Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
Деп жатыр 3773 6 пікір 21 Қыркүйек, 2024 сағат 17:44

Мырзахметов ісі: Желкелеп шығарған 7 миллиард...

Сурет ҚазТАГ сайтынан алынды.

Антикор бүгін мәлімдеме жасады. А.Мырзахметовтың ісі бойынша ел қазынасына қосымша 7 млрд теңге қайтарылғанын айтты.

«Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Қазіргі уақытта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы А.И. Мырзахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша мемлекет кірісіне 7 млрд теңге сомасында заңсыз алынған ақшалай қаражат аударылды», - делінген ресми хабарламада.

Антикор басып жегендердің қос бүйірінен қысып, заңсыз жәукемделген ел қазынасын қайтару ісін қарқынды жалғастырып жатқанын айтады. Статистикасына көз жүгіртсек, биыл жыл басынан-бері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені қайта өндіргенін айтады.

Ал соңғы 2,5 жылда терең қалталы дәу-дөкейлерден (олигополия өкілдерінен) ел қазынасына ұзын-ырғасы 1,09 трлн теңге қайтарылған.

Сөзсіз! Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге және мемлекетке қайтарылған активтерді елді дамыту мақсатында пайдалануға бағытталған бұл жұмыстың маңыздылығын атап өткен жөн.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 429
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1598
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 398
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 376