Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Апат 3328 0 пікір 20 Қыркүйек, 2024 сағат 12:54

Абай облысы: Тау-кен орнында жұмысшы қаза болды

Сурет: Азаттық радиосы

19 қыркүйекте Абай облысында KAZ Minerals тобына қарасты Орлов жерасты кенішінде тау-кен массасы опырылып, бір жұмысшы қаза болды. Бұл туралы Азаттық жазды. 

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, "қайғылы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылған, оқиғаның себебі мен жай-жапсары анықталып жатыр".

Хабарламада KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачуктың "оқиғаны тергеуге қатысу үшін өңірге барғаны" жазылған.

Кейінгі кезде өндіріс орындарында кеншілер қазасы жиіледі. Екі күн бұрын Жамбыл облысында "Алтыналмас АК" компаниясына қарасты тау-кен байыту кешенінде тау-кен массасы опырылып, бір жұмысшы топырақ астында қалған. Компания іздеу жалғасып жатыр деді.

31 тамызда KAZ Minerals тобы Ертіс шахтасында төрт адамның денесі табылғанын, олардың газдан улануы мүмкін екені хабарланды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 883
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2293
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 590
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 572