Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1369 0 пікір 20 Қыркүйек, 2024 сағат 15:28

Министрлік: Жыл басынан бері елге 12 325 қандас келді

Фото: ашық дереккөзден

Биыл еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныстанып жатқан қандастар саны артты. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Абулхатин айтты.

«Жыл басынан бері елге барлығы 12 325 қандас келді. Былтыр қандастарды елге қоныстандыру саясаты түбгейлі өзгерді. Осының нәтижесінде солтүстікке қоныс аударған қандастардың саны өсіп келеді, ал оңтүстікке келетін қандастардың саны азайып жатыр. Атап айтқанда, былтыр қандастардың тек 6 пайызы солтүстіке барса, биыл осы көрсеткіш 36 пайызға жетті», - деді Е.Абулхатин Орталық коммуникациялар қызметінде.

Қазір құжаттарды қабылдау «Құтты мекен» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылып келеді. Биыл берілген өтініштің 95 пайызы осы қосымша арқылы келіп түсті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415