Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Білгенге маржан 2747 0 пікір 30 Қыркүйек, 2024 сағат 15:24

Әмір Темір мен Алтын Орда майданы

Сурет massaget.kz сайтынан алынды.

Өз уақытында Алтын Орда империясының аумағы кәрі құрлықтың (Еуропа) Шығыс бөлігі және Азияның біраз жартысы, яғни айтқанда, Қара теңізден бастап, ежелден суы мол және жалпақ өзен Ертістің шалғынды алқабтарына дейін созылды.

Орта Азиялық Әмір Темір жетекшілік еткен империя, Кіші Азиядағы, кезінде Дешті Қыпшақ даласынан барған Шыңғыс ханның немересі Құбағұл құрған империяны өзінің қарамағына алған соң, Еуразия кеңістігіндегі алпауыт Алтын Орда қағанатымен күші тепе-тең болған еді. Тағы бір айтарымыз, 1385 жылы Тоқтамыс хан Каспий теңізінің оңтүстік бөлігіне жорық жасап, сол кезде гүлденген Табриз аумағын талқандап, Ахмет Жалайыр сұлтанның билігіндегі  ұлысқа кіретін Әзірбайжан жерін өзінің құрамына қосып алды. Сөйтіп, Алтын Орда қағанаты күшейген үстіне күшейіп, алынбайтын қамалға айналғандай болды.  Тоқтамыстың тұсындағы Алтын Орданың айтарлықтай жан-жақты күшейуі, Әмір Темір үшін қауыпті еді. Дамыған көптеген қалалық орталықтарды және диқандар маңдай терін төгіп еңбек еткен жазиралы егіс алқабтарын, сондай-ақ, ұлан-байтақ даладағы мал баққан көшпелі тайпаларды біріктіріп, уысында ұстаған Алтын Орда империясы Азияның барлық мұсылман елдерін өзіне қаратқан, түп қазығы Мавераннахр атырабына орналасқан Әмір Темір мемлекетіне, оның алдағы шарықтап дамуына және көркейуіне шыныменде қауып төндірген еді.

Екі империяның арасындағы алғашқы қақтығыс 1387 жылдың көктемінде Кавказдағы Дербент өткелінің маңайында  орын алды. Темірланның келісімге жіберген кішігірім отрядына Алтын Орда тарабынан күтпеген жерден шабуыл жасалып, талқандала жаздады. Егер, Әмір армиясы қолбасшыларының бірі  Мираншах үлкен әскермен жедел келмегенде, қырғын табары анық еді. Дегенмен, кішігірім бұл қақтығыс, екі ұлы империяның арасында араздық туғызып, соғыс өртін тұтататындай жағдайға әкелмеді. Сөйтіп, араға біраз жылдарға созылған тыныштық орнады. Кезінде Ақ Орданың ханы Орыстың  жазасынан қашып келіп Темірланды паналаған Тоқтамыс, кейіннен оның жәрдемімен Ақ Орданың тағына отырады. Сөйтіп, Алтын Орданың сол тұстағы иесі атанған және осы ұлы қағанаттың әскер қолбасшысы Мамаймен қатарынан бірнеше жыл соғысады. Бірақ, үлкен нәтижеге жете алмады. Қалай дегенмен де, тағдыр Тоқтамысқа жол ашқандай болды. 1380 жылы Алтын Орданың Күлік алқабындағы (Куликово поле) жеңілісін пайдаланып, уақыт өткізбей Тоқтамыс хан Мамайға оңтүстіктен ұрыс ашып, оның армиясын түбегейлі талқандайды. Осылайша, Еуразиялық империя Алтын Орданың тағына әупірімдеп қол жеткізеді.

Өз уақытында көмегін беріп және біраз жылдар қасына ертіп жүріп, қарамағына әскер бөліп, Мавераннахр мен Ақ Орданың шекаралық аймағындағы Отырар мен Сығанақ қаласын, сондай-ақ оның маңайын иелігіне ұсынып, асырап сақтаған Әмір Темірге және оның құрған мемлекетіне уақыт өте келе жаулықпен қарай бастады. Арадағы осы біраз жылғы тыныштықты, алғашқы болып Тоқтамыс ханның өзі ысырып тастады. Оның ауық-ауық жіберген отрядтарының Әмір Темір мемлекетінің шекарасына ішкерлей еніп, шеткі қалалары мен елдімекендерін тонап, адамдарын құлдыққа айдап кетіп отырды.

