Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3465 0 пікір 10 Ақпан, 2014 сағат 05:12

Ғалия Қайдауылқызы. Елбасының жолдауын қолдау – елдің болашағын ойлау

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы айтқандарына жүгініп, астарына терең үңіліп қабылдау лазым. «Мәңгілік Қазақстан» жобасындағы «Мәңгілік Ел» идеясы мәңгілік жасайтын ұлттың мәңгілік мүддесін қорғайтын мәңгілік мақсаты деп түсінеміз. Тұяғының дүбірімен дүниені дүр сілкіндіріп жеткен жылқы жылы тұлпар мінез қазақтың да намысын қамшылап , арқаландырып, арынды да қарымды, шабысты да табысты, қажырлы да қайратты асқар армандарға жол сілтеді. Әлбетте, міндет ауыр, жол шалғай. Жауапты да сауапты бағдарламаны жүзеге асыру атты да болдыртпай арбаны да аман сақтап қалудың айласын ақылға салып саралайтың сабыр мен салиқалы парсаттылықты, сауысқандай сақтықты, сергектік пен сенімді қажет етеді. Ең бастысы, елім деп еңбек ететін есті азаматтардың, шылбыр тізгінді қатар ұстап отырған атқамінерлердің ұлтының ұлы болып қалуы,  ең әуелі халқының құлы бола білуінде екендігі ескертілді.  Халқымыз; «үш күндігін ойлаған әйел ақылды, үш жылдығын ойлаған еркек көреген, үш ғасырын ойлаған көсем кемеңгер» дейді. Көзін көкжиекке қадаған, даңқы шартарапқа тараған елінің қабағына қараған, ұлт тағдырын өз тағдырына балаған Елбасының жолдауын қолдау, дамыған елдердің қатарына қосылу ғана емес, біраз елге өнеге көрсете білудің бастамасы болуға тиіс.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы айтқандарына жүгініп, астарына терең үңіліп қабылдау лазым. «Мәңгілік Қазақстан» жобасындағы «Мәңгілік Ел» идеясы мәңгілік жасайтын ұлттың мәңгілік мүддесін қорғайтын мәңгілік мақсаты деп түсінеміз. Тұяғының дүбірімен дүниені дүр сілкіндіріп жеткен жылқы жылы тұлпар мінез қазақтың да намысын қамшылап , арқаландырып, арынды да қарымды, шабысты да табысты, қажырлы да қайратты асқар армандарға жол сілтеді. Әлбетте, міндет ауыр, жол шалғай. Жауапты да сауапты бағдарламаны жүзеге асыру атты да болдыртпай арбаны да аман сақтап қалудың айласын ақылға салып саралайтың сабыр мен салиқалы парсаттылықты, сауысқандай сақтықты, сергектік пен сенімді қажет етеді. Ең бастысы, елім деп еңбек ететін есті азаматтардың, шылбыр тізгінді қатар ұстап отырған атқамінерлердің ұлтының ұлы болып қалуы,  ең әуелі халқының құлы бола білуінде екендігі ескертілді.  Халқымыз; «үш күндігін ойлаған әйел ақылды, үш жылдығын ойлаған еркек көреген, үш ғасырын ойлаған көсем кемеңгер» дейді. Көзін көкжиекке қадаған, даңқы шартарапқа тараған елінің қабағына қараған, ұлт тағдырын өз тағдырына балаған Елбасының жолдауын қолдау, дамыған елдердің қатарына қосылу ғана емес, біраз елге өнеге көрсете білудің бастамасы болуға тиіс. Сонда ғана біздің байтақ еліміз біреудің етегінде де, жетегінде де, шылауында да, бұғауында да емес, өзінің жерінде, өзгелердің төрінде отыруға лайық екендігін мойындата біледі деп үміттенеміз. Дәуірлер бойы тәуелсіздікке талпынған, ұлт болуға ұмтылған, азаттыққа алқынған, жауына қатал, досына адал, малын жанына, жанын арына құрбан еткен қабырғалы халқымыздың ұлттық ұстанымының астарында қазақтың тілегі, шығыстың реңі, батыстың сілемі, жаһанның лебі айқын да анық байқалып тұрғанын терең сезіндік.

