Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3504 0 пікір 21 Ақпан, 2014 сағат 05:13

Досай Кенжетай. Ер еңбегін тірі кезінде бағалауды үйренейік

  Қолыма қалам алғызған «Жұрттан биік Жұрынов кім?» деген айдармен «Халық Сөзі» газетінде жарық көрген Жарасбай Алдоңғаровтың мақаласы болды. Мақалада, Мұрат Жұрыновтың ескерткішінің Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи Университетінің  сенат залында тұрғандығын, сол сенат залының да Жұрынов атында екендігін жазып, «салыстырулармен» өз ойын  «мүсіндепті».   Сондықтан мақала авторының ниетін Құдайға қалдырып, мақсатының «күмілжіген» тұсына үн қосуға тура келді. Оның бірнеше себептері бар. Мен сол университеттің алғашқы түлектерінің бірімін. Ал  Мұрат Жұрынов біздің тұңғыш ректорымыз. Ол кісіні студенттер кеңесі төрағасы, алғашқы түлек ретінде де жақыннан тануға мүмкіндігім болды.  Бұл күндері мен  Астанада Еуразия Ұлттық университетінің профессорымын, екі ғылым саласының докторымын. Бірақ, бәрібір қайда жүрсем де әлі өзімді сол «Қожа Ахмет Иасауи Университетінің» студенті ретінде сезінемін.

  Қолыма қалам алғызған «Жұрттан биік Жұрынов кім?» деген айдармен «Халық Сөзі» газетінде жарық көрген Жарасбай Алдоңғаровтың мақаласы болды. Мақалада, Мұрат Жұрыновтың ескерткішінің Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи Университетінің  сенат залында тұрғандығын, сол сенат залының да Жұрынов атында екендігін жазып, «салыстырулармен» өз ойын  «мүсіндепті».   Сондықтан мақала авторының ниетін Құдайға қалдырып, мақсатының «күмілжіген» тұсына үн қосуға тура келді. Оның бірнеше себептері бар. Мен сол университеттің алғашқы түлектерінің бірімін. Ал  Мұрат Жұрынов біздің тұңғыш ректорымыз. Ол кісіні студенттер кеңесі төрағасы, алғашқы түлек ретінде де жақыннан тануға мүмкіндігім болды.  Бұл күндері мен  Астанада Еуразия Ұлттық университетінің профессорымын, екі ғылым саласының докторымын. Бірақ, бәрібір қайда жүрсем де әлі өзімді сол «Қожа Ахмет Иасауи Университетінің» студенті ретінде сезінемін.

Қымбатты оқырман! Бұл университеттің ашылуы сол кездің өзінде ақ кешегі советтік режимнің ыдырап, тәуелсіздігіміздің жаршысы ретінде «ұлттық менімізді», «тарихи мемлекеттілігімізді» қалпына келтірудің алғашқы қарлығашы сияқты еді. Бұл университет еліміз әлі тәуелсіздігін жарияламай тұрып, тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің бұйрығымен 1991 жылы жазда ашылған болатын. Сол бұйрықтың мәтініне үңілсеңіз «Орта Азияның ежелгі ғылыми және мәдени орталығы Түркістан қаласын дамыту мақсатында 1991 жылы Түркістан мемлекеттік университеті ашылсын» делінген.

Бұл бұйрықтың мәні қазақ мемлекеттілігінің тарихи, мәдени, діни, саяси тұрғыдан қайта жаңғыруының басы болды. Түркістан қаласының атауы Қожа Ахмет Иасауимен тікелей байланысты. Иасауиді тарих «пір и Түркістан» «яғни түркі елінің ұстазы» деп танып, сол жерге жерлеп,  кесенесі де, ілімі де, руханияты да шын мәнінде біздің ұлттық болмысымыздың қайнар көзіне айналған «астана» қызметін артқарған. Бірақ оны кешегі  советтік,  шовинистік,  атеистік  режим  жақсы  білгендіктен, сол  атауға  да көңіл  бөлдрмей тастады.

Тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаев  осы  тұғырды  тануда, танытуда өзі тікелей  бастамашы  болып, бір мемлекет тіршілігіндегі тарихпен үндесу ұстанымын   дәлелдей  алды. Бірақ, сол кезде осы  «Ясауи  атындағы  Университеттің  болашағы жоқ»   деген  пікірлер  газет беттерінде жарық  көріп  жатты. Мұны жазып жүргендер де өзіміздің азаматтарымыз еді. Осылайша «Дін» түгіл «Түркістан» деген  атауды  айтқан талай ерлердің  тілін кескен  советтік  режимнің  үрейлі  бейнесі  қоғамдық санадан оқтын оқтын көрініс беріп тұратын. Олар бүгін  де  кешегі советтік режимді аңсаушылар ретінде тарихта қалды.

Біз алғашқы түлектер – университеттің базасы талапқа сай болмай жатса да, әсіресе, әлеуметтік  жағынан, кабинеттер  жетіспей, барының өзінің  жабдығы  төмен, есік, терезелері  жамау, жылу  жүйесінің аты бар да заты жоқ, электр де сағатпен беріліп жатқан кездің куәсіміз. Қазіргі университет жастар  үшін  қыстың  суығында  дәріс  алып  отырған   шәкірттерді  елестету  мүмкін емес. Мен мұны неге айтып отырмын, кез келген шәкірт өзінің білім алып жатқан ордасының тарихын сезінгенде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының ауыртпалығы мен бақытын оқып білсін дегім келеді. Біз  алғашқы  түлектер  осындай  жағдайда  білім  алдық.  Университетте  ол кезде кейбір  тақырыптар  бойынша  бір  екі  нұсқа  ғана кітап  болатын.  Оны  кезекпен,  кейде  бүкіл  топ  болып  дауыстап  оқитынбыз.