Бұған шыдамаған Әмір Темір, 1391 жылдың (қой жылы) қаңтар айының аяғына таман, екі жүз мыңдық қалың әскерімен Алтын Орда ұлысына қарай бағыт алды. Жолда Бетпақ даланы және Сары су атырабын басып өтіп, Сарыарқа даласымен тоқтамай жүріп отырып, қар мен жаңбырға қарамай, үш ай дегенде Ертіске құятын Тобыл өзенінің жағасына жетті. Осы арада, біраз күнге әскеріне дамыл беріп, демалуына рұқсат етті. Қалай десекте, алыс сапарға шыққан олар, ауа-райының өзгере бастағанын сезінген еді. Араб саяхатшысы Ибн Баттутаның сөзімен айтқанда: «... Они приближались к «Стране мрака» (Сибири)». Бүкіл жорық жолында ешкімді кездестірмеген Әмір Темір армиясы, үнемі алдарында жүретін барлаушыларының ұстап әкелген тұтқындарының айтуы бойынша, Тоқтамыс әскерінің өздерінен алыс емес екендігін ұғады. «Они шли еще одну неделю и достигли реки Самары. Затем пришли разведчики утверждая, что слышали крики вражеских войск. Вскоре после этого Мухаммад – Султан доставил пленника, одного из кипчакских воинов Токтамыса. Он рассказал, что в этом районе находится великое множество орд, но они бросили лагерь и отступили, услышав сообщения о приближении Тимура. Тимур приказал построить войска в боевой порядок, запретив кому – либо отлучаться от своих отрядов и зажигать ночью огонь. Весь день он наступал на звук барабанов и цимбал врагов».

Ұзамай екі империяның қалың сарбаздары қарама-қарсы келді.

«Враг (Тоқтамыс әскері) был также в обычном боевом порядке из трех частей с центрами и двумя флангами. Его солдаты были также великолепно вооружены и возглавлялись принцами ханской крови рода Джучи и эмирами самого высшего ранга. Наконец, две армии сошлись на расстоянии, когда могли разглядеть друг друга. Подняв знамена и штандарты, две огромные кипчакские армии забили в барабаны, закричали «Ур - рах» (Аруақ) и начали сражение под звуки огромных военных духовных труб

Бұл ғаламат майданды араб саяхатшысы Ибн Баттута өзінің жазбаларында былай сипаттайды: «...армии бросились друг на друга и шкура людей ощетинилась, покрытая оперением стрел и брови вождей и головы военачальников согнулись в увлечении войной и кинулись вперед и пыль была густой и стала черной, и вожди и простые солдаты одинаково погрузились в море крови...». Кезінде Шыңғыс хан армиясы мұхиттай керілген Қытайды бағындырғанда немесе Алтын Орда қағанаты Поволжьелік Булгар мен Кавказды, Русь пен Шығыс Еуропаны жаулағанда, дәп осындай ат үстіндегі қалың әскер қатысқан, кескілескен қанқасап соғыс бола қоймаған шығар. Қос империяның билікке тайталасқан және екі жақтың орасан зор күшпен қақтығысын, сол заманның жылнамашылары, саяхатшылары, осы тақырыпта қалам тартқан әлем ғалымдары мен жазушылары кереметтей қылып суреттейді. («Русь и Орда» Михаил Каратеев, «Бремя Власти» Дмитрий Балашов) Болып өткен соғыс Еділ өзенінің шығыс жағындағы Құндұз аймағында (Между Самарой и Чистополем) орын алды. Әмір Темір бұл соғыста әскерінің көпшілігін жоғалтқанымен, жорық жолдарында жинаған тәжірибесі мен шеберлігінің арқасында әупірімдеп әрең жеңіске жетті. Тоқтамыс хан Алтын Орда әскерінің аман қалғандарын жеделдете жинап, кері шегініп кетті. Орта Азиялық барыстың қарамағына қарсы жақтың сансыз тұтқындары мен олардың әйел, балалары өтіп және Мавераннахр билеушісі үлкен әскери  олжаға ие болды.

«По – видимому Тимур скорее стремился разрушить мощь Золотой Орды, чем организовать свои владения из этого государства. Он отдал территорию кипчаков в ленное владение принцев чингизского рода, которые, будучи врагами Токтамыса, вели постоянную борьбу с ним: Идеге (Едіге), Кутлук – оглану (внук Урусхана из Белой Орды) и Кунче – оглану. Этих принцев отправили с ярлыками, даровавшими им огромные привилегии в ответ на их покорность, с приказами собрать их подданных и привести обратно к Тимуру», - дейді өзінің еңбегінде Михаил Каратаев.

 «Русь и Орда» Михаил Каратеев.

Дегенмен, Алтын Орда империясы бұл жеңілісіне қарамай, әліде біраз жылдар Русь пен кәрі құрлықтың шығыс бөлігін уақытша болса да  ұстап тұрды.

Алтын Ордамен арадағы болған соғыстағы ірі жеңіс, Әмір Темірдің жиырма жылдық жорығындағы ең маңызды және түбегейлі жеңістерінің бірі деуге болады.

Бейсенғазы Ұлықбек

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053