Министрлерге хат: Шетелдегі қазақтарға қамқорлық қажет!
1-сурет: Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов
2-сурет: Мәдениет және ақпарат министрі М.Құлмұхаммед
3-сурет: Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов
4-сурет: «Қазақстан» телерадиокорпорациясының төрайымы Н.Мұхамеджанова
5-6-сурет: «Қазақстан» телерадиокорпорациясының төрайымы Н.Мұхамеджанова ханымның атына Моңғолия қазақтарының жолдаған хаты
Сыртқы істер министрі
Е.Ыдырысовтың,
Мәдениет және ақпарат министрі
М.Құлмұхаммедтің,
Білім және ғылым министрі
А.Сәрінжіповтың,
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының
төрайымы Н.Мұхамеджанованың
назарына!
1-сурет: Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов
2-сурет: Мәдениет және ақпарат министрі М.Құлмұхаммед
3-сурет: Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов
4-сурет: «Қазақстан» телерадиокорпорациясының төрайымы Н.Мұхамеджанова
5-6-сурет: «Қазақстан» телерадиокорпорациясының төрайымы Н.Мұхамеджанова ханымның атына Моңғолия қазақтарының жолдаған хаты
Сыртқы істер министрі
Е.Ыдырысовтың,
Мәдениет және ақпарат министрі
М.Құлмұхаммедтің,
Білім және ғылым министрі
А.Сәрінжіповтың,
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының
төрайымы Н.Мұхамеджанованың
назарына!
Жер бетінде әлемдегі барша қазақтың жалғыз Отаны бар. Ол – Қазақстан. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда-ақ, осыны жете сезінген президент Н.Назарбаев өзге елдерде этникалық азшылық болып табылатын шетелдегі қазақтардың салт-санасын, тілін, дәстүрін сақтау, қорғау, дамыту ісін үнемі басты назарда ұстап келеді. Бұл сөзімізге, Елбасының 2014 жылдың 21 қаңтарындағы № 741 жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» атты құжат нақты мысал бола алады.
Аталған құжаттың «Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының мақсаттары» бөлімінде: «шет елдердегі қазақ диаспорасына және қазақ тіліне қолдау көрсету» және Қазақстан «шет елдердегі қазақ қауымдастықтары шоғырлана тұрып жатқан жерлерде қазақ тілі мен мәдениетін, олардың тарихи отанымен байланысын дамытуды қолдайтын болады» туралы тайға таңба басқандай анық жазылған.
Президент жарлығымен бекітілген осы тұжырымдамаға сәйкес, «шет елдердегі қазақ диаспорасына және қазақ тіліне қолдау көрсету» мақсатында Сыртқы істер министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі және «Қазақстан» телерадиокорпорациясы бірқатар ақпараттық жұмыстарды қолға алуға тиісті деп білеміз.
Біріншіден, өткен жылы «Қазақстан» телерадиокорпорациясы төрайымы Нұржан Жалауқызының батыл бастамасымен қолға алынып, тұңғыш Наурыз мерекесі кезінде Моңғолия қазақтары тікелей эфир арқылы Атажұрттағы – Қазақстандағы қандастарымен ұлық мерекені бірге тойлайды.
«Қазақстан» ұлттық арнасының осы бір игі бастамасын жыл сайынғы дәстүрге айналдырып, шетелдегі қазақтардың Наурыз мейрамында тікелей эфир арқылы елмен қауышып, Жаңа жылды бірге қарсы алуын жалғастыра отырып, тек Моңғолия емес, Қытай, Түркия, Еуропа, Ресей және басқа елдерде тұрып жатқан қандастар арасында да мерекелік тікелей эфир жасалуы керек. 2013 жылғы Наурыз мерекесінде ұйымдастырылған «Қазақстан» ұлттық арнасының тікелей эфирі биылда жасалса деген өтініш хат Моңғолиядағы Баян-Өлгий аймағындағы мемлекеттік және үкіметтік емес бірқатар ұйымдар басшыларының атынан «Қазақстан» телерадиокорпорациясы төрайымы Нұржан Жалауқызының атына жолданыпты. Хат редакция поштасына келіп түсіп, оны жариялап отырмыз (5-6 суреттерді көріңіз).
Екіншіден, «Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының» «Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басымдықтары мен міндеттері» бөлімінде: «Қазақстан өзінің ұлттық мүдделеріне сай келетін әрі практикалық тұрғыдан пайда әкелетін халықаралық және өңірлік ұйымдардың жұмысына қатысады» деп көрсетілген. Ендеше, шетелдегі қазақтардың тілін, салт-дәстүрін сақтауға, оны дамыту мен насихаттауға ақпараттық көмек беру арқылы шекара сызығы бөліп жатқан бауырларымызға Қазақстанның қамқорлығы мен көмегін нақты көрсете аламыз. Яғни, Сыртқы істер министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі және «Қазақстан» телерадиокорпорациясы өзара іс-қимыл біріктіре отырып, шетелдерде тұрып жатқан қазақтардың тыныс-тіршіліг, оқу білімі, мәдениеті мен салт-санасы, олардың ұлттық келбетін сақтап қалу үшін жүргізіп келе жатқан жұмыстарын жан-жақты көрсетіп, насихаттау үшін деректі фильмдер циклын ұйымдастыру;
Тұжырымдамада айтылған: «Шетелдердегі қазақ қауымдастықтары шоғырлана тұрып жатқан жерлерде қазақ тілі мен мәдениетін, олардың тарихи отанымен байланысын дамытуды қолдайтын болады» деген нақты тапсырманы ескере отырып, туған тілінде білім аулдан қол үзіп бара жатқан шетелдегі қандастарды қолдау мақсатында мектептер салып, қазақ тілінің сағатын көбейту, оқулықтар, көркем әдеби кітаптармен жүйелі түрде қамтамасыз етіп отыру мәселесінде Білім және ғылым министрлігі өз жоспарына енгізуі тиіс.
Шетелдегі қазақтардың ассимилицияға ұшырап жатқандығын ескере отырып, кешенді мәдени-ағарту іс-шаралары іске асырылуы қажет. Және шетелдегі қазақтардың ақпараттық құралдарымен тығыз байланысып орнатылып, бірлесіп жұмыс істеу жүйесі құрылуы керек деп санаймыз!
Президент Н.Назарбаевтың пәрменімен қолға алынып, арнайы жарлықпен бекітіліп, күшіне енген тұжырымдамада көрсетілген тапсырмалар және соны негізге ала отырып, айытлған жоғарыдағы ұсыныстар Сыртқы істер министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Білім және ғылым министрлігі және «Қазақстан» телерадиокорпорациясының назарына тыс қалмайды деген үміттеміз!
Abai.kz