Орталық Азия КСРО мұрасынан бас тартып, Түркиямен ортақ әліпбиге көшуде
«Орыс әлемі» аймағының тарылуының тағы бір дәлелі пайда болды. Бұрынғы КСРО құрамындағы Орталық Азия елдері кириллицадан бас тартып, Түркиямен ортақ әліпбиге көшуге келісті. Жақында Түркі мемлекеттері ұйымының (ОТС) комиссиясы 34 әріптен тұратын латын әліпбиіне негізделген ортақ әліпбидің жобасын мақұлдады.
Бұл Одаққа Әзірбайжаннан басқа Түркия, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан кіреді. Қазір аталған елдердің ішінде кириллица ресми түрде Қырғызстан мен Өзбекстанда ғана қолданылады.
Сонымен бірге Өзбекстанда 1993 жылдан бері латын әліпбиі қабылданғанымен, кирилл әліпбиі әлі де кеңінен қолданыста. Әзірбайжан латын әліпбиіне 1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін бірден көшті.
Қазақстанда 2017 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу процесі жүріп жатыр, бірақ кириллица әлі де белсенді қолданыста. Жаңа ортақ әліпби жобасы Орталық Азиядағы түркі халықтарының Кеңес Одағынан қалған кирилл әліпбиінен бас тартуын жеңілдетеді деп саналады.
Орталық Азияда болып жатқан үдерістер Мәскеудің көрші елдерге ықпалының әлсірегенін көрсетеді. Бұл туралы Telegram желісінде «Орыс әлемінің» әуесқойы, одессалық әріптес Игорь Димитриев жазады.
«Біз мұны анық деп қабылдауымыз керек: Ресейдің Украинаға қарсы соғысы неғұрлым ұзағырақ болса, «орыс әлемі» Ресей Федерациясының шекарасынан тыс жерде де, оның ішінде де соғұрлым азаяды», - деп жазды Путин режимінің жақтаушысы.
Еске сала кетейік, 1991 жылға дейін, немесе кеңес дәуірде, қазақтар және олардың ата-бабалары тек көшіп-қонып, мал бағып өмір сүрген ел мен халық болатын деп кеңес идеология мен билік қазақтардың миына әр секунд, минут, сағат, күн, жылдар бойы қүйіп отырды. Тек Ленин мен кеңес билігі және орыс халқының көмегі арқасында, бұрын барлық жағынан артта қалған ел мен халық – қазақ өз жазу-сызуына, әдебиет, ғылымға қол жеткізді! Сонда егер орыс жазуы немесе кириллица болмаса, онда барлық жағынан арта қалған қазақ халқы баяғы көшпелі өмір сүріп, айдалада қанғып жүретін еді.
Бірақ, сол заманда тек сирек адамдар білетін еді – қазіргі Қазақстан жерінде, түрк дәуірде — ҮІ - Х ғғ. көне түрік жазуы болған және оны көшпелі көне түріктер өздері ойлап тапты, ешкім оларға басқа елден, жерден православиелік әулиелер Кирилл мен Мефодий Грекиядан сияқты ежелгі Русьге ұсынған жоқ. Біздің көне ата-бабалары өздері өз мұқтажына мен өмір сүруге тиімді үшін ойлап тапқан еді.
Х ғ. әлемде ислам дінің тарауы мен арабизация процесі өте қатты қарқынмен болды және сол ғасырдан бастап Орталық Азия мен қазіргі Қазақстан жерінде ислам дінінің қабылдауы мен оның ең басты кітабын – Құран-Кәрімді білу үшін араб тілін мен жазуына көшу басталды мен аяқталды. Содан бастап, яғни 10 ғ. бастап 1929 жылға дейін қазақ халқы араб жазуын қолданған. Барлық құнды рухани, әдеби, тарихи туындылар араб жазуында болған еді.
1929 ж. Кеңес билігі КСРО-да тұратын барлық түріктілдес халықтарды латиница негізділген алфавитіне көшеру процесін жүргізді. Латын алфавитіне көшу – кеңес билігі мен идеологиясы – артта қалған халықтарға керемет пайда береді және олар тез арада дамыған, еуропалық халықтардың қатарына қосуына жол ашады екен.
1929 ж. латын алфавитіне көшкенде, барлық жағдайлар дұрыс шешім кеңес билігі таппаған немесе іздеуге тырыспаған. Мәселен, кім сол кезде мектеп пен жоо-да оқыған, оларды латын алфавитінде жазу мен оқуына жағдай жасалған. Ал, басқаларға сондай жағдай болған жоқ – соған байланысты үлкен буын адамдары латын алфавитін білмей, араб алфавитінде қалып, барлық ақпарат мен білім көздерінен айырылған еді. Латын алфавитіне өткен қазақ жастары бірде-бірде араб жазуындаға құнды және ұлттық туындыларын оқымай қалып, тез арада кеңес идеологияның жеміне айналып, өз ұлттық тамырларын айырылу процесіне ең біріншілер кірген еді.
Бұл процесс, әсіресе, 1940 жылдан бастап қатты нығаяды және сол жылы Сталин бұйрығымен барлық түріктілдес халықтар, оның ішінде қазақ халқы, кириллица немесе орыс алфавитіне көшеді. Содан бастап қазіргі заманға дейін біздер осы алфавитін барлық жағынан пайдаланып жатырмыз. Сонда 1940 жылдан бастап 1991 жылға дейін біздің өз ұлттық тамырларынан мен ұлттық қасиеттерінен айырылу процесі жүрді және өз тілінен мен рухынан айырылу басталды. Тек 1991 жылдың аяғында тәуелсіздікке қол жеткізу осы процесті тоқтатты, бірақ оны толық тоқтатты деп айтуға болмайды екен.
Неге десеңіз? Сонда бүгінге дейін барлық жағынан қазақ халқы Ресейдің ақпарат кеңістігінде мен идеологиясында жүзіп жатыр. Ал, 2014 жылдан бастап Ресейдің саясатында ұлыдержавалық пиғыл пайда болып, нығайып жатыр. Әріқарай бұны айту, меңіңше, керек емес.
Сонымен, латын алфавитіне көшуі – қазақ халқының өз саяси мен рухани тәуелсіздігін сақтау мен дамыту деп ойлаймын. Екіншіден, өз мемлекетінің мен оның бүкіл территориясында өз идеологиялық, ақпараттық, рухани және т.б. кеңістігін құру мен дамыту деп ойлаймын. Үшіншіден, одан сайын түріктілдес халықтармен барлық жағынан қарым-қатынастарды дамытатын төте жолы деп білемін. Төртіншіден, дүниедегі ең дамыған және латын алфавитін қолданатын елдермен мен халықтармен одан сайын халықаралық, мемлекетаралық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық қатынастарын дамытатын даңғыл жолы деп ойлаймын. Осы жоғарыда айтылған 4 фактор Мәңілік Ел мен халқы болуына қол жеткізуге әкеледі.
Керімсал Жұбатқанов,
тарих ғылымдарының кандидаты, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің доценті
Abai.kz