Жұма, 22 Қараша 2024
Білгенге маржан 3217 1 пікір 5 Қыркүйек, 2024 сағат 14:27

Қазақ шипагерлігі: Дәрілердің алты тұғыр назариясы

Сурет: e-history.kz

ҚАЗАҚ ШИПАГЕРЛІГІНДЕГІ ДӘРІЛЕРДІҢ АЛТЫ ТҰҒЫР НАЗАРИЯСЫ БОЙЫНША ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ДӘРІЛЕРДІҢ ТАБИҒАТЫН БЕЛГІЛЕУ

1983 жылы 25-шілдеде ашылған аз ұлттардың екінші реткі денсаулық сақтау жиналысынан кейін өзімізбен тетелес бір райондағы ұйғыр халқы жабал аттанысқа келіп, емшілік назариясы мен шипашақтарын, дәрі шұбыртқыларын құрастырып заңзу, моңғол емшілігінен қалыспауға тырысты әрі оңтүстік Шинжиаңның әрбір аймақ дәрежелі ұйғыр емшілік шипаханаларын құрып, 1985 жылы ұйғыр емшілік институтын құрып, ұрпақ тәрбиелеп жатыр.

Ұйғырлар ұйғыр емшілігі туралы материалдың тапшылығына қарамастан талмай іздетіп, өз назариясын толықтап алды. Ал, 1989 жылы Алтай аймақтық қазақ емшілік шипаханасында қазақ дәрілерін зерттеу кеңсесі құрылғанымен айтарлықтай өреге көтеріле алмады. Оларға басқа тіл-жазуларда жазылып, ен-таңбасы өзгеріп кеткен байырғы қазақ емшілігін зерттеу, жинау, реттеу қиынға түсті. Зерттермендеріміз басқа тіл-жазуларда жазылған, қазақ ұлтына бейім емшіліктерді шалма тастап, жыға тани алмай қайта қоя беретін болды. Дәл осындай жағдайда Өтейбойдақтың отыз екінші ұрпағына дейін баспа көрмей сақталып келген «Шипагерлік баянның» 1968 жылы өртелгеннен қалған бөлегі яғни, әуелгі нұсқасының 8-ден 1 бөлегі 1994 жылы 12-желтоқсанда ұлағатты ұрпақ Нұртай ақсақалдың құныттауында баспадан жарық көріп, есті азаматтарды елең еткізді. Алайда құнды мұра кей адамдардың қаңқу сөздерінен қағыс қалмады.

2007 жылы 4-қаңтарда аймақтық қазақ шипагерлігін зерттеу талқы жиналысы ашылғаннан кейін бұл жөнінде нақтылы зерттеу басталды.

Шындыққа жүгінсек, аймақтық қазақ емшілік шипахана емшілік шипаханасы құрылғаннан тартып қазірге дейін (қан алу, лоңқа, оташылық, бұлаудан басқа) бірде-бір науқас «Шипагерлік баян» назариялық системасы бойынша емдемеудің себебі «Шипагерлік баянда» айтылған 4577 түрлі шипашақ (рецепт), өсімдік, жан-жануар металл-металлоидтардан алынатын 1050 түрлі дәрі шұбыртқысының атынан басқа мазмұндармен бір бөлім назария, дауалау қағидаларының өртеліп жоғалғандығы себебінен бірлікке келе алмауы болып отыр.

Көз алдағы жағдайды ойласақ өзімізбен тетелес ұлттарға ұқсас аудан дәрежелі қазақ емханаларын құру, мектеп ашу үшін 1050 түрлі дәрі шұбыртқысының толық мазмұны мен 4577 түрлі шипашақты қалыпқа келтіру, қазақ шипагерлік назариясының кем-кетігін толықтау кезек күттірмейтін жұмыс, сондықтан азда болса пайдасы болама деп қазақ дәрілерінің алты тұғыр назариясы бойынша жіктелініс табиғатына тоқталып өтпекпін. Барлығымыз бірлікке келіп ортақ жүйе жасап алсақ, келешектегі дәрі зерттеуге берік негіз қаланар еді.

Алты тұғыр назариясы бойынша:

1. Өсімдік дәрілердің жер үсті бөлігі, сабағы, бүтін шөбі, қабығы, жапырағы, гүлі, ұрығы, жеміс жарық жайқалмалы кеңістің тұғырға тән. Мысалы: гүлбуын, жалбыз, матрөшке, усойқы қабығы, тал-терек жапырағы, қызыл гүл, сары гүл, көк гүл, меңдуана ұрығы, шашыратқы ұрығы, адыраспан, жиде, шырғанақ, қызылқат, қарақат жемісі, қарағай шекілдеуік, т.б.

