Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4589 0 пікір 2 Наурыз, 2014 сағат 04:48

Жұмамұрат Шәмші. «Біз қадірі кеткен халықпыз»

21 ақпанда Астана қаласының «Іскер» бизнес орталығында Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығының қолдауымен «Мәңгілік тіл» атты дөңгелек үстел болып өтті. Оған Астана қаласының зиялы қауым өкілдері, БАҚ журналистері және ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Оразгүл Асанғазы қатысты.

Кіріспе сөзді Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ербол Тілешов мырза ашып берді. Содан кейін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сұлтан Оразалы мемлекеттік тілдің мәртебесін қалай дамыту керектігі жөніндегі ойларын ортаға салды. «Мемлекеттік тіл» республикалық қозғалысы Астана филиалының төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Сайлау Батыршаұлы Астана қаласындағы орыс және аралас мектептердегі қазақ тілінің мүшкіл тағдырына алаңдайтынын айтты.

Қазақ Гуманитарлық заң университетінің профессоры, саяси ғылымдарының докторы Әбдіжәлел Бәкір ағамыз: «Мәңгілік ел» болу үшін, «Мәңгілік тіл» мәселесін қолға алмай, түк шықпайды. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Ол қоғамда қордаланған күрмеуі шешілмеген мәселелердің нөмірі біріншісі – осы мемлекеттік тіл мәселесі», – деді.

21 ақпанда Астана қаласының «Іскер» бизнес орталығында Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығының қолдауымен «Мәңгілік тіл» атты дөңгелек үстел болып өтті. Оған Астана қаласының зиялы қауым өкілдері, БАҚ журналистері және ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Оразгүл Асанғазы қатысты.

Кіріспе сөзді Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ербол Тілешов мырза ашып берді. Содан кейін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сұлтан Оразалы мемлекеттік тілдің мәртебесін қалай дамыту керектігі жөніндегі ойларын ортаға салды. «Мемлекеттік тіл» республикалық қозғалысы Астана филиалының төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Сайлау Батыршаұлы Астана қаласындағы орыс және аралас мектептердегі қазақ тілінің мүшкіл тағдырына алаңдайтынын айтты.

Қазақ Гуманитарлық заң университетінің профессоры, саяси ғылымдарының докторы Әбдіжәлел Бәкір ағамыз: «Мәңгілік ел» болу үшін, «Мәңгілік тіл» мәселесін қолға алмай, түк шықпайды. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Ол қоғамда қордаланған күрмеуі шешілмеген мәселелердің нөмірі біріншісі – осы мемлекеттік тіл мәселесі», – деді.

Мәжіліс депутаты Оразгүл Асанғазы: «Мемлекеттік тіл тұғырына қонғанша, ешкім шаршамауы керек. Шынын айтсам, Мемлекеттік тілді мәселе етіп көтеру ыңғайсыз. Бұл әрбір қазақ боп туған азаматтың парызы. Мемлекет, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин 1923 жылы «Кеңсенің тілі қазақ тілі болмай, іс оңбайды» деген», – деп сөзін түйіндеді.

«Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты, ақын Серік Тұрғынбекұлы: «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» дегендей, айту керек болса, 25 жылдан бері айтып келеміз. Жазу қажет болса, жазып келеміз. Бірақ нәтиже көзге көрінбейді. Көшеге шықсаң, баяғы – сол жартас. Кеше ғана Астана қаласының әкімі Конгресс холлда халықтың алдында есеп бергенде, Назарбаев университетінің бір студент қызы Иманғали Тасмағамбетовке таза ағылшын тілінде сұрақ берді. Осылай бара беретін болса, қазақша былай тұрсын, орыс тілімен жылап көрісетін боламыз. Өйткені жастардың басым көпшілігі ағылшын тілін сөйлеуді мәртебе санайды және ұстазға ақша беріп үйреніп жатыр. Оның бәрі қажеттіліктен деп ойлаймын. Біз де қазақ тіліне қажеттілік тудыра алсақ, олар үйренер еді», – деді.

Сөйтіп отырғанда, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Омар Жәлел қолын көтеріп, жиынды жүргізуші Ербол Тілешовтен сөз сұрады. Рұқсат берілгеннен соң, Омар мырза алдымен отырғандардың бәрінен кешірім сұрап алды: «Мен қазір біраз нәрселерді айтсам, сіздер ренжисіздер. Бірақ мен сіздерден маған ренжімеулеріңізді сұраймын. Өйткені мен сіздерді жек көріп айтып отырғам жоқ, мен сіздерді жақсы көріп айтып отырмын. Шәкәрім қажы бұл жайында былай демеуші ме еді:

Не қылсаң қыл, адамға махаббат деп,

Мейлің сөк, мейлің үйрет айла ізденбей.

Ол сүюің шын болсын, жалған емес,

Бұлдыр болма өзіңе-өзің сенбей.

