Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4074 0 пікір 12 Ақпан, 2014 сағат 06:05

«Ақ жол» партиясы: мемлекетімізді «Қазақ елі» деп атау – тарихи заңдылық!

 

 

«Ақ жол» партиясы  Орталық Кеңес Президиумының

Үндеуі

 

Қазақстан Республикасы Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына барған сапарында Қазақстан Республикасы атауын "Қазақ елі" деп өзгерту туралы өз ойын білдірді. «Біз мемлекетіміздің атын “Қазақ елі” деп өзгертуіміз керек шығар деп ойлаймын. Әрине, міндетті түрде халықпен  ақылдасу керек.  «Қазақ елі» деген атауға көшуіміз керек. Бұл -  Мәңгілік ел болу деген ата-бабамыздың арманы.  Көк тасқа жазып кеткен түрік бабаларымыздың арманы!– деген болатын  Елбасы.  Сонымен қатар Мемлекет басшысы еліміз бірлік пен толеранттылықты сақтай отырып,  барлық мақсаттарға жететінін атап айтты. 

Елбасының бұл өте маңызды ойы кейбіреулер айтқандай, аяқ астынан шыққан жоқ. Ел күткен атау 2012 жылы Тәуелсіздік мерекесіне орай жасалған Жолдауында жарияланған  "Қазақстан Стратегиясы"-2050 бағдарламасында алғаш айтылған еді. «Біз, болашақта елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз» - деген еді сонда Нұрсұлтан Назарбаев.

 

 

«Ақ жол» партиясы  Орталық Кеңес Президиумының

Үндеуі

 

Қазақстан Республикасы Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына барған сапарында Қазақстан Республикасы атауын "Қазақ елі" деп өзгерту туралы өз ойын білдірді. «Біз мемлекетіміздің атын “Қазақ елі” деп өзгертуіміз керек шығар деп ойлаймын. Әрине, міндетті түрде халықпен  ақылдасу керек.  «Қазақ елі» деген атауға көшуіміз керек. Бұл -  Мәңгілік ел болу деген ата-бабамыздың арманы.  Көк тасқа жазып кеткен түрік бабаларымыздың арманы!– деген болатын  Елбасы.  Сонымен қатар Мемлекет басшысы еліміз бірлік пен толеранттылықты сақтай отырып,  барлық мақсаттарға жететінін атап айтты. 

Елбасының бұл өте маңызды ойы кейбіреулер айтқандай, аяқ астынан шыққан жоқ. Ел күткен атау 2012 жылы Тәуелсіздік мерекесіне орай жасалған Жолдауында жарияланған  "Қазақстан Стратегиясы"-2050 бағдарламасында алғаш айтылған еді. «Біз, болашақта елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз» - деген еді сонда Нұрсұлтан Назарбаев.

Еліміз үшін өте маңызды ой енді өрісін тауып, «Қазақ елі» деген атаумен ел талқысына түсіп отыр. Сонау бағзы замандағы  көк түрік бабаларымыздың көк тасқа қашап қалдырған арманы  «Мәңгілік ел»  идеясын да Елбасымыз жақында Қазақстан Халқына жасаған  биылғы Жолдауында жариялады. Енді мемлекет басшысының ел атауын  «Қазақ елі» деп өзгерту туралы ұсынысын «Мәңгілік ел» идеясының жарқын қадамы ретінде бағалаймыз. Сондықтан да бұл ұсынысты тар жол-тайғақ кешуден өткен Тәуелсіз еліміздің шерлі шежіресін жақсы білетін озық ойлы азаматтардың бәрі, жалпы халықтың басым көпшілігі қолдауда. Бұл – Елбасы ұсынысының  ұлттық негізділігі мен елдік маңыздылығын білдірсе керек.

Ұлттық идеясы мен арманы бүгінгі Тәуелсіз Қазақ мемлекеті болған Алашорда үкіметі де осыдан жүз жылдай бұрын: «Арғы атам ер түрік, Біз Қазақ еліміз» - деп ұрандаған болса, енді  біз өз тізгінімізге өзіміз ие болғанда неге мемлекетімізді «Қазақ елі» деп атамауымыз керек?  Ал «Алаш» партиясының  бүгінгі ізбасары болып табылатын «Ақ жол» демократиялық партиясы  да,  барлық саяси партиялардың  ішінде ең бірінші болып қабылдаған   «Қазақстан Республикасының  2011-2020 жылдарға арналған жаңа Ұлттық саясат тұжырымдамасында» да   «Қазақ Республикасы» деп атау керектігін атап көрсеткен болатын.

