53 рет бұзғаны белгілі болды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 6 тамыз күні Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Suncar Smart Qorgau жүйесі арқылы жылдамдықты бірнеше рет арттырған «Hyundai» автокөлігін анықтап, жауапқа тартты.

«Тексеру кезінде 21 жастағы жүргізушінің облыс орталығының көшелерінде 53 рет жол ережесін бұзғаны анықталды. Құқық бұзушылық негізінен жылдамдық режимінен асып кетуге байланысты болды. Айыппұлдың жалпы сомасы 1 млн 300 мың теңгеге жетті. Айта кету керек, жүргізуші айыппұл сомасының 50 пайызын төлеп, қарызды жеңілдетілген тәртіппен өтеуге құқылы. Қазіргі уақытта автокөлік арнайы автотұраққа қамалды», - деп хабарлады ведомстводан.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019