Сондықтан осы сөзді ісіміз алға бассын деп, осы дөңгелек үстелден нәтиже шықсын деп айтып отырмын. Енді «дөңгелек үстел» мәселесіне келейік: алдымен «дөңгелек үстел» дегеніміз не өзі?! Ол тек үстелдің формасы ма?! Жоқ! Ол дегеніміз – айнала отырған адамдардың дәрежесінің тең екендігін көрсетеді. Бұл жерде атақ, мансап, лауазым, жас ерекшеліктері емес, адамның айтар ойы, ақыл-білімі ескерілуі тиіс. Адамдар, қазақша айтқанда, жасына қарай емес, жағына қарай сөйлегені жөн. Бізде «дөңгелек үстелдің» аты бар да, заты жоқ: «дөңгелек үстел» еркін ойдың алаңы болуға тиіс еді, өкінішке қарай, олай болмай тұр. Өзіміз ескі әдеттен арыла алмай, қатып-семіп отырып, кімге үлгі болмақпыз? Елімізге демократияның ұрығын қалай сеппекпіз?

Екіншіден, біз қадірі кеткен халықпыз. Өйткені қазақ халқы көп жылдар бойы Ресей империясының отары болды. Отар болған ел міндетті түрде қадірінен айырылады. Қазақ айтпаушы ма еді: «Қарнымның ашқанына жыламаймын, қадірімнің қашқанына жылаймын» деп. Халықтың кеткен қадірін қайтармай, одан «неге қазақша сөйлемейсің?» деп талап етудің өзі ұят.

Сол себепті қазақ халқының қадірі туралы мәселе көтеретін уақыт келді. Ол үшін өзіміздің отар болғанымызды ресми түрде мойындап, тез арада отарсыздандыру үдерісін бастап кетуіміз қажет. Өйтпеген жағдайда біздің ісіміз алға баспайды...».

Омар мырза осыны айтуы мұң екен, жиынды жүргізуші Ербол Тілешов шоршып түсіп, «ренжімеңіздер» деген ескертпеге құлақ аспай, сөйлеушіге дүрсе қоя берді. «Сонда не, Бауыржан Момышұлының да, Мұхтар Әуезовтің де қадірі кеткені ме?!» – деп. Бұл айғайға бүйірден Сайлау Батыршаұлы қосылып: «Саған 17 миллион қазақтың атынан сөйлеуге кім рұхсат берді?! – деп шүйлікті.

Қардай бораған қарсылықтарға Омар мырза өзінше жауап беруге тырысып бақты. Бірақ айғай-аттанға салған, мәселенің мәнісіне бойламаған қатысушылардың бір парасы оны тіпті тыңдамады. Соған қарамастан, осы қызу қанды пікірталас барысында Омар Жәлел өз уәжін айтып тынды: «Егер біз қадіріміз кетпеген халық болсақ, біз осылай бір-бірімізді қазақша сөйлеуге үгіттеп отырмас едік», – деді.

Бірақ бұған құлақ асар ешкім болмады. Сол кезде Омар мырза айтқанына құлақ аспаған, ер тоқымын бауырына алып тулаған жұртшылыққа қаратып: «Құлды – құл десең, өлгісі келеді, биді – құл десең, күлкісі келеді», – деп, ақырғы сөзін айтып орнына отырды.

 Жалпы, Омар Жалелдің сөзі ерте ме, кеш пе, айтылуды қажет ететін шынайы шындық еді. Әйтпесе «қадіріміз кетті» дегенге осыншама шошудың не қажеті бар еді? Өз жерімізде өз тіліміз өгей баланың күнін кешкені өтірік пе? Ал өз тілінде сөйлемеген халықты қалай қадірі бар деп айта аламыз?

Мысалы, украиндар отарлықтың бұғауын бұзу үшін, бір кезде жоғалтқан қадірлерін қайтару үшін, жанкешті әрекетке баруда. Тобырлық деңгейден халықтық деңгейге көтеріліп, өз тағдырларын өздері шешуде. Олар орыс империясының қанды шеңгелінен құтылып, азат Еуропаға қосылуды өздеріне мақсат етіп қойды. Соның жолында құрбан болуда.

Ал біз болсақ, Қытайдан, Монғолиядан, Өзбекстаннан келген қандастардың таза қазақша сөйлегеніне сүйсінудің орнына,оларды кемсітіп, «оралман» деп айдар тақтық. Бөлінген квотаның өзін жарытып бермей, талан-таражға ұшыратып, тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетті. Осының бәрін көріп, естіп отырған Жириновский сияқтылар аузына келгенін оттап жүр!

Сол сияқты Лимонов деген сұм «Қазақстанның солтүстік бес облысын Ресейге қосып алған жөн» деген сияқты аузына келген сөзді айтып, біздің намысымызға тиюде. Егер біз қадір-қасиетімізден айырылмаған ел болмасақ, мемлекеттік деңгейде өре түрегеліп, қарсылық көрсетер едік. Ешкім қарсылық білдірмей, үндемеген соң, «әй дейтін ажа, қой дейтін қожа» болмаған соң, көрінген көк атты аузына келгенін оттауда. Осындайда 1905 жылы Ахмет Байтұрсынұлы айтқан сөз есіңе түседі:

«...Сықылды сынық бұтақ төмендесе,

Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?!».

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 08 (232) от 27 февраля 2014 г.

Түпнұсақадағы тақырып: «Мәңгілік тілден» ШУ ШЫҚТЫ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5291