Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
Саңлақ 3165 3 пікір 21 Тамыз, 2024 сағат 14:15

ҰОК: Головкин тазартуды Өтешовадан бастады ма?

Сурет olympic.kz сайтынан алынды

Олимпиададағы Ұлттық Құраманың сәтсіздігінен спорттағы кейбір лауазымды тұлғалардың өз мансабымен қош айтысатындығын болжап білу үшін көріпкел болудың да еш керегі жоқ.

Кімдер жіліктің майлы басынан айырылады деп бал ашу ғана қалады. Бұл жолы манабымен қош айтысқандар дүрмегін ҚР ҰОК Бас хатшысы Жанар Өтешева бастады.

Жұрттың бәрі ағаш атқа мінгізген ҚР ҰОК Бас хатшысы Жанар Өтешева бұл лауазымда осы жылдың 28 ақпанынан бері қызмет етіп келеді. Енді Жанар Өтешева ханымының қалай ағаш атқа мінгізілгенін сөз ете кетейік.

ҚР ҰОК Бас хатшысы Жанар Өтешева сенімінің жоғалуына байланысты қызметінен шеттетіледі.

«Сенімхат негізінде берілген Бас хатшының өкілеттігі Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті Президентінің бұйрығына сәйкес кері қайтарып алынды», - делінген ҰОК ресми мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, бас ассамблея мүшелерінің қарауына Өтешеваны «сенімнің жоғалуына байланысты» бас хатшы ретінде атқарушы комитеттің құрамынан шығару туралы мәселе шығарылатын болады. Мұндай шешімге ҰОК басқа түсініктеме бермейді.

Осыған дейін спорт журналисі Аслан Қаженов: «Спорттың барша түрін дамытамыз деп, мемлекет қаржысын босқа шашпай, тек спортшыларымыз әлемдік додада жарып шығатын спорт түрлерін ғана бюджеттен қаржылануды қолға алуымыз керек», - деген еді.

Сонымен 206 мемлекеттің үкілеген үміттері қатысқан Париж олимпиадасы да өз мәресіне жетті. Алғашқы үштікті АҚШ 40 алтын, 44 күміс және 42 қоламен жиыны 126 жүлдемен бастаса, келесі орындарды Қытай 40-27-24 (91) және Жапония 20-12-13 (45) иеленді.

Осы олимпаиадада Орталық Азия елдері қандай биіктерді бағындырды сол жайында сөз ететін болсақ. Қазақстан Өзбекстаннан 30 саты Түркия 51 саты төмен орналасты. Қырғыз, тәжік және түркімендерді ауызға алмай-ақ қоялық.

Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасын 7 медальмен аяқтады.
Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасының 78 спортшысы спорттың 25 түрінен бақ сынасты. Оның ішінде 54 спортшы Олимпиадаға алғаш рет қатысты.

Туризм және спорт министрлігінде Қазақстан құрамасының ойын қорытындысы шығарылып: «Осындай ауқымды іс-шарада жүлделі орындарға ие болған барлық спортшыларды құттықтаймын. Әрине, біздің спортшыларымыздың бұдан да үлкен жетістіктерге жету мүмкіндігі болды, алайда біз Токио Олимпиадасынан кейін сабақ алып, Парижде өз көрсеткіштерімізді жақсарта алдық. Төрт жылдан кейін біз АҚШ Олимпиадасында бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдімін», - деді министр Ермек Маржықпаев.

Егер спорт журналисі Аслан Қаженов пікіріне қазақ билігі құлақ асар болса, келесі Олимпиадада қазақ елінің алар орны асқақтар еді-ау!

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2070