Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3434 0 пікір 17 Ақпан, 2014 сағат 04:20

Салық Зиманов: «Орыс тілінде айтқан сөздеріміз жастардың жүрегінен орын таба бермейді»

«... Орын алған оқиғаның басты себептерінің бірі – идеологиялық жұмысымыздың дәрменсіздігі. Мысал ретінде ұлт тілінің тәрбиелік күші туралы мәселені алайық. Біз, қоғамтанушы ғалымдар, қазақ тілінде жазбаймыз, жастардың алдында қазақ тілінде сөйлемейміз, дәріс оқымаймыз. Ал мұның өзі – біз олардың ақыл-ойы мен көңіл-күйіне ықпал ете алмаймыз деген сөз. Өйткені біздің орыс тілінде айтқан сөздеріміз олардың жүрегіне әрдайым жол таба бермейді. Мұның өзі нені көрсетеді? Біздің барлық  деңгейдегі қызметкерлеріміздің бойындағы  қырсық шалған шарасыздықты көрсетеді. Мен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Бюро мүшелерінің бірде-біреуінің қазақ жастары арасында қазақша сөз сөйлегенін көрген де, естіген де емеспін».

Редакциядан:

Бұл- академик Салық Зимановтың 1986 жылы 24 желтоқсанда Ғылым академиясында айтқан сөзі. Академия шаңырағына сол күні СОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі Соломенцев деген келіп жиын ашып, әлгі жиынға Колбин бастаған Қазақ Республикасындағы коммунист басшылар қатысады. Сондай жаналғыш, жалаңқылыштылар тізе біріктіріп жалпы қазақ халқын репрессиялаудың қамына кіріскен кезде қаһарман Салық Зиманов осылай деген екен. Ал қазір ше? Азаттық пен ашықтық дәріптеліп жатқан заманда «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деп қойып мемлекеттік деңгейдегі жиынның бәрін орыс тілінде жүргізетін қазақ басшысына біреу Зимановтың сөзіне ұқсас бірдеңе дей ала ма? Қайбір жылы жүзбе жүз кездескен кезінде Смағұл Елубайдың зиялы қауымның ортасында отырып Елбасына қазақ тілінің халін базына қылып білдіргені есімізде. Өкінішке қарай жазушы Смағұл мырзаны қолдап пікір қосқан жанды біз әлгі басқосудан байқамадық. Мұхтар Шаханов тіл үшін шыр-пыр болып жүр. Алайда ол кісі үшін ұлық жиындарға қатысып сөз сөйлеудің мүмкіндігі шектелген. Қысқасы,   «барлық  деңгейдегі қызметкерлеріміздің бойындағы  қырсық шалған шарасыздыққа» шарасыздық таныту бүгінгі қазақтың  маңдайындағы тауқымет таңбасына айналып барады.

Abai.kz   

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5564