Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Қылмыс 2342 0 пікір 20 Қыркүйек, 2024 сағат 12:50

Елордада есірткі зертханасы жойылды

Сурет: скриншот

Елорда прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті орган есірткі зертханасын анықтады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша үш адам сотқа берілді.

Сот тергеуі барысында сотталушының темір контейнерді жалға алғаны анықталды. Осыдан кейін ол қала сыртында құны 2 млн теңге жер телімін сатып алып, аталған контейнерді психотроптық заттарды шығаратын зертхана ретінде жабдықтап, орналастырған.

Кінәлі тұлға қылмыстық әрекетке екі сыбайласын тартқан.Тергеу барысында астыртын зертханадан алынған 24 кг астам психотроптық заттар жойылды.

Нәтижесінде сот елорданың үш тұрғынын аса ірі көлемде психотроптық заттардың аналогын сату мақсатында заңсыз дайындағаны және сақтағаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылдан 11 жыл 3 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2541
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 698
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 669