2. Өсімдік дәрілердің жер асты бөлегі (тамырлары) қараңғы тұрақ тұғырға тән. Мысалы: қызыл мия, шұғынық, таңқурай, тошала, қамыс, қоға, уқорғасын, рауағаш, жау жұмыр тамырлары, т.б.

3. Суда болатын өсімдіктер мен су жәндіктері, су жануарларының көрнеу мүшелері (өзен, көл, бұлақ, теңіз, мұхит) жарық шайқалмалы кеңістік тұғырға тән. Мысалы: балдыр, тұңғиық тектес су өсімдіктері, балық денелерінің көрнеу мүшелері өзен, бұлақ құрттары, су жылан тектестер, ірі су жануарларының, балықтардың көмескі мүшелері қараңғы шайқалмалы кеңістік тұғырға тән.

4. Қос мекенділер шайқалмалы кеңістік тұғырға ортақ болып, көрнеу мүшелері жайқалмалы, шайқалмалы кеңістік қараңғы тұғырға тән. Мысалы: тымсақ, бақа түрлерінің көмескі көрнеу мүшелері.

5. Құрлықта тіршілік ететін төрт түлік мал, жыртқыш қоңыр аңдар, құстардың көмескі мүшелері қараңғы жайқалмалы кеңістік тұғырға тән. Мысалы: аю өті, маралдың жатыры, жылқы жүрегі, сиыр жалбыршақ қарны, тауық бөтегесі, ұлар сүйегі, түлкі миы, қоян, т.б.

Жоғарыдағылардың көрнеу мүшелері, жарық шайқалмалы кеңістік тұғырға тән. Мысалы: мал-аң терілері, түлкі тұмсығы, дәрілік шыбық, ен, мүйіздер (бөкен, бұғы, тауешкі, арқау, қой мүйіздері), жүні.

6. Бүкіл денесі істетілетін құрлықтағы ұсақ жәндіктер жарық шайқалмалы кеңістік тұғырға тән. Мысалы: бүйі, шаян, өрмекші, бұзаубас, сона, алақоңыз, шөре, инелік, тәует, бұзаубас кесірткі, көк, қара кесірткі, құрлық жылан түрлері (айдаһар жылан мұның сыртында) т.б.

Кендерден шығатын дәрілер тұрақ тұғырға тән. Мысалы: күкірт, сынап, мүсәтір, құстас, ақық) т.б. кеннен шығатын, дәрілердің жер бетінде көрініп күн сүйіп жататындары жарық тұрақ тұғырға тән. Мысалы: сор, тұз тектестер.

Қазақ дәрілерінің табиғатына тоқталсақ, бұрынғы айтылып жүрген тәттілеу дәмді, кермектеу дәмді, сор дәмді, жағымды райлы, салқын райлы, суық райлы, ыстық райлы, улы, усыз деп дәрі табиғатын белгілеу жұңғоша емдеу емшілігіне тән.

«Шипагерлік баянда» кейбір азықтықтарға қарата айтылған ыстық, өте ыстық, әсіре ыстық, суық, өте суық, тұрғысыз (ыстық-суық аралығында) деуіміздің ыстық, суықтық дәрежесі айқын емес.

Қазақ дәрілерінің ыстықтық, суықтық дәрежесі бір-біріне салыстырмалы белгіленетін болып, ыстықтық дәрежесі ыстықтығынан әсіре ыстығына қарай, біріншіден алтыншыға дейін болса айқын ұғыныс болмақ.

Жоғарыдағы айтылғандай табиғи дәрілерді науқас немесе сау адам ішкеннен кейін (қайнатып, езіп, талқандап яки басқалай жолдармен дәрі жасап) қандай жандандырса, денені қыздырса, шөлдетсе, ыстық табиғатты дейміз.

1) Жарық жайқалмалы кеңістік ыстық тұғырға жататын дәрілер, мысалы: шыбығы, киелі ермен, қалампыр, қара бұрыш, тау жалбызы, шаян, құмырсқа, бұғы мүйізі, т.б.

2) Қараңғы жайқалмалы кеңістік ыстық тұғырға жататын дәрілер: аю өті, бұғы жүрегі, қой өкпесі, сиыр өт тасы, жас төлдердің мәйегі, қасқыр еті, т.б.

3) Қараңғы тұрақ ыстық тұғырға тән дәрілер: жау жұмыр тамыры, сасыр тамыры, шұғынық тамыры, қоға тамыры, уқорғасын тамыры, табиғи мыс, мүсәтір.