Кешегі кеңес империясы кезінде де, ел атында «стан» жалғауы болған жоқ. «Қазақ Советтік Социалистік Республикасы» деп аталды. 1991 жылы «Советтік Социалистік» атауы тарихтан өшкенде  «Қазақ  Республикасы» болып қалуы керек еді... Кеткен қателікті жөндеу енді біздің еншімізде.

Әрине, қалыптасқанша  «Қазақстан» атауы ауызекі түрде айтыла берсе, тиым салынбаc. Бірақ ресми түрде мемлекеттің атына  сол мемлекеттің негізін құрайтын ұлттың атын қайтару – ата-бабаларымыздың  әруағы алдында біздің қасиетті борышымыз және болашақ ұрпақтарымызға үлгі болмақ.

Бұндай мемлекет  атын өзгерту әлемде талайдан орын алып келе жатқан жайт деуге болады. Жалпы ел кемелденіп, келешегін айқындаған сайын жаңарып, өзгеріп отыратыны табиғи да, тарихи да заңдылық. Бүгінге дейін әлемде 55 мемлекет атауын өзгерткені белгілі болып отыр.  

Сонымен, сөздің түйіні - "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы Елбасының бастамасын  қолдайды.  Ал халық  "Қазақ елі"  мен  "Қазақ Республикасы"  атауының бірін таңдауы  керек деп ойлаймыз.

Ел аты түзелгесін, оның халықаралық аренада тура жазылуына да баса назар аудару керек. Осы уақытқа дейін жазылып жүргендей,  мемлекеттің атауы тікелей шет тілі - орыс тілінен - «Казахстан» деген сөзден аударылып- "Kazakhstan" емес, «Qazaq eli»" деп немесе "Republic of Qazaq " деп жазылуы керек.  Өйткені қазақтың "Қ" әрпі ағылшын тіліне аударылғанда "Q" әрпімен  жазылатыны анық.

Енді Елбасымыз ел көкейіндегі таңдауды тап басып, ұлттық мүдде тұрғысынан бастама көтеріп  жатқанда, халқымыз  құқықтық негізде нақты бір шешім жасауы керек деп білеміз.

«Ақ жол» партиясы көзқарастарының әртүрлілігіне қарамай,  барлық саяси партиялар мен түрлі қоғамдық ұйымдарды, жалпы Қазақ елі халқын ұлттық мүддемізді  ұлықтаған  Елбасы бастамасын қолдауға шақырады.

                                                                                                                                                        

«Ақ жол» партиясы ОК Президиумының Үндеуін қолдаушылар тізімі:

А. Перуашев, Е. Никитинская, Н. Жазылбеков, М. Қазбекова, С. Қадралиева, Т. Ерғалиев, А. Тұртаев, А. Әбілдаев, С.Байдалы, Ә. Сұлтанов, Б. Дүйсембинов, Қ. Иса, Е. Барлыбаев, Б. Өтепбаев, А. Орман, Т. Құрманғалиев, Ж. Матаев, А. Садықов, Е.Юсупов, Б.Момышев, С. Мерғалиев, М. Беркалиев, Ө. Сатмұхамбетов, С. Тұрғынбекұлы, И. Исаев, М. Кенжеғали, Ә. Сұлтанбеков, О. Сәрсенбин, Қ. Әлімбаев, А. Рахат, Қ. Қантарбаев, А. Сопбеков, Ж. Омаров, Ә. Толыбаев, Ә. Жиенбекова, Қ. Тұрлыбек, М. Сапарбаев, Н. Әбілдаев, С. Нұрбаев, Б.Танатов, Г. Аизбаева, Ж. Жанабай, Т. Бөлек, Ұ. Қуатов, Қ. Жанұзақов, Қ .Бекмағамбетов, Қ. Сатенов, А. Есмаханов, Д. Бөлек, Р. Сейсенбаева, С. Хабибулина, М. Төлегенов, Қ. Ділдәбаеков, А. Әбикенов, Н. Медресов, А. Каримов, Ә. Ғабдуллин, Қ. Сисенбаев, Ж. Доспаев, Қ. Есенғалиев, А. Мырзаев, А. Жұмсақов, К. Жампиисов, Г. Конкашева, З. Әбілхайыров, А. Жұмағұлов, С. Ерубаев, Ә. Төлеуішов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572