Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 1246 0 пікір 25 Қыркүйек, 2024 сағат 17:37

Қызылтас петроглифтері мемлекет қорғауына алынды!

Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі / Жеңіс Ысқабай

Талдықорған қаласының инфрақұрылымдық нысандарын аралау аясында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев облыс орталығының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Қызылтас шатқалына қатысты жағдайға пікір білдірді.

Өңір басшысының айтуынша, петроглифтер тұрған жерлерде диорит өндіруге мүлдем тыйым салынады. Енді Қызылтастың бірегей петроглифтері жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын тарихи-мәдени нысандар тізіміне енгізілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

– Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында ел Президенті бай мәдени мұрамызды сақтау үшін бірегей тарихи нысандарымызды, атап айтқанда петроглифтерді бүліну мен вандализмнен қорғау керектігін атап өтті. Экологтармен, жұртшылықпен, құзырлы органдармен бірлесіп, «Тасбақа» тас пен жартастағы петроглифтерді сақтау үшін қажетті шараларды қабылдадық.  Карьерді игеру заң аясында тоқтатылды. Тиісті сот шешімі бар. Яғни, бірлескен күш-жігердің арқасында бұл мәселенің де мәнісі табылады. Енді «Тасбақа» тасты бірінші кезекте жергілікті, одан кейін облыстық маңызы бар ерекше қорғалатын тарихи-мәдени нысандар тізіміне енгізу үшін жұмыс жасайтын боламыз. Алдағы уақытта біз қала тұрғындарының сүйіспеншілігіне бөленген бұл бірегей нысанды одан әрі дамытып, қалай сақтау керектігін жоспарлаймыз, – деді облыс әкімі Б. Исабаев.

Аймақ басшысы 3 қазанда Қызылтас жотасының бойында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында экоакция өтетін айтты. Сонымен қатар, барша қала тұрғындарын «Тасбақа» тасты сақтау үшін маңызды шараға қатысуға шақырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5270