Сол кездерде М. Жұрыновтың  ректорлықтан  бұрын идеолог,  ұстаздық  қызметі  алға  шығатын.  Ел  болу,  тарихқа  үңілу, тәуелсіздік, жастардың ел болашағы екендігі, ғылымы мен білімінің  ертеңгі ел  үшін  жасалып  жатқандығы  туралы  айтудан  жалықпайтын. Әр мәжілісте осы бір  тақырып қайталанып жатса да, Жұрыновтың  аузынан әрдайым  жаңаша естілетін.  Бұл  оның  ұстаздығы, шыншылдығы мен  шынайылығының  сонымен қатар ректор  тұлға екендігінің  көрінісі  болатын. Жастардың «Тәуелсіздігіміздің  ертеңгі  кірпіштері»  боламыз  деген асқақ сезіммен одан сайын білімге құштарлығы артатын.

Сосын қыруар жұмысы күтіп тұрса да, ректор Жұрыновтың жастарға деген көзқарасы мен көңілі ерекше болатын. Оларды білімде, өнерде, спортта өзара жарысуға итермелейтін. Себебі қай жерде талантты өнерпаз, дарын болса, Түркстанға  келуіне жағдай жасайтын. Бұл бүгінгі педагогикадағы «жастар психологиясына әсер» әдісінің оң ықпал еткендігіне дәлел. Себебі «жастар кандай болу керек» деген құрғақ теорияларға қарағанда, олардың өз орталарында «үлгілі шәкірт» жүрсе, жастар соларды көріп, еліктеп бой түзейді. Соның  нақты көрінісі – жауыннан кейінгі байшешектей болып, еліміздегі алғашқы олимпиада чемпиондары, өнерпаздары, театр актерлері, мәтінтанушы ғалымдары, ақындары мен теологтары, түркологтары осы университет түлектері  болып шықты.

 Керек десеңіз, кезінде, Түркістан университетіне ең болмаса, бес ғылым докторын жинай алар ма екен деген күдігін жасырмаған билік басындағы саясаткерлер де болған. Олармен салыстырғанда М. Жұрыновтың тұлғасындағы елдіктің, тәуелсіздіктің  мазмұны мақамында емес, оның рухында сомдалғандығын көрсетеді. Осы қасиетінен болу керек, Түркістанның әлеуметтік экономикалық төмендігіне қарамастан Қазақстанның түкпір түкпірінен ғалым докторлар келіп қызмет етті. Солардың бірі – Құранды қазақ тіліне аударған профессор Ж. Ізтаев Алматыдағы жылы орнын тастап, дінтану теология мамандығының қалыптасуына бастамашы болды. Бүгінгі елдегі дін саласындағы белді мамандар сол Түркістан мектебінен шыққан.

Бүгінгі таңда әлеуметтік гуманитарлық ғылым салаларында кешегі советтік ғылым шаблондарын сындыру аяқталған үдеріс емес, алғаш «Советтік Түркологияға» қарсы ғылыми ұстанымды да осы Түркістан университеті мамандары ұсынды. Зерттеулерге   бас болып, Алматыдадан профессор, М. Мырзахметов, академик Р.Бердібай,  профессор Ш.  Ибраев  бастаған   түркологиялық    зерттеулер    тек   бүгінгі  Қазақстан   үшін   ғана   емес,   әлемдік  түркологияда    өзіндік орынға  ие болып, Түркістан Түркология ғылымының орталығына айналды. Соның ішінде дін мен мәдениет және өркениет қатынасындағы жаңа теориялар мен тұжырымдарды кешенді зерттеулер негізінде ұсынып, бастамашылдық танытқан да осы киелі жердің жаңа ғалымдары болатын.

Бүгін қазақтардың ислам өркениетіне ену тарихында тұғырлы зерттеу сараптамаларымен мектеп бола білген де осы Түркістан ғалымдары екендігін, олардың Қазақстан гуманитарлық ғылымының абыройын көтеріп отырғандығын ауыз толтырып айтуға болады. Археология, қолжазба мен мәтінтану, дінтану және теология саласында Түркістанның тәжірибесі де, жаңашылдығы да айдан анық. Екінші, осы салалар бойынша Түркістан университеті кітапханасында қордаланған кітаптар еліміздің өркениеттік тұғырын танытатын  негізгі өлшемдерге сай іріктеліп жинақталды.

Міне, осындай жауапкершілікті жүктеген, президенттің аманатын бар күш жігерімен орындап баққан, «жұрттан биік Жұрынов» бүгін елбасымыздың биіктігін дәлелдеді емес пе! Осындай игі бастамалардың басында тұрған ректор тұлғаға, М. Жұрыновтың атына оның еңбегін бағалап, университет «сенат залын» беріп жатса, бұл елдігіміздің көрінісі емес пе?

 Ер еңбегін тірі кезінде бағалай білейік!

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560