4) Жарық жайқалмалы кеңістік ыстық тұғырға жататын дәрілер: тұз көлінде болатын ыстық қызыл құрттар, шұбат, ерке қой сорпасы, т.б.

5) Жарық тұрақ ыстық тұғырға тән дәрілер: тұз, сор, ашы қатарлылар.

Табиғи дәрілерді науқас немесе сау адам жоғарыдағы түрлі жолдармен істеткеннен кейін шөл қандырса, салқындатса, ыстық қайтарса, тоңдырса, суық табиғатты дейміз.

1) Қараңғы тұрақ суық тұғырға тән дәрілер: қамыс тамыры, қарандыз тамыры, сынап, сары қалпақ тамыры, т.б.

2) Жарық шайқалмалы кеңістік суық тұғырға жататын дәрілер: су жалбызы, алма, қарбыз, қызылқат, шым қынасы, бөкен мүйізі, т.б.

3) Жарық шайқалмалы кеңістік суық тұғырға жататын дәрілер: балдырлар, тұңғиық, ірі су жануарларының көрнеу мүшелерінен алынатын дәрілер, қымыз, қайың су, сусындықтар.

4) Қараңғы жайқалмалы кеңістік, суық тұғырға тән дәрілер: марал жатыры, қой, сиыр, ешкі қуығы, т.б.

5) Қараңғы шайқалмалы кеңістік суық тұғырға тән дәрілер: ірі су жануарларының көмескі мүшесі.

Жоғарыдағы тектес дәрілерге ой жүгіртсек, қазақ дәрілерінің ыстықтық, суықтық дәрежесі ұқсамайды.

Еттердің ыстықтығын мысалға алсақ, саулық қой етінен құнан қой еті ыстық, құнан қой етінен жылқы еті ыстық, жылқы етінен аю еті ыстық, аю етінен қасқыр еті ыстық; қой етін 1-дәрежелі ыстық десек, салыстырмалы түрде құнан қой еті 2-дәрежелі ыстық, жылқы еті 3-дәрежелі ыстық, аю еті 4-дәрежелі ыстық, қасқыр еті 5-дәрежелі ыстық: тау жалбызынан киелі ермен ыстық, кмелі ерменнен ашты ермен, ашты ерменнен қара бұрыш, қара бұрыштан ақ бұрыш, ақ бұрыштан қалампыр ыстық. Сондықтан тау жалбызы 1-дәрежелі ыстық десек, салыстырмалы түрде киелі ермен 2-дәрежелі ыстық, ашты ермен 3-дәрежеде ыстық, қара бұрыш 4-дәрежеде ыстық, ақ бұрыш 5-дәрежеде ыстық, қалампыр 6-дәрежеде ыстық деуге болады (мезгіл жөнінен алғанда, қыстан күз жылы, күзден көктем жылы, көктемнен жаз жылы).

Қазақ дәрілерінің суықтық дәрежесін мысалға алсақ, қара андыз тамырынан қамыс тамыры, қамыс тамырынан тұңғиық, тұңғиықтан балдыр, балдырдан бөкен мүйізі суық. Қара андыз 1-дәрежелі суық десек, салыстырмалы түрде қамыс тамыры 2-дәрежеде, тұңғиық 3-дәрежеде, балдыр 4-дәрежеде, бөкен мүйізі 5-дәрежеде суық дейміз.

Қымыздан жүзім, жүзімнен алма, алмадан қарбыз, қарбыздан бастау суы, бастау суынан қар, қардан мұз суық. Ойдағы балық етінен таудағы балық еті суық, қуырған балықтан асқан балық суық.

Изеннен жусан ыстық, сиыр сүтінен шұбат ыстық, сырадан қызыл арақ, қызыл арақтан ақ арақ ыстық, шаяннан баян, баяннан құмырсқа ыстық.

Сиыр мүйізінен қой мүйізі, қой мүйізінен бұғы мүйізі, бұғы мүйізінен керік мүйізі ыстық, т.б.

Қазақ шипагерлік дәрілерінің ылғалдылық, құрғақтық дәрежесі де ұқсамайды. Шөл қандырып, денеге ылғалдық жеткізетін дәрілер сорпа, айран, қымыз, қарбыздардың шөл қандырып ылғалдық жеткізуі ұқсамайды.

Шөлдетіп, құрғақтық жеткізетін дәрілердің құрғақтық дәрежесі ұқсамайды (қалампыр шайы, қара бұрыш шайы, ермен талқаны, тошала талқаны, жусан тосабы, т.б,)

Қазақ шипагерлік дәрілерінің қолданылуы қолданылуы жөнінен алғанда:

1) Тану белгілері, фотаникалық, зологиялық, биологиялық, металогиялық ерекшеліктері.

2) Дәрілердің табиғаты (райы), ыстық-суықтық дәрежесі.

3) Емдік рөлі, дәрілердің адам денесіне болған фармакологиялық тәсірі (бұл жерде аты, заты ұқсас дәрілердің район, белдеу парқына қарай фармакологиялық тәсірінде парық болады).

4) Емшілікте қолданылуы: қандай науқастарға қолданылатындығы.

5) Шипашақтарға (күрделі рецептерге) түсуі, істету әдісі.

6) Орын басары: бұл жерде айтылған орын басары күрделі бірнеше дәрі түскен шипашақтарда жоқ болған дәрінің орнына фармакологиялық тәсірі, емдік рөлі ұқсас болған басқа дәрі істетуге болады. Мысалы: аю өті құрамында емдік заруаты бар болып, аю өті табылмаса орнына бұғы өті немесе дала шошқа өтін істетуге; бұғы шыбығы жоқ жағдайда, бұқа шыбығын істетуге; құрамында тау ешкі мүйізі жоқ жағдайда ешкі мүйізін істетуге; қырық буынды қызылша жоқ жағдайда орнына қызыл мия тамырын істетуге болады.

7) Қазақ дәрілерінің істетілу мөлшері: бұрын өлшеу аспабы жоқ кезде қазақ халқы қыз тобығы толардай, бас бармақтай, ортан қолдай, сынық сүйемдей, шымшым, сықпа уыс, шеңгел, қос уыс, жіліншіктей, сүйем, сынық сүйем деген өлшемдерді істеткен. Ал, қазір дәрілердің нақтылы өлшем кестесі бар. Дәрілердің өлшеміне көңіл бөлмесек, науқасты қате дарымдап, күлкіге қалуымыз, құн арқалауымыз мүмкін. Мысалы: алмас, тотияйын белгіленген өлшемінен асса, адам өледі. Жұпар кіндігі өлшемнен бірнеше есе асса, адамның жүрегі тоқтайды, т.б.

8) Дәрілердің істетілу қағидасы: мысалы, күшаланы істеткен кезде қайнаған суға бүрттіріп, өзегіндегі «Улы тілін» алып тастау керек. Өйтпегенде адам өледі. Алмасты, сынапты басқа дәрілерге өлтіреді. Шаянды тұзды суға шылап, онан кептіреді.

9) Дәрілердің зияны айқын жазылуы керек. Кейбіреулердің қарауынша, қазақ дәрілері табиғи болғандықтан, зияны жоқ деп ойлайды. Сары май сыныққа зиян, жылқы еті тіс қақсағанға зиян деуді ғана біледі. Әмалиятта кейбір дәрілер ұзын уақыт істетілсе зиян. Мысалы: сарананы ұзақ уақыт істеткенде асқазан, ішек қырындысын кетіреді. Несеп айдайтын дәрілер ұзақ мезгіл істетілсе, бүйрек қызметін әлсіретеді. Қалампыр, қара бұрыш қосылған дәрілер, жасалмалары асқазан, он екі елі ішек жарасына зиян. Алма тектес суық табиғатты жемектіктерді ұзын мезгіл жесе, өкпе қызметін әлсіретеді. Қарағай қуы тыныс жолы науқастарын дауалағанымен, ұзақ мезгіл істетілсе, кеңірдекше булығу пайда болады. Меңдуана ұрығы нервті тыныштандырғанымен, ұзақ мезгіл істетсе, ұмытшақтық пайда болады. Сынап ұзақ уақыт істетілсе, кеміктік қан жасап шығаруына зиян жеткізіп, қан аздық пайда болады, асқазанды бұзады, тісті көгертіп шірітеді. Құмырсқа қайнатпасы (немесе қынай бел капсуласын) ұзақ уақыт істеткенде, асқазанды қыжылдатады. Сексеуіл бүрі, қандағы майды тазалағанымен, ұзақ уақыт істетілсе, асқазанды керектен шығарады, Жабайы көкнәр жөтел тоқтатқанымен, қақырықты бөгеп, өкпені зияндайды. Сыр өкпе науқастарына пайдасы болғанымен, уақыты ұзара келе миды әлсіретеді...

Соңғы айтарымыз, қазақ дәрілерін клиникада қолдану ғылыми негізде дұрыс мәнінде болуы керек.

Қалибек Қанжарбайұлы,

ҚХР. ШҰАР. Алтай аймақтық медицина колледжі, дәрігер, ұстаз

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1435
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3200
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5146