Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Көшпенділер ойындары - 2024 1133 0 пікір 11 Қыркүйек, 2024 сағат 13:44

Көшпенділер ойындары - тарихи құбылыс!

Сурет Ержан Уәйістің жеке парақшасынан алынды.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жаңғырығы бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Дүниенің 89 елінен 2500-ге жуық спортшылар этноспорттың барлық түрлерінен бақ сынасады.

Оның кең байтақ қазақ жерінде өткізілгені айтулы оқиға. Өйткені ата-бабаның қонысы, ата жұрт - қазақ елі түркі халықтарының қара шаңырағы іспетті. Көшпенділер ойындары — ежелгі көшпенді халықтардың дәстүрлі спорт түрлерін жандандыру, әлемге насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын ірі халықаралық спорттық шара. Мұнда әлемнің бірнеше мемлекеттерінің, сондай-ақ түркі тілдес елдің басшыларының бой көрсетуі түркі халықтарының бірлігіне, тілі мен дініне, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің ортақ болуы шынайы бауырмашылықтың айрықша көрінісі.

Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының Президенті Біләл Ердоғанның жетекшілігіндегі Түркия делегациясының құрамында қазақ диаспорасының көрнекті өкілі, Стамбулда туып өскен белсенді қазақ қызы, Әділет және Даму партиясы (Ak) алқа мүшесі, доктор Рашида Зейнешқызы Юксель ханым да бар.

«Ата жұрт - Қазақстанға Анадолы елінен Түркиядағы қазақ қандастарымыздың ыстық сәлемін жеткіземін, бұл Қазақстанға деген, Түрік дүниесіне деген шексіз құрметі», - деді Рашида Зейнешқызы. Көшпенділер ойынын Түркияның БАҚ өкілдері, телерадио компаниясы тікелей эфирден көрсетіп жатты.

Бұл шараға осыдан 5 ай бұрын әзірлік басталған еді. Түркияның барлық қалаларында Стамбулдағы Еуропа бағытындағы «Е-5» жол бойында орналасқан Қазақстан мәдениет және сауда орталығының ғимаратында (8х8 метр) көшпенділердің суреті салынған үлкен билборд ілінген. Тоғыз жолдың торабы Е-5 автокөлік жолында тәулік сайын 3 миллионға жуық халық өз жеке көліктерімен жүріп өтеді. Яғни ата жұрт Қазақстандағы шараны насихаттаудың бір жолы болып табылады. Көшпенділердің дәстүрі ұрпақтан ұрпаққа жалғасады, өмір сабақтастығы. Ендеше, ХХІ ғасыр түркі дүниесінің ғасыры мәңгі жасайды. Алға, ұлы дала баһадүрлері!

Ержан Уәйіс,

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2061