«Мәңгілік Ел» идеясы  - ел тұтастығының бұлжымас ережесі. Себебі, әрбір сөздің түп тамыры түп тегіміздің болмысымен үнсіз үйлесіп, тылсымымен үндесіп тұрғандай. Әсіресе, Абайдың, «надандық, еріншектік, зұлымдықтан қашып, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі таған ете білу қажет» дейтін даналығын өзекті де өміршең дағдыға айналдыру. Бауыржан Момышұлының: «Екі сырттан қанға батып таласса, қарақұсқа жем болады» ескертпесін есте ұстау. Асан қайғының «Арғымаққа міндім деп, артқы топтан адаспа» дейтін өсиетін қасиеттей білу. Шоқанның: «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек»  дегенін ұстанымға айналдыру. «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, ел бірлігін сақтаған таулықты айт» деп жырлаған Жамбылдың жасампаз жыр жолдарын жадымызда жаттау. Батыстың даналарының батыл айтқан: «Төс болғанда төзіп бақ, балға болғанда соғып бақ» дейтін дем беретін демеу сөздерінің түбіне ой жүгірту. Қазақтың «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» пәлсапасына атақты Аристотельдің: «Платон менің досым, алайда, ақиқат одан да қымбат» деген ғұламалық терең толғамына байлам  жасау ескірмейтін есті заңның жаңарған, жаңғырған  жаңаша тәсіліндей тәптіштеліп термеленген.

Жолдаудың жодарында жолсыздықтарға жол берілмейтіндей кесіп айтылған, түбірімен шешіп айтылған ақиқаттың әділ шешімін де түйсіндік. Әсіресе, аталы сөзге ат байлатқан ата-баба рухын асқақтата түсетін, асыл сөздің айдынында есіле, көсіле жүзгісі келетін болашақ ұрпақтың рухани еркіндігінің есігін айқара ашатын, елдік тілдің еңсесін көтеретін, тұғырына қондырып, бағын жандырып, ұлы тілдің уызына қандыратын уақыт жетті дегендей ашық үндеу тынысымызды кеңейтіп, көңілімізді марқайтып тастады. Ұзақ жылдардағы «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін»  деген Елбасының есті сөзі екпіндей түсіп, енді бүкіл отандастарға ортақ бұлжымас ережеге айналуға тиісті екендігі нық айтылды. Елбасының Қазақстан халқына жолдауы әдеттегідей ресми кеңсе тілімен тізбектеле жазылғанымен әрбір ойдың ауанынан қазақы қағиданың терең сырын аңғаруға әбден болады.  Ел бірлігін ойлаған билерден жеткен жетелі сөз: «Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін, айнала алмай ат өлсін, айыра алмай жат өлсін» дейтін дала заңының заңды жалғасы жаңа көрініс тапқандай болды. «Көп білген кісі кемеңгер емес, білгені елге пайда келтірген кісі кемеңгер» дегенді адамзаттың данышпаны Эсхил ерлікке ұмтылған  жұрт есінен шығармасын деп айтып кеткендей. Қазақ елінің өрелі ұрпағына, естияр азаматтарына, қалың орман халқына айтылған жүрекжарды сөздердің серпінінен: «Тәуелсіздіке қол жеткізу ауыр сынақ, ұстап қалу ең асыл мұрат, елдің елдігі – елдегі әр адамның ерлігі, жесірін қаңғытпаған, жетімін жылатпаған жұртпыз, қолы қимылдағанның аузы қимылдайды, күніміз үшін де діліміз үшін де, тіліміз үшін  де әрекет етейік. Әрекетке – берекет»-дейтінді  ұғындық. Шын мәнінде табиғаттың төрт мезгілін түгелдей нәсіп еткен тағдырымзға сансыз шүкіршілік етіп, жатқа алақан жаймайтындай, кісіден сауын саумайтындай, барымызды бағалап, дарынды даралап, асылды саралап, алыстан арбалағанша жақыннан дорбалап, дарияда балықтай жүзіп, сайын далада тұлпардай жүйткіп, алысты жақын, жатты туыс ететін қазақы болмысымызбен-ақ айдай әлемді тамсандырайық, таңқалдырайық, мойындата білейік деген тоқтам жасалды. Ақын жанды қазақтың қазақы табиғатын бойында бойтұмардай сақтай білген Елбасының жолдауының соңы ұйқаспен үйлесіп, буыны үндесіп, құлақтан кіріп бойға қуат дарытқандай болды. Айтылған ойдың анықтауышындай ана тіліміздің текті тіркестерімен тегінен тебіренте тербеп, төгілте келіп  аяқталған жолдау «Алтын ғасырдың» ақ батасындай бүтінделіп түйінделді.

Сең бұзатын  сенімге  сүйенген,  тау  жығатын  тәуекелден  туған Ұлы бастама ұлы жолдың басы болсын  деген  көп  тілеуін біз де  шын  ниетпен  қолдадық.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578