Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3927 0 пікір 26 Ақпан, 2014 сағат 08:11

Шеңгелді ісі: «Бармаңдар! Олар сендерді көргісі келмейді»

1-сурет: Ваха Угазаев пен Арсен Агузаев

2-сурет: сот залынан көрінс

Былтыры тамыз айында Алматы облысыны қарасты Шеңгелді кентінде қылмыс болып, Мадияр Ақжолтаев есімді азамат оққа ұшып, оның балдызы Бекмұқа Ерсайын жараланып, аурухаға түскен еді. Іле қылмыстық іс қозғалып, күдікті ретінде кент тұрғындары  Ваха Угазаев пен Арсен Агузаев тұтқындалған болатын. Кеше 25 ақпанда аталған іс бойынша өтіп жатқан сот ісі соңына жетіп, Ваха Угазаев пен Арсен Агузаевтың қылмыстары дәлелденіп, сот үкім шығарды.

Сот үкіміне сәйкес, Ваха Угазаев 19, Арсен Агузаев 6 жылға сотталып, мал-мүліктері тәркіленетін болды.

Төменде Шеңгелді оқиғасына байланысты өткен сотта қоғамдық қорғаушы болған Мұхтар Тайжанның бізге  айтып берген әңгімесін жариялап отырмыз.

Мұхтар Тайжан, Шеңгелді оқиғасы бойынша өткен сот ісінің қоғамдық қорғаушысы:

- Ең бастысы, жәбірленуші жақ сот шешіміне разы. Ал, мен сотқа қоғамдық қорғаушы ретінде қатыстым. Жалпы, Шеңгелдідегі оқиғаға қатысты іске менен өзге де көптеген белсенді азаматтар бастан-аяқ қатысып, өздерінің азаматтығын көрсетті.

Қылмыскерлер лайықты әрі әділ жаза алды деп санаймын: Сот Ваха Угазаевты Мадияр Ақжолтаевты атып, Бекмұқа Ерсайынды жаралаған деп танып, 19 жылға бас бостандығынан айырып, дүние-мүлкін тәркілеу туралы үкім кесті. Үкімге сәйскес, Ваха Угазаев  өзіне кесілген жазаның мерзімін қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтейді. Ал, қылмыс жасалған кезде Ваха Угазаевтың қасында бірге болған Арсен Агузаевты сот 6 жылға соттап, оның да мүлкін тәркілуге шешім етті. Және де сот шешімі бойынша жәбірленуші жаққа 11 миллион теңге төлем төлейтін болды.

Жазасын алған қылмыскерлер мен олардың туыстары сот залында марқұм Мадияр Ақжолтаев пен жараланып, аман қалған Бекмұқа Ерсайынның туған-туыстарынан кешірім сұрады.

Сот аяқталған соң, Ваха, Арсен Агузаевтардың ағаларымен тұңғыш рет жұрт көзінше сөйлестік. Олардан «Неге Мадияр Ақжолтаев пен Бекмұқа Ерсайынның отбасынан, ағайындарынан бұған дейін кешірім сұрап бармадыңдар?» деп сұрадық. Ағаларының айтуынша, ауыл молдасы оларға: «Бармаңдар! Олар сендерді көргісі келмейді» депті. Бірақ,  Мадияр мен Бекмұқаның туыстары кешірім сұрап келетін шығар деп күтті ғой. Бұл – ауыл молдасының үлкен қателігі.

Шеңгелдідегі қанды оқиғаны ести сала, Геройхан Қыстаубаев, Расул Жұмалы, Еркін Рақышев, Қасым Аманжолұлы, Берік Ағыбаев бастаған бір топ азамат Шеңгелдіге барғанымызда ауыл молдасы және оның жанында жүрген шалдар, ақсақалдар деуге келмейді ол кісілерді, бізге былай деді: «Не үшін келдіңдер ауылға? Түймедейді түйедей қылып жатырсыңдар ғой». Біз айттық: «Сонда адам өлтіру түймедей нәрсе ме? Біз – арантдату үшін келген жоқпыз!»

Меніңше, ел ақсақалдарының ұстанымы басқаша, яғни, олар халық жағында болуы тиіс.

Мәселен, Бекмұқа Ерсайынның әкесі Батырғали бар бірнеше адам Талдықорғанға барып, облыс әкімінің орынбасарына кіріп сөйлестік. Әкімнің орынбасары: «Бізге тыныштық керек» дейді. Біз «Тыныштықтың басты кепілі - әділдік» екенін айттық.

Жалпы, бұл қылмыстың орын алуында жемқорлық та бар. Неге десеңіз, ауылды жерде үйде қару ұстау жемқорлықтың көрінісі. Кімнің қандай қаруы бар екенін ауылдағы учаскелік полицей неге білмейді? Білу, тексеру оның жұмысы ғой. Шеңгелдінің ахуалы – еліміздегі ахуалдың бір көрінісі. Мәселен, Шеңгелдідегі сатқын ақсақалдар басқа өңірлерінде де бар. Жаңаөзен оқиғасы болған кезде қаншама ақсақал биліктің оқ атқаны дұрыс болды деп жатты. Бұл да сатқындық қой.

 Ваха, Арсен Агузаевтардың ағаларымен болған кезде Шеңгелдідегі шешендердің үйлерінің терезесін шағып, машиналарын төңкеріп істі болған 17 жігіттің де тағдыры сөз болды. Біз оларға бір ауылда тұрасыңдар, келешекте де сол жерде тыныш өмір сүру үшін арыздарыңды қайтарып алыңдар. Қылмыс орын болған күні ауыл жастарын ыза-кек буды. Оны түсінуге болады. Бірақ, сендер бәрібір ауылдассыңдар ғой дедік. Олар ойланатындарын айтты.

Біз бұдан кейін де сот шешімдерінің орындалуын, 17 жігіттің тағдырының қалай болатынын, бәрін қадағалап отыратын боламыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550