Сенбі, 23 Қараша 2024
Жолдау 1909 3 пікір 6 Қыркүйек, 2024 сағат 15:02

Президент Жолдауы: Еліміз өркендесін десек...

Коллаж: Abai.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауын жасады. Аталғал Жолдауда ел тағдырына қатысты маңызды мәселелер қамтылды. Біз осы ретте ақын, академик Бауыржан Жақып пен экс-депутат Анар Жетібаевадан пікір сұрадық...

Еліміз өркендейтін болады!

Бауыржан Жақып,

Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі:

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса назар аударды.

Менің өз басыма инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу бағыты бойынша айтылған түйінді ойлар ерекше әсер етті. Мәселен, «Астана-Алматы, Ақтөбе-Атырау-Астрахань, Талдықорған-Өскемен бағытындағы күре жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып қалды», - деген сөздері айрықша қуантты. Мен Абай облысында туып-өскенмін. Жылдар бойы елге барғанда, жол қиындығын көріп келемін. Енді сол жол заманауи талапқа сай жөнделіп, бітіп жатса, нұр үстіне нұр болар еді.

Сондай-ақ, «Балқаш және Алакөл демалыс аймақтарындағы ұшу-қону жолақтары толық жаңғыртылды», - деген сөзі де қуантты. Жылда Алакөлге демалыс кезінде бару үшін қиналамыз. Енді жазғы демалыс кезінде бірнеше авиарейс ұшырылса, көп адам қолжетімді бағамен Алакөлге барып емделіп, тынығып қайтатын болады.

Жолдаудағы ең басты мәселелердің бірі - Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өткізуді 6 қазанда өткізуді ұсынуы. Семей полигонының орасан зор зардабын тартқан біздің ел үшін атом сөзінің өзі үрей тудыратыны рас. Бірақ Президенттің: «…экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр», - деген нақтылы дәйектерінен кейін өзімізден өндірілетін уран шикізатын пайдаланып, арзан энергия көзін пайдалану тиімді екеніне көз жеткізуге болады. Тек оның қауіпсіз болуы үшін бұл салада биік мақсаттарға қол жеткізген АҚШ, Жапония сияқты елдердің мамандарын тарту арқылы АЭС салынып жатса, бұл болашақтың қамын жеуден туған перспективалық озық іс болар еді.

Мемлекет басшысының нақты шешімін табатын ақша-несие саясаты, бизнесті жүргізуге қажетті жағдайларды жақсартуға, еліміздің өнеркәсіп саласын толық пайдалануға қатысты, кадрлық әлеуетті арттыруға, ұлт саулығын нығайтуға, экологиялық ахуалды жақсартуға, заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыруға орай айтылған ойларының бәрін де қуаттаймын. Тек сөз жүзінде қалып қоймай, осының бәрі жүзеге асып жатса, еліміз өркендей беретініне сенім мол!

Бізге атом электр станциясы қажет!    

Анар Жетібаева,

Павлодар облысының Әйелдер қанатының мүшесі, экс-депутат:

– Президент Жолдауында айтқандай, атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум 6 қазанда өтеді. Атом» десе, біздің халық ат тонын ала қашады. Атом электр станциясы кейбіреулер ойлағандай атом қаруы емес! Екеуінің алыну әдісі ұқсағанымен, функциясы мүлдем басқаша. Атом энергиясын әлемде дамыған елдер ғана пайдаланып жатқан жоқ. Оны біз сияқты дамушы елдер өз игілігіне жаратып отыр. АЭС реакторы су–су технологиясын пайдаланады. Мұндай технология қолданылған станциялардың бірінде де апат болмаған. Атом электр станциясында уран 4-5 пайыз ғана байытылады. Ол ешқандай жарылысқа әкелмейді. Сол себепті шындықты халыққа жеткізу — біздің парызымыз.

Жуырда қазақстандық төрт оқушы әлемде физикадан жарыста бірінші орын алды. Олар ертең елімізге келеді. Білімді балалар қай жерде өздерінің физикалық ғылыми білімін, ядролық білімін іске асырады?! Тек атом электр станциясын дамытқанда ғана жүзеге асыра алады. Білімді ұрпаққа мүмкіндік туады. Қазақстанда жаһандық таза энергия көздеріне көшу үрдістері аясында атом электр станциясын (АЭС) салыну керек.Мен өз басым қолдаймын. Сол үшін,елдің ертеңін ойлап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысын қолдағанымыз дұрыс! Бізге атом электр станциясы қажет!

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354