Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3663 0 пікір 12 Ақпан, 2014 сағат 04:42

Ұйғырға сіңген қызылордалық қазақтар

Қытайдың   ШҰАР-дағы Қашқар аймағына қарасты Тұмшұқ қаласында 120 мыңнан астам халық тұрады. Оның 80 пайыздан астамы ұйғырлар. Осы ұйғырлардың арасында 1500ден астам қазақ және 2000 нан астам дүңгендер бар. Дүңгендердің атажұрты Қытай. Ал қазақтар  Қашқарға қайдан келген, олар неге  ұйғыр болып    кеткен? 

Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарында Қазақстанды ашаршылық жайлап жатқан кезде Қызылорда облысынан 500 ден астам қазақ ауып келіп   Тұмшұққа қоныстанған. Ол кезде Тұмшұқ Қашқар аймағының Маралбасы ауданына қарайтын бір қыстақ қана еді. Қазақтар көшіп келгеннен кейін тұрғын халық - ұйғырлармен ғасырға жуық уақыт тығыз араласып тіршілік етті.  Балаларын да ұйғыр мектептерінде оқытты. Бастабында қазақтар өз арасынан ғана некелескен болса, уақыт өте келе ұйғырлармен аралас некелер де біртіндеп көбейген. Келе-келе қазақтар ана тілдерін ұмытып, мүлде жоғалтып ұйғырларға сіңіп кеткен.

Қазір Тұмшұқ қыстақтан қалаға айналды. Ол қалада Шыңжаң өндіріс-құрылыс армиясы 53-полкының 6-ротасы тұрады (өндіріс-құрылыс армиясы Шынжаңдағы жартылай әскери түзімдегі орган. Армияның бөлімдері жайшылықта өндіріспен, құрылыспен шұғылданады да, төтенше жағдайларда әскери міндет атқарады. Әр полкында 1 рота тұрақты әскер ұстайды. Шынжаңда өндіріс құрылыс армиясының 10 ауылшаруашылық дивизиясы және 3 өнеркәсіп дивизиясы бар).  

1949 жылы жаңа Қытай құрылды. Жаңа билік жаңаша түзімдерді орнатты. Ұйғырға сіңген қазақтар тіркелу дәптеріне және жеке куәліктеріне ұлты ұйғыр деп жазылып кетті. Қызылордалық қазақтардың ұйғырлану тарихы осылай болды.

www.senkazakh.com сайтынан алынды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570