Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3605 0 пікір 30 Қаңтар, 2014 сағат 05:40

Сайлау Байбосын. Орыстілді қауымға танк емес, прицип қымбат болып тұр

Керекудегі Т-34 танкіне байланысты дау қазір облыс көлемінен асып, бүкіл республикаға жайылып болды. Бір ғана танк үшін осыншама шу көтеріп жүргендердің мақсаты не? «Легендарный танк Т-34 был установлен в центре Павлодара в сквере по улице Ленина в 1987 году в память о том, как павлодарцы в годы Великой Отечественной войны собирали деньги для отправки на фронт колонны таких боевых машин»-дейді жергілікті орыстілді басылымдардың бірі.

Сонда бұл танк несімен «легендарный» деп ойладық. Егер Ертіс өңірінде бір кездері соғыс қимылдары орын алса, не болмаса Шешенстандағыдай қарулы қақтығыстар болса бір сәрі. Тіпті осы жерде танк шығаратын зауыт жұмыс істесе, жөні басқа болар еді. Егер бұл танк ертең орнына қайта қойылатын болса да, бүгінгі шу көтеріп жүрген орыстілді қауымның бірі де сол танктың маңына бармайды. Тіпті жанына өтіп бара жатып, мойнын да бұрмайтын шығар. Ендеше неге сонша шуласады дейсіз ғой? Бұл жерде мәселе принципте болып отыр. Орыстілді ағайын өзінің баяғы өктемдігіне басып, қайтсемде айтқанымды істетем деп отыр. Ал ашығын айтсақ, бұл көпе-көрнеу ұлт араздығын қоздыру! Сосын шама келсе жаңа әкімнің мысын басып алу...

Керекудегі Т-34 танкіне байланысты дау қазір облыс көлемінен асып, бүкіл республикаға жайылып болды. Бір ғана танк үшін осыншама шу көтеріп жүргендердің мақсаты не? «Легендарный танк Т-34 был установлен в центре Павлодара в сквере по улице Ленина в 1987 году в память о том, как павлодарцы в годы Великой Отечественной войны собирали деньги для отправки на фронт колонны таких боевых машин»-дейді жергілікті орыстілді басылымдардың бірі.

Сонда бұл танк несімен «легендарный» деп ойладық. Егер Ертіс өңірінде бір кездері соғыс қимылдары орын алса, не болмаса Шешенстандағыдай қарулы қақтығыстар болса бір сәрі. Тіпті осы жерде танк шығаратын зауыт жұмыс істесе, жөні басқа болар еді. Егер бұл танк ертең орнына қайта қойылатын болса да, бүгінгі шу көтеріп жүрген орыстілді қауымның бірі де сол танктың маңына бармайды. Тіпті жанына өтіп бара жатып, мойнын да бұрмайтын шығар. Ендеше неге сонша шуласады дейсіз ғой? Бұл жерде мәселе принципте болып отыр. Орыстілді ағайын өзінің баяғы өктемдігіне басып, қайтсемде айтқанымды істетем деп отыр. Ал ашығын айтсақ, бұл көпе-көрнеу ұлт араздығын қоздыру! Сосын шама келсе жаңа әкімнің мысын басып алу...

Соғыс кезінде кімдер майдан үшін еңбек етіп, қаржы жинамады. Тіпті Қажымұқан бабамыз ауыл-ауылды аралап, өнер көрсетіп, жинаған ақшасына ұшақ жасатып бергенін білеміз. Ендеше неге Қажымұқанның зиратының басына немесе ауылына ұшақтың ескерткішін қоймаймыз?

Соғыс уақытында Ақмолада 310, 387, 29 (кейін 72-інші) атқыштар дивизиясы, 106 кавалерия дивизиясы жасақталған. Бірақ Ақмоланың көшесіннен мылтық ұстаған солдаттың немесе атты әскердің ескерткішін көргеміз жоқ. Себебі бұл секілді шаруалар сол кезде Кеңес елінің қай жерінде болсын жаппай ұйымдастырылып жатты. Сол уақыттағы міндетті жұмыстардың бірі болды. Ал соғыс кезінде танкке ақша жинағанбыз деп, ескерткіш қою тіпті ақылға қонбайтын нәрсе. Олай болса бұндай ескеркіштер Қазақстанның барлық қаласында тұруы керек. Өйткені соғысқа атсалыспаған қала мен ауыл жоқ.

Ал орыстілді ағайындар шынымен тарих құрметтейтін болса, неге Павлодарда шынжыр табан тракторге ескерткіш қоюды талап етпейді. Себебі кезінде осы жерде «Қазақстан» деген трактор шығаратын үлкен зауыт болған. Мыңдаған адам сол жерде талай жыл еңбек етіп, нәпақа айырған үлкен кәсіпорын болатын.

Даукестердің «ардагерлер 9 мамыр күні ол жерге гүл шоқтарын қояды» дегендері де бос сөз. Гүл қоям десе, облыстық әкімдіктің жанында Жеңіс алаңы бар, сол жерде мәңгілік алау және даңқ обелискісі тұр. Сормов көшесінде әскери даңқ саябағы бар. Ол жер Г.Потанин атындағы облыстық мұражайдың филиалы болып табылады. Саябақта Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаевтың зеңбірегі, басқадай әскери қарулар және майдангердің биік мүсіні орнатылған. Соғыс тарихын құрметтеймін деген адамға бұдан артық не керек. Мына танкті де сол жерге апарып қойған еді. Енді жоқ жерден дау туғызып, орнына қайта әкелмекші. Шынын айтқанда, оның тұратын жері де сол ара ғой.

Электронды ақпараттардан оқып жатырмыз, облыстық мәдениет басқармасынан Баширова деген бір әйел «танк 9 мамырға дейін өз орнына оралады» деп қуана хабарлапты. (Бұған қанша қаржы кететінін есептей беріңіз. Сол ақшаны басқа бір пайдалы шаруаға неге жұмсамасқа). Әрине, Баширова секілділерге өкпелейтін жөн жоқ, ол тек айтқанды орындаушы ғана. Оның үстіне мәдениет басқармасы қазір «иесіз» тұр. Бұрын оны басқарған Қадысова деген әйел Е.Арынның кадры ретінде орнынан алынған. Бірақ оның да ұлтқа бүйрегі бұрып тұрғаны шамалы болатын.

Ал шындығына келгенде, әкімдік төңірегінде Бозымбаевқа осы өңірдегі ұлт мәселесіне байланысты жағдайларды түсіндіріп, ақыл-кеңесін айтатын жібі түзу адам да жоқ. Кеңес айтпақ түгілі, қай күні қайсымызды орынымыздан алып тастар екен деп өздері жалтақтап отыр. Ел ішіндегі дұрыс сөз айтады деген ақсақалдардан ақыл сұрап жатқан әкім де жоқ. Сондықтан әзірше жергілікті орыстілді ағайынның айтқаны мен орыстілді басылымдардың жазғаны ғана есепке алынып жатыр.

Өңірге келген жаңа әкім ең әуелі жергілікті зиялы қауыммен, қалам ұстайтын ағайынмен кездесіп, аймақтың әлеуметтік-рухани жағдайданан ақпарат алар еді. Бірақ Бозымбаев оны қажет деп таппаған секілді. Ал оның жанындағы бас шұлғығыштарға ұлт намысының керегі шамалы. Олар үшін қызмет орындарын сақтап қалса болғаны.

Жарайды, оны айта беріп қайтеміз. Бұл жақтағы қазақ қашанда қағажу жеп үйренген ғой. «Павлодар қаласының Ленин көшесіндегі» өзінің тұғырына Т-34 танкі те қайтып оралар. Жергілікті биліктен тағы да бір меселіміз қайтар. Не көрмеген бас дейміз де қоямыз. Ең масқарасы, біздер өз жерімізде өзімізді мемлекет құраушы ұлт емес, дисапора секілді сезінеміз. Біздер үшін  барлығын орыстілді қауым шешеді. Билік те соларды қуаттайды. Тәуелсіздік алғанымызға 23 жылдан асып барады,  жағдайымыз осындай.

Керекудегі көшелердің 90 пайызының атауы орысша екенін талай мәрте жазып жүрміз. Ленин, Кутузов, Ермак, Суворов болып кете береді.  Әйтпесе, жоғарыда айтылған, атын ешкім білмейтін Сормов деген сияқтылар... Ал енді осының бірін қазақшаға өзгертем немесе бір тарихи тұлғаның есімін берем деп көріңізші, не болар екен! Керекудегі  орыстілді қауым өре түрегеледі. Бұл олардың өздері өмір сүріп отырған Қазақстан Республикасы атты мемлекетті, оның тұрғылықты халқын, сол халықтың тарихын, салт-дәстүрін сыйламағаны. Әлі де баяғыша төбеден қарағысы келеді. Шынын айтқанда, көшелердің қалай аталғанының оларға керегі шамалы. (Орыстардың барлығы бірдей ұлтшыл-шовинист емес). Бірақ соларды қоздырып, айдап салып отырған белгілі бір адамдар немесе басылымдар бар. Оларды қаржыландырып отырған сыртқы күштер болуы да әбден мүмкін.

Облыс орталығында орыс тілінде шығатын 3-4 басылым бар. Осы дауды өршітіп отырған да солар. Және аймақтағы елдің 90 пайызы орысша оқитындар. Олар осы газеттердің жазғанына имандай сенеді. Жасыратын жоқ, жергілікті қазақтардың көбі (маргиналдар) соларды қолдайды. «Бассыз үйдің-иті осырақ» деген секілді, бұл басылымдарға әзірше қой дейтін құдайдың құлы болмай тұр. Бір қызығы, қазақша жазатын журналистің әр сөзін қадағалап отырған ұлттық қауіпсіздік қызметі бұларды байқамайтын секілді...

Осындайда талай нәрсе ойыңа келеді. Жайшылықта газеттің бетін бермей, бар қазақтың атынан сөйлейтін Алматыдағы «ұл жанашырлары» қайда жүр екен деп ойлайсың. Дәл осындай кезде бізге неге қолдау көрсетпейді екен? Әлде олар да арнаулы «заказбен» ғана жұмыс істейтіндер ме? Болмаса Кереку өңірі Қазақстанның құрамына кірмей ме?

...Кейде осының барлығын неменеге жазамыз, кімге керек деп ойлайсың. Тіпті шарасыздықтан айдалаға безіп кеткің келеді. Дәл осы күйімді бір қаламдас қарындасыма айтып едім ол: « Аға, сіз де қызықсыз, кредитін жаба алмай басы қатып жүрген қазаққа ұлт мәселесін түсіндірем дейсіз. Қазақтың одан басқа да проблемасы толып жатыр ғой»-деді. Мүмкін онікі де рас шығар...

Павлодар